December 7, 2023

Топ 20 Бизнес Идея Қазақстанға арналған(автор: Dastan.E) 

1) Қытаймен и Турция маркетплейстермен Тауарный бизнес

Айына шамамен табыс 750000тг

Маркетплейстерден тапсырыс беру пункттері шағын қалаларда да ашылады. Қызметтер арқылы сауданы бастау оңай, тіпті егер сізде өз өніміңіз болмаса да. AsiaSale компаниясы 2017 жылдан бастап қытай мен Түркиядағы зауыттардан тікелей жеткізіліммен айналысады. Олардың серіктесі болу жеткілікті. Осыдан кейін сізге өнімді таңдауға көмектеседі, олар оны өздері әкеледі және қажетті маркетплейстің астына қайта орайды, тіпті қаласаңыз, сіздің жеке брендіңізге сәйкес келеді. Сізде көптеген сатып алушылар болады, өйткені өз қалаңызбен шектелудің қажеті жоқ. Мұндай бизнеске инвестиция 100000тг басталады.

2) Фото-бизнес

Кез-келген дағдарыста табысынан айырылмайтын екі мамандық бар дейді: тіс дәрігері және шаштараз. Қазіргі уақытқа байланысты бұл тізімге фотографты да енгізуге болады. Қазақтың қандай тойына болмасын фотограф қажет.

Табыс: Арнайы фотосессия құны сағатына 10 000 теңгеден 100 долларға дейін тұрады. Ол фотографтың кәсібилігі мен көрсетілетін арнайы қызметтерге байланысты. Саябақтар мен демалыс орындарындағы фотографтардың табысы айына 200-500 мың теңгеден орналасқан жеріне және аудиториясына қарай 1 млн теңгеге дейін баруы мүмкін. Ал тойда суретке түсірушілер әр тойдан шамамен 20-30 мың теңге пайда көреді.

Шығын: Фотоаппарат құны орташа 180 мың теңге. Принтер – 20-30 мың теңге. Және суретті шығарып немесе көшіріп беруге парақ пен дискілер қажет. Оған айына 20-50 мың теңге кетеді.

3) Білім саласы, Курс, Ағылшынша үйрету

Қазір 3 жастан бастап балаларды мектепке дейінгі дайындықтарға жібереді. ЖОО мен мектеп ұстаздарына сұраныс тек арта түседі. Кейбір пәндер ағылшын тілінде өтетін болады. Қазақстан білім берудің үш түрлі моделіне көшеді. Сондықтан тіл үйрену, әсіресе, ағылшын тілі курстарына сұраныс көбейді. Айта кетсек, бір Алматы қаласында үш мыңға жуық білім беру орталықтары бар. Осы факторларды ескере отырып, білім беру саласындағы бизнес, әсіресе, тіл курстарын ашу жақсы табыс әкеледі деп айтуға болады.

Қандай да бір тіл курсын ашу үшін ЖК немесе ЖШС форматында тіркелу керек. ЖК (жеке кәсіпкер) формасында оқу орнын ашсаңыз, салық көлемі үш пайызды құрайды. Қажетті құжаттар мен тіркеу жұмыстарына 2-3 айдай уақыт керек. Шығын жалға алу орны мен қызметкерлер жалақысына кетеді. Тезірек жарнамаланып, тезірек клиент табу үшін университеттер мен басқа да оқу орындарына, бизнес орталықтарға жақын орналастырған тиімді.

Табыс: Оқыту топтық, жеке және корпоративтік формада жүзеге асады. Аптасына 3 сағаттан, 12 сағат сабақ өтеді. 10 адамнан 5 топ оқытылады деп алсақ, бір айда 50 оқушы білім алады. Әр сабақ құны орташа есеппен 1000 теңге болса, бір айда келетін табыс мөлшері 600 мың теңгені құрайды.

4) Сұлулық салондары

Қазақстандағы ең табысты бизнес ретінде сұлулық салоны мен шаштараз қызметтерін де ұсынуға болады. Жұмысты кәсіби, тыңғылықты жүргізу мен жақсы маркетинг болса, бір жыл немесе одан да аз уақытта инвестиция шығынын толық өтеуге болады.

