March 17, 2023

Фреймиң: Характеризация мен контекстуализация 

Шекарасыз соғысып жүргендер үшін

Бүгінгі тақырып фреймиң жайлы немесе оны дебатта басқаша алаң деп те айтып жатады. Трениң 3 бөлімнен тұрады:

  • Фреймиң жасау не үшін керек?
  • Қалай характеризация мен контекстуализация фрейм құралына айнала алады?
  • Характеризация мен контекстуализация жасау жолдары

Ендеше, уақыт созбай "кеттік,поехали, лет с гоу"

Фреймиң дегеніміз не?

Фреймиң дегеніміз - алаң құру. Ал фрейм деп сол алаңды айтады. Пікірсайыс алаңын. Фреймиң қандай әлемде ойнап жатқаныңызды нақтылап алу үшін қолданылады. Мен көрген көп жас спикерлер дайындық уақытында бірден өз позицияларына аргумент ойлап бастайды, сөздерін бастағанда бұл қарарды қабылдауға/қабылдамауға себеп болатын аргументтерді айтып, олардың салдарын көрсетіп жатады. Бұл оларға әрине жеміс беретін шығар. Бірақ, бұл жоғары деңгейдегі ойын деп айта алмаймын. Аналогияда бұл фундаменті жоқ үй секілді. Сен оны қаншалықты мықты құралдармен сала бер, егер оның негізі әлсіз болса ол қатты дауылда бірінші болып құлап қалады. Басқаша айтқанда олар "шекарасыз соғыста" жүр. Қарсыласқа да, төрешіге де, тіпті оның өзіне де не нәрсе үшін соғысып жатқандығы белгісіз. Сондықтан да жақсы ойын үшін фрейм маңызды. Сонымен, фрейм қай кезде керек болуы мүмкін:

  • Премьер-министр болғанда. Сіздің басты миссияңыз жай ғана аргумент айту емес, ойынды ашып беру, ойынға әділетті алаң құру, сол алаңның ойын соңына дейін мықты болуын қадағалау. Егер алаңызды әлсіз құрар болсаңыз, онда қалған үстелдердің тепкісіне қалып кетуіңіз мүмкін. Егер сәтті пайдалансаңыз, ол сіздің мықты қаруыңызға айналады,себебі сіз құрған ережемен ойнау ең алдымен сізге ыңғайлы болатыны сөзсіз.
  • Контексті қарарларда. БП дамушы елдерде.... , БП Африка мемлекеттері, БП атеист ретінде..... дейтін типтегі қарарлар өте көп. Осындай қарарларда сіз шыға салып, Африка мемлекеттерінің қай одақпен жақсы араласуы керек деп бірден аргументтен бастасаңыз төрешіге түсініксіз болып қалуы мүмкін. Төреші сіздің аргументті дәптеріне жазып жатып, миында өте көп сұрақтар қойып жатады: неге именно сол одақпен? неге оны жасауға Африка мемлекеттері мүдделі? неге олардың экономикасына көмектесетін басқа жолдары жоқ? деген секілді сұрақтар оның басында қалып кете береді және ол адам үшін сіздің аргументіңіз толық түсінікті емес. Себебі төреші тек орташа ақылды адам ғана, ол сіз үшін өз миында контекс жасап алуға міндетті емес. Осы кезде сіздер өз аргументтеріңіздің подошвасын жасап алып барып, аргументті айтсаңыз ол төрешінің көптеген түсініспеушіліктерінен сақтайды.
  • Ситуациялық қарарларда немесе мүлдем түсініксіз қарарларда. Бұл да екінші пункт сияқты жұмыс жасайды. Айырмашылығы контексті қарарларда төреші кішкене болсын контекс туралы көзқарасы болса, ситуациялық қарарларда олар не болатынын өздері де білмейді. Осы кезде көбіне бөлмені мықты фрейм құрған команда жеңеді. Мысалға Көшпенділер көкжиегінің 2 раунд қарары . Оппозиция карантиндік зонада қалуды таңдауы керек. Мен осы қарарда, ойнаған сәтте фреймді өзіме ыңғайлы етіп ашып алу маңызды болды. Себебі үкімет тараптары диктатураның қаншалықты жаман екенін және ол қаншалықты адам құқығын шектейтінін айтатыны туралы алдын-ала білдім. Сөйтіп алаңды осы адам үшін дәп қазір не нәрсе маңызды: қауіпсіздік пе, әлде таңдау құқығының болуы ма деп ашып, ары қарай контекс сипаттау арқылы карантиндік зонада қалмаса оның өміріне қаншалықты қауіп төнетінін түсіндірдім.
  • Және соңында сіз фреймді кеңейту ретінде пайдалана аласыз. Мысалға, сіздің ашушыңыз жоғарыда айтқандай бірден аргументтерден бастап жатса немесе дұрыс емес алаң ашса, сіз осы сәтті пайдаланып, ойынға жаңа алаң енгізу не алаңды детальді толық түсіндіру арқылы жеңіп кете аласыз.

