August 9, 2019

АЛТЫНШЫ ТАПСЫРМА

ОЙДЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ ӘДІСІ

Жаман негативті ойлар бізге жаман эмоциялар тудырады.

Бұл әдіс сол эмоциялардан құтылуға көмектеседі

Медитативті техника болған соң тыныш жерде орындықта отырып жасаңыз.

⠀1. Орындықты арқаңызды тік ұстап отырыңыз.

2. Көзіңізді жұмып бірнеше минут терең дем алыңыз.

⠀3. Барлық назарыңыз тек дем алу процессіне бағытталу керек, сол арқылы санаңызды тынышталдырасыз.

⠀4. Әбден санаңызды тынышталдырған соң көзіңізді жұмған күйі өзіңізге елестетіңіз. Алдыңызда стол тұр.

⠀5. Анық елестетіңіз столды. Оның үстінде ақ қағаз жатқанын елестетіңіз.

⠀6. Енді ойша, өз елесіңізде орныңыздан тұрып, үстелге жақындаңыз.

⠀7. Басыңызды столға қарай шамалы еңкейтіп, қолыңызбен басыңызда, ойыңызда жүрген ақшаға қатысты жаман ойларыңызды, қорқыныш пен үрейіңізді, күмән мен уайымыңызды жаңағы ақ параққа үйіп төгіп салып жатқаныңызды елестетіңіз.

⠀8. Жаман ойлар сізге бір қоқыс па, қағаз қиқымы сияқты болып па елестеуі мүмкін.

⠀9. Әбден жинаңыз жаман ойларыңызды қағазға.

⠀10. Жинап болған соң, қағазды қолыңызға алып, әбден мыжғылаңыз. Умаждап жерге тастап өкшеңізбен езіңіз. Осының бәрін ойша жасап жатсыз, сондықтан жақсылап эмоцияңызды шығарып, қағаздағы жаман ойларыңызды аямаңыз.

⠀11. Эмоцияңыз басылған соң, көзіңізді ашып, терең дем алыңыз.

⠀12. Техниканы бірнеше рет қайталаңыз.

13. Техникадан түйген әсеріңіз жайлы инстаграмда пост жазыңыз. Постыңызды ертең сағат 20:00-ге дейін салыңыз. ​#ƏйелдерОрталығы_марафон @almaty.aielder.ortalygy​ деп белгілеуді ұмытпаңыз. Ең қызықты постқа 2000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық немесе нөміріңізге бірілік салынады.