April 24, 2021

ОН ҮШІНШІ ТАПСЫРМА

ОН ҮШІНШІ ТАПСЫРМА

📎 Дұға жасау

Тамақтанар алдында оқылатын дұға

Ей, Алла! Бізге бұл тамаққа береке бер және бізге одан жақсысын нәсіп ет.

«Аллаһуммә бәрик ләнә фиһи уә атъимнә хайрам-минһ».

Немесе, «Бисмилләһ»  (Алланың атымен ) деп айтуларыңызға болады.

📎 Истиғфар айту

Истиғфар дегеніміз – жасаған күнә мен қателіктері үшін Алла Тағаладан кешірім сұрау.

Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) “сәййдил истиғфар” (истиғфарлардың ең көркемі) деп атаған дұғасы мынандай:

“Алла Тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын; күш қуатымның жеткенінше Сенің уәдеңе ұстануға тырысамын. Жасаған жамандықтарымның сорынан Саған сиынамын. Бойымдағы бар нығметтеріңді мойындаймын: күнәмді де мойындаймын. Мені кешір; себебі Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмас”. [Бухари, Дәават, 2].

📎 Алланың 3 көркем есімін жаттау

- "Әл-Мәжид" есімі - даңқты, абырой иесі

Абыройлы, сыйлы және ризық-несібенің мол болуы, табыс табуда қиналмау үшін "Я, Мәжид" деп 57 рет қайталайды.

- "Әл-Мажид" есімі - абырой, бедел иесі

Кімде-кім осы көркем есімді күнде 3249 мәрте қайталаса, атақ-даңқы артады, абыройлы болады.

- "Әл-Мәлик" есімі - патша, билік иесі

Кімде-кім осы есімді күнде 91 рет оқитын болса, рухани және физикалық тұрғыда күшті болады. Адамдарға сөзі өтімді, әсерлі болады.

📎 Салауат айту

Салауат айтпау – сараңдық.

Бүгінгі салауат:

- Аллоһуммә солли. «Аллоһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

📎 Кітап оқу

Біз ұсынатын кітап - "Имани гүл" кітабы. Конкурс туралы ұмытпаңыз😉

📎 Шүкіршілік жазу

Рамазанда бөлек шүкіршілік дәптерін жазып, әр шүкіріңізді жазып отырыңыз. Сіз шүкір еткен сайын Алла ризығын аямайды🤲

Марафон тапсырмаларын орындасаңыз, біздің @tegin.marafon парақшасын белгілеп кетуді ұмытпаңыз😊🤝