Маңызды момент: Фрейм қандай болуы керек

  • Ең алдымен фрейм әділетті болу керек. Иә ,әрине ойын оңай болуы үшін сіз фреймді өзіңізге қарай бұра аласыз, алайда тым қатты бұруға болмайды. Олай болса қарсылас команда сіздің фрейммен ойнамай қоюға жақсы себептер алады және оның ашатын әлемінде сіздің аргументтеріңіз жақсы болмауы мүмкін.
  • Фрейм сізге ыңғайлы болуы керек. Тым әділетті фрейм құраймын деп те өзіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдырмаңыз. Контекстерде өте көп деталь болуы мүмкін, дұрыс пайдаланыңыз
  • Фрейм толық ашылған болуы тиіс. Өзіңізге қажетті контексті сипаттаңыз. Осы тұста басқа төреші уже білетін контекстермен (тот же Қазақстан) салыстырып, басты айырмашылықтарын нұсқап көрсетіңіз. Өзіңізге қажетті маңызды акторлар болса оларға характеризация беріп өтсеңіз болады.

Фрейм құру жолдары

  1. Ойында не айтылуы керектігін көрсету арқылы фрейм. Өте қарапайым әрі өте эффективті фрейм құру әдісі. Ойыншы алаңға шығып: "осы ойынды жеңу үшін үкімет үстелдері мына дүниелерді түсіндіруі керек" деп басталатын немесе "бұл дебатта мына клэш маңызды" деп басталатын ойындар. Сіз осы арқылы тек қана төрешіге қазір не айтатыныңызды нақтылап беріп қана қоймай, еще ойынға ереже орнатып, ойынға қатысы жоқ кейбір қарсылас материалын оған қарсылық келтірмей жатып ойыннан алып тастайсыз. Бастысы ойындағы ең маңызды клэшті табу және оның осы ойын төңірегінде неге маңызды екенін көрсету
  2. Характеризация не контекстуализация жасау арқылы. Ойындағы басты клэшті табудың өзі жеңіс бермеуі мүмкін. Сол кезде осы екі құралды көмекші ретінде қолданасыз. Контекстуализация арқылы қарар қабылданғалы жатқан әлемге обзор жасайсыз, оның осал тұстарын/проблемаларын көрсетесіз(назар аударыңыз: біз сол проблеманы шешу жолдарын ұсынып жатқан жоқпыз, оны сіз аргумент бөлімінде ұсынасыз). Және де характеризация арқылы сол проблемный әлемде қиналып жүрген акторларға анализ жасай аласыз.

Соңғы екеуіне кстати көбірек тоқталайық.

Контекстуализация мен характеризацияны қалай жасау керек:

Ең алдымен, контекстуализацияға тоқталайық. Анықтамасын жазбаймын, ибо ол слишком нудно и это нафиг вам не нужно. Только қысқаша айтқанда бұл болып жатқан әлемді сипаттау. Оны жасау үшін мына сұрақтарға жауап іздеу керек:

  1. Қарар қандай елде/әлемде орын алып жатыр?
  2. Қарар қандай проблема төңірегінде?