Осыдан біраз уақыт бұрын тәжірибелі шаштаразшы Сәуле Утебаевадан сұхбат алған едік. Оның айтуынша, қазір Алматыдағы сән салондары арасында бәсекелестік жоғары. Бірақ өз ісіңді жақсы білсең бәсеке аса қорқынышты емес. Бұл салада ең бастысы – клиент таңдау. Салонды жынысы мен қандай топ өкілдеріне жұмыс істейтініңізге қарай бизнес-орталықтарының жанына немесе көпқабатты тұрғын үй кешендерінің маңайына орналастырған жөн. Тұрғындар көп ықшам аудандарда орналассаңыз, бәсекелестікке аса бас ауыртудың қажеті жоқ. Клиенттер барлығына жетеді.Сән салондарына экономикалық өзгерістерден келетін зиян жоқ. Себебі кез-келген тұрғын үшін шаштараз бен визажисттің қызметі қай уақытта болмасын қажет.

Табыс: Сұлулық салоны шаш үлгісінің қиындығы мен жылдамдығына байланысты күніне 10-20 клиент қабылдайды. Ұсынған қызметтің сапасына байланысты ай сайын тұрақты тұтынушылары болады. Шаштараздың жалақысы 2 түрлі болады: тұрақты немесе келісілген. Бірақ көпшілігі екінші нұсқа бойынша жұмыс істейді. Әрбір клиент табысының белгілі бір пайызын алып отырады. Яғни қаншалықты көп жұмыс істесе, көп табыс табады. Графигі тұрақсыз.

Кәсібін жаңа бастағандар кем дегенде айына, 200-300 доллар жалақы алады. Ал екі жылдан артық тәжірибесі бар кәсіби мамандар орташа есеппен 1000 доллардан артық табыс табады

Шығын: Жалпы шаштараз ашуға шамамен 4-5 мың доллар аралығында қаржы қажет. Оның ішінде қажетті құрал-жабдықды сатып алу үшін 3-4 мың доллар кетеді. Ал жалға алған орынға айына 600-800 доллар бөлінеді

5) Ломбард

Мұндай қызметтер үнемі сұранысқа ие және қазіргі уақытта танымал. Кез-келген құнды заттарды немесе техниканы кепіл ретінде қабылдап, қарыз беру арқылы, үстіне пайыз қосу арқылы пайда көруге болады. Сонымен қатар, табысты көбейтіп, жалға алу шығынын өтеу үшін сол ғимараттың ішінде, ксерокс немесе кеңсе тауарларын сататын қызметтерді де ашуға болады. Жалпы ломбард жүйесі қандай және операциялар қалай жүзеге асады? Бұл туралы біз бірнеше қала ломбардтарына барып зерттеп көрген едік.

Табыс: Біз сұрастырған ломбард иелерінің сөзінше, күніне шамамен 40-50 адамға қызмет көрсетіледі. Қарыз бір айға рәсімделеді. Пайыздық мөлшерлеме сомасына байланысты күніне 0,36-0,4 пайыз, егер уақытынан кешіксе бір пайызға өседі. Кепіл ретінде бұйрықта көрсетілген техникалар (ұялы телефон, фотоаппарат, ноутбук т.б.) және алтын мен күміс қабылданады. Алтын мен күміс бағасы Лондон биржасына тәуелді. Ал техника құны оның жағдайы мен құндылығына байланысты. Қарызға техниканың нарықтағы бағасының 10 пайызын қосады. Әрине, бизнестің қанша табыс әкелетіні ломбардтың орналасқан орнына және сұранысқа байланысты.

Шығын: Жалпы ломбард ашу үшін өтініш білдіріп, қажетті құжаттарды толтырғаннан кейін, тіркелу үшін 6,5 АЕК төленуі тиіс. Ал алғашқы жарғылық капитал сомасы 100 АЕК құрайды. Ғимаратты қала шетіндегі аудандардан жалға алу құны — ең аз дегенде 100-300 мың теңге. Ал қала орталығынан ғимаратты жалға алу құны орта есеппен 300 мың теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін барады.

6) Жалға беру

Соңғы кездері жалға беру қызметі өте танымал. Кез-келген қымбат затты жалға беруге болады. Мысалы: киім, бижутерия мен аксессуарлар, мерекелік костюмдер, қымбат, оригинал автокөліктер т.с.с. қазір сұранысқа ие барлық заттар.

