November 25, 2020

Үй тапсырмасы

Дизайнға келуіме не себеп болды?!

Бала күннен бастап сурет салуға, қол еңбекпен жасалатын қандайда бір дүниені түрлендіруге әуес болғаным мені дизайнға келуіме ең бірінші себеп осы болды.
Марқұм әкем де суретті жақсы салатын және оны үйретіп маған үлгі бола білді.
10 жыл бұрын студент кезде дизайнмен айналысатын жақын жандардың жанында жүріп жаныма жақсы көріп, өзімше үйрене бастадым. Алғашқы да тапсырған жұмыстарын бүлдіріп, кейін уақыт өте келе тиянақты орындауға әдет қылдым.
Кейін өз салам бойынша керек екенін біліп, қайта жандандыруға бел будым. Бұл салаға қатысы жоқ жандардың кейде жасаған жұсысыма сын айтқан кезде намыстанып қаламыз. Осы сала бойынша өзімді ары қарай дамытып, халыққа пайдалы дүние ұсынғым келеді.