Қазіргі уақытта қымбат автокөліктерді жалға беру кәсібі қарқынды дамып жатыр. Әсіресе жаз уақытында тойлар мен мерекелерде ерекше көліктерге сұраныс арта түседі. Автобизнес жоспары қарапайым. Қажетті инвестиция салып, көліктерді сатып аласыз. Кейіннен белгіленген баға бойынша жалға бересіз.Табыс: BMW X5 автокөлігін жалға беру құны сағатына 8000 теңге болса, тәулігіне 110 мың теңге. Mercedes Gelandewagen көлігін сағатына 15 000, ал күніне 150 мың теңгеге жалға ала аласыз.

Алматыдағы ең қымбат автокөлік — Rolls-Royce Ghost. Тәулігіне берілмейді, бір сағатқа жалға алу құны – 65 мың теңге. Тағы бір қымбат автокөліктердің бірі — Mercedes Benz S 222 көлігін жалға алу сағатына 50 мың теңге, ал тәулігіне 450-500 мың теңге.

Шығын: Авткөлік сатып алуға кетеді. Мысалы, 2017 жылғы BMW X5 көлігі автосалондарда 17 млн теңге тұрады. Ал Mercedes Gelandewagen көлігінің пайдаланылған нұсқаларының өзі 65 млн теңгені құрайды.

7) Сол сияқты пәтерді де жалға беруге болады

Табыс: Сағатына 1000-1500 теңге, тәулігіне 6000 теңге. Бұл ең минималды сома. Сонда бір айда кемінде 200 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін табыс табуға мүмкіндік бар.

Шығын: Егер өз пәтеріңіз болса, шамамен 15-20 мың теңге коммуналды қызметтерді төлеуге және басқа да ұсақ түйек шығындарға кетеді. Одан бөлек, орташа есеппен 60-70 мыңға жалға алсаңыз да болады.

8) Қоғамдық дәретханалар

Блогерлердің зерттеуі бойынша, қоғамдық дәретханалар ең табысты кәсіп екен. Вокзалдағы тазалық сақтау орнының жұмысын бақылай отырып, төмендегідей қорытынды жасады:

Табыс: Қызмет құны – 60 теңге, 3 минутта 5 адамнан келсе 300 теңге болады. Сағатына 6 мың, ал тәулігіне 48 мың теңгеге жуық табыс табады. Сонда дәретхана бизнесінен айына – 1 млн-ға жуық (нақты 960 мың теңге) табыс түседі. Бизнестің өзін-өзі ақтауына кепілдік берілген.

Шығын: Жалға алу құны 100-150 мың теңге. Одан бөлек дәретхана қағаздары мен т.с.с. шығындар бар.

9) Жерлеу Қызметтері

Жерлеу агенттіктері барлық уақытта да қажетті қызмет түрі. Бұл дәстүр ерте ме, кеш пе барлығына қажет болады. Осы тұрғыда мұсылмандар мен христиандардың жерлеу рәсіміндегі баға айырмашылықтарын ұсынамыз.

Табыс: Христиандар үшін жерлеуге қажетті ең басты нәрсе — табыт. Ағаштан жасалған қарапайым табыттар бағасы 15-35 мың теңге болса, элиталы табыттар құны 100-200 мың теңге аралығында. Арнайы шіркеулік жинақтар 2500 теңге тұрады. Кресттер 15-50 мың теңге аралығында болса, зиратты қоршау құны 8000 теңгеден 50 мың теңгеге дейін. Катафалк жалдау бағасы 28 мың теңге, ал қызметкерлер ақысы мәйітханаға жеткізу үшін әр адамға (2 адам) 4000 теңге, жерлеу үшін 8 мың теңге болады. Мәйітті сақтау күніне 7000 теңге, жуындыру және киіндіру 8000-12000 теңге, жер қазу 25-30 мың теңге.

Мұсылмандардың жерлеу рәсімі. Жер қазу — 35000 теңге. Мәйітті шығаруға ұсынылатын табыт — 5000 теңге. Кебін бағасы 7000-8000 теңге. Катафалк жалдау 25 мың — 58 мың теңге аралығында. Мәйітті жуындыру — 25 мың теңге. Мазар тақталары 18-28 мың теңге. Ескерткіш 80 мың мен 150 мың теңге аралығында. Сонымен қатар мәйітті бр қаладан екінші бір қалаға жеткізу қызметтері де ұсынылады. Оның бағасы, мысалы, Қостанайдан Челябинскке жеткізу 300 мың теңге болса, Алматыдан Мәскеуге жеткізу құны 950 мың теңгені құрайды.

Жалпы алғанда, мұсылмандардың ең қарапайым жерлеу рәсімін өткізу 300 мың теңгеге дейін жетеді екен. Ал ең қымбат luxury жерлеу рәсімі 10 мың долларға дейін барады.

Шығын: Өте үлкен кеңістікті жалға алу керек болады. Себебі, ғимарат ішінде жеке офис, табытттар тұратын, ескерткіш тақталар тұратын орын, мәйітхана мен қойма болу қажет. Жалға алу құны орналасқан жері мен ауданына қарай 200-500 мың теңге көлемінде. Табыттар мен ескерткіштерді жасауға қажетті құрылыс материалдарының шығыны бар. Сонымен қатар, мәйітке қажетті кремдер мен бальзамдар, т.б. қажет.

10) Ақпараттық Бизнес

Қазір интернет арқылы пайдалы кеңес пен қажетті ақпараты бар контент жасай отырып та, ақша табуға болады. Бизнестің бұл түрі жан-жақты жүргізіледі. Мысалы: тренингтер, семинарлар мен курстар өткізу; көпшілікті қызықтыра алатындай YouTube-канал ашу; танымдық, ақпараттық немесе кәсіптік сайт ашу; Instagram-парақшасында қызық блог жүргізу; жарнама қызметі. Бұл бизнес көп қаражатты қажет етпейді. Тек біліміңіз бен идеяңыз маңызды роль атқарады. Идеяңыз пайдалы болса, кәсібіңіз де нәтижелі болады.

11) Интернет-дүкен

Адамдардың көбі сыртқа шығып жүргеннен гөрі қалаған тауарын интернет арқылы алғанды жөн көреді. Интернет-дүкен ашатын болсаңыз, сізге тауар сататын орын немесе дүкен қажет болмайды. Үйіңізде отырып-ақ, кәсібіңізді жүргізесіз. Тек сатылымдағы тауардың жарнамасы жақсы жүргізілуі керек және интернет-дүкенде тауарларыңызды сақтайтын қойма қажет. Сонымен қатар саудаланатын тауардың сапасы мен нарықтағы бағасына да ұдайы мән беру қажет.

12) Салауатты өмір салтын насихаттауға негізделген бизнес

Салауатты өмір салтын насихаттауға негізделген бизнес – тұрақты және нақты табыс әкелетін жаңа кәсіп түрі. Бұл кәсіп күнделікті жүргізіліп отырады. Мысалы: адамның жүрген қадамы мен жоғалтқан калорияларын есептеуге арналған құралдарды сату; спортшыларға арналған тамақ өнімдерін дайындау; арнайы мәзірдегі диеталық тағамдарды жұмыс орнына жеткізу; арнайы коктейльдерді дайындау және сату; салауатты өмір салты бойынша дәрістер өткізу. Клиенттің физикалық пішінін ескере отырып, жеке тамақтану бағдарламаларын жасау (салмақ тастау немесе салмақ қосу). фитнес-зал ашу; фитнес-жаттықтырушы болу.

13) Көкөністер мен жемістер дүкені

Айына шамамен табыс: 200к мен 400мын арасында.

Артықшылықтары: Клиенттердің үлкен ағыны, Бірнеше шаршы алаңда ашуға болады, Налог аз болуы.

Кемшіліктері: Тиімді орынды алу қиындықтары: Жемістер мен көкөністер үнемі жоғары сұранысқа ие күнделікті тұтыну өнімдеріне жатады. Көптеген бәсекелестер болса да, жаңа жеміс-көкөніс дүкенінің табысқа жету мүмкіндігі жоғары болады. Мұндағы ең бастысы - көптеген әлеуетті сатып алушылармен тиімді орын алу. Ең дұрысы көп қабатты тұрғын үйлердің жанында , жатын бөлмелері деп аталатын жерлерде орналасқан. Жақсы нұсқалар-нарықтар, қоғамдық көлік аялдамаларының, айырбастардың, ірі сауда аймақтарының жақындығы.

14) Чат-боттарды әзірлеу және енгізу

Клиенттермен байланысу үшін боттарды қазір тек ірі it-компаниялар ғана пайдаланбайды. Бұл адалдық пен конверсияның жалпы деңгейін арттыратын ыңғайлы құрал. Әр түрлі міндеттерге және әр түрлі деңгейдегі компанияларға қызмет етеді. Сондықтан сіз қай жерде тұрсаңыз да, одан ақша табуға болады және қажет. Жұмыс қашықтан жүргізіледі. Жаңадан бастаушының басты проблемасы-мұндай бизнесті техникалық базасыз және білімсіз бастау қиын. Сондықтан франчайзингтік серіктестікті қарастыруды ұсынамыз. Мысалы, Twin компаниясы чат-боттарды әзірлеумен айналысады. Және бұл үшін дайын функционалдылықты береді. Бизнес жаңадан бастаушыларға жарайды. Бұл үлкен шығындарды қажет етпейді-басында 3млн тг инвестиция. Орташа пайда-900мың тг.

15) Парикмахерская – барбершоп

Артықшылықтары:

Бірінші қажеттілік" қызметтер сериясынан Бизнес: Төмен инвестициялар: Сапалы жұмыс кезінде тұрақты клиенттер:Профильді кеңейту және басқа сұлулық қызметтерін ұсыну мүмкіндігі:

Кемшіліктері: Бизнес кірістілігінің таңдалған орынға қатты тәуелділігі: Қолайсыз жұмыс жағдайларына байланысты қызметкерлердің ауысу қаупі. Шағын қалаларда эконом-класс шаштараздары ең көп сұранысқа ие. Мұндай шаштараздарды ашқан кезде, әдетте, жөндеуге, дизайнға және жарнамаға көп ақша салудың қажеті жоқ.Мұндай шаштараздарда қарапайым шаштараз 2млн тг құрайды. 4 жұмыс орнына және шамамен 40 шаршы алаңға арналған шаштаразды іске қосу үшін сізге шамамен 2,5млн тг қажет (жалақы мен жалдау резервін ескере отырып), оның 250 мыңға жуығы барлық қажетті жабдықтар мен жиһаздарды сатып алуға кетеді.

16) Автошкола

Айына шамамен табыс: 900мың немесе 1,8млн тг

Артықшылықтары:

Сапалы оқытуға жоғары сұраныс: Жалға алу және жалға беру арқылы ақша табу мүмкіндігі (егер сіздікі болса)

Кемшіліктері:

Инвестициялардың жоғары деңгейі:Кәсіби кадрларды іріктеудегі қиындықтар:Үлкен құжат айналымы:

Тәжірибесі мол жұмыс істеп тұрған мектептермен бәсекелестік.Әрбір екінші Қазақстандық отбасында кем дегенде бір көлік бар, ал көлік жүргізуді үйренгісі келетіндер әрқашан жеткілікті.Осыған байланысты автокөлікпен жүруді үйрету қызметтері әрқашан өзекті болып табылады.

Автомектептер стандартты сабақтар арқылы ғана емес, автокөліктерді жалға беру, жеке және қымбат сабақтар өткізу арқылы да ақша таба алады.Сонымен қатар, автомектепті жаңадан бастаушылар үшін жақсы нұсқа деп атауға болмайтынын атап өткен жөн.Ашу үшін лицензия қажет, Үй-жайлар мен оқу сыныптарын жабдықтауға көптеген талаптар қойылады, тәжірибелі нұсқаушыларды таңдау керек, жабдыққа, автомобильдерге көп ақша жұмсау керек, бәсекелестерді айналып өту үшін жарнамаға ақша салу керек.Сондай-ақ, шағын қалалар нарығы бұрыннан қалыптасқан ережелерге сәйкес жұмыс істеп келе жатқандығына тап болуыңыз мүмкін, ал жаңадан бастаушы үшін ешкім қуанбайды, тіпті дөңгелектерге таяқтар қояды. Сондықтан, бұл бизнесте күшті іскерлік қабілеті мен энергиясы бар адамдар шынымен де жетістікке жете алады. Бұл қиын бизнеске кіруді жеңілдете

17) Тазалау компаниясы

Айына шамамен табыс 1,5млн тг

клинингтің қызметшілері жеке тұлғаларға (және тек ірі қалаларда ғана емес) және бизнеске, сауда орталықтарына, БО-ға, бизнес-орталықтарға, дүкендерге, салондарға және т.б. тапсырыс береді. Бірақ бұл өздігінен пайда әкелмейді. Бұл бизнесте жақсы табысқа жету үшін сізге қызметтердің сапасы, жылдам, ыңғайлы қызмет және сауатты маркетинг қажет, соның арқасында клиенттерді сіз жұмыс істейтін қаланың көлеміне қарамастан табуға болады.. Кәсіпкерлік тәжірибесі жоқ адамдармен де жұмыс істейді. 4 миллион тг дейін инвестиция. Ал таза пайда-орташа есеппен 1,5 млн тг

18) Таза су машиналарын орнату

Айына шамамен табыс 500мын тг

Таза ауыз суы бар автоматтарды 5 мың адамнан тұратын қалаларда орнатуға болады. Бұл өнім сұранысқа ие, су құбырында ақаулар болмаса да, суға деген сұраныс әрқашан бар. Сонымен қатар, бұл табыстың пассивті түрі, өйткені су машинасына техникалық қызмет көрсету көп уақытты қажет етпейді. Идеядан бизнес жасау үшін, ең болмағанда, машиналарды қайдан алу керектігін, оларға қалай қызмет көрсету керектігін және ықтимал бәсекелестерді бағалай отырып, өз қалаңызға дұрыс баға саясатын жасауды білу қажет. Мұны жалғыз жасау қиын. Сондықтан "таза су" компаниясының франшизасын қарастыруды ұсынамыз. Компания 2019 жылдан бастап су машиналарын орнатумен айналысады, ал желіде 17 қала бар. Серіктес франшиза бойынша вандалға қарсы жүйесі және сенсорлық басқаруы бар дайын жаңа жабдықты, орынды таңдауда және жалға берушілермен келіссөздерде кезең-кезеңімен көмек алады. Орташа алғанда, екі машинадан 470 мың тг пайда шығады. Бастау үшін сізге 4,7млн тг қажет.

19) Тәулік бойы жұмыс істейтін алкомаркет

Айына шамамен табыс 1,5млн тг

Идея барлық жағынан шағын қалалар үшін қолайлы. Мұндай бизнесті нөлден бастау қиын, әсіресе дүкен 24/7 жұмыс істеуі үшін заңнаманы мүмкіндігінше түсіну керек екенін ескере отырып. Сондықтан, егер сіз алкогольді және онымен байланысты тауарларды тәулік бойы сатудан 1,5 млн тг ақша табу идеясын қызықтыратын болсаңыз, "24 градус"компаниясына хабарласуды ұсынамыз. Фирма 9 жыл бойы әртүрлі қалаларда брендтік нүктелер ашты. Қазір желі 150 дүкенді құрайды. Ал серіктестерге техникалық, бухгалтерлік, заңгерлік қолдау көрсетеді, нұсқаулар береді, оқытады және бағыттайды. Соның ішінде жеткізушілерді таңдауға көмектеседі және кез-келген кәсіпкер үшін маңызды логистиканы қалыптастырады. Бастау үшін сізге 4,5млн тг қажет.

20) Аяқ киімді жөндеу

Айына шамамен табыс: 300мын мен 700мын

Ашуға шағын инвестициялар; Үлкен бөлме қажет емес-бірнеше шаршы жеткілікті болуы мүмкін; Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде жалғыз жұмыс істеуге болады. Аяқ киімді жөндеу қызметтері-бұл жылдар бойы дәлелденген бизнес-идея. Сіздің шағын шеберханаңызды бірнеше шаршыда ашуға болады, ал бастау үшін 700мың тг жеткілікті болуы мүмкін. Дағдарыстарда аяқ киімді жөндеу қызметтерінің өзектілігі қарапайым түсіндіріледі-сатып алушының жаңа затқа ақшасы болмаған кезде және оны Гогольдің "пальто" кейіпкері ретінде ұзақ және жоспарлы түрде кейінге қалдыру керек болған кезде, ол көбінесе ескісін жөндеу туралы ойлайды(автор e.dastan couch)