а) саяси проблема төңірегінде

ә) социальды проблема төңірегінде

б) экономикалық проблема төңірегінде

в) өзге де проблемалар

Егер қарар саяси проблема төңірегінде болса:

  • Бұл қандай мемлекет? Демократиялық па? Авторитарлы ма? Тотаритарлы ма? Или может монархиялық па?
  • Билік басы қаншалықты жиі ауысады? Сайлаулар қаншалықты рөл ойнайды? Оппозиционер топтардың әлеуеті қандай?
  • Билік өз билігін қаншалықты орынды қолданады? Егер жаман билік болса, оны құлатуға халықтың шамасы жете ме? Билік басы мемлекетте қаншалық авторитетке ие?

Егер социальды проблема төңірегінде болса:

  • Қоғамның мәдени-этникалық көзқарасы қалай қалыптасқан? Діни көзқарастары ше? Қоғамдық стандартты ше? Таптаурындары қандай?
  • Қоғамның көптеген бөлігі либералдар ма әлде олар консервативті көзқараста ойлайды ма?

Егер экономикалық проблема төңірегінде болса:

  • Бұл қандай мемлекет дамушы ма? Дамыған ба? Үшінші әлем мемлекеті ме?
  • Бұл елдің экономикасы қаншалықты диверсификацияланған? Қай сала көбірек басымдық алады?
  • Басымдық алмайтын секторларға назар қаншалықты бөлінген?
  • Кедейшілік, жұмыссыздық, кедей-бай тап аралық айырмашылық көрсеткіштері қандай?

Міне осындай типтес сұрақтарға жауап беру арқылы контекстуализация жасай аласыз. Мұнда полный сұрақ емес, сіз өзіңіз қосымша сұрақ қосасыз, кейде бір сұраққа жауап беріп жатып, басқа сұрақ пайда болады. Ең бастысы, сіз осы сұрақтар арқылы әлемді толық сипаттай алсаңыз болды.

Контекстуализацияға қатысты "Мен қайдамын" деген воркшоп жасасаңыз болады. Бірнеше аймақтарды достарыңызбен бөліп алып, олар туралы мәлімет жинап, кейін "мен қайдамын" деп бір-біріңізге сұрақ қою арқылы бір-біріңізге алынған аймақтар туралы сипаттап берсеңіз болады.

Енді характеризацияға тоқталайық. Бұл акторлар анализіне ұқсас. Бұл жерде сіздер жаңағы сипаттап шыққан әлеміңізде қазір өмір сүріп жатқан адамдарды сипаттайсыз. Жақсырақ болуы үшін өзіңізді сол адам орнына қоюға болады. Және мына сұрақтарға жауап бересіз:

  • Мен кіммін? Менің мақсат-мүдделерім қандай? Мен сияқты адамдар тобы бар ма? Олардың қызығушылықтары неде?
  • Мен қалай қиналып жатырмын? Неге ол болып жатыр? Қиналысты азайтуыма не кедергі?
  • Менің қаншалықты мүмкіндіктерім шектелген? Мен сияқты адамдар тобы қаншалықты әлеуетті? Біздің өз мүддемізді іске асыруға қаншалықты қауқарымыз жетеді?(финанстық, авторитеттік тұрғыда) Кімдерден біз көмек сұрай аламыз?
  • Неге менің проблемаларымды шешу дәп қазір мемлекеттің мүддесінде/мүддесінде емес?

Осы сұрақтар арқылы сіз характеризацияны да толық бере аласыз. Барынша толық әрі шынайы беруге тырысыңыз. Адамыңызды өте бейшара не өте құдіретті қылып қоймаңыз. Мүмкіндіктерін адекватты бағалаңыз.

Осыларды жасап үйренсеңіз сіздің аргументіңіздің фундаменті берік деп ойлай берсеңіз болады. Иә байқасаңыз біз осы жолы ешқандай аргумент талқыламадық , неге себебі біз айтқан дүниелер аргумент емес. Бірақ бұл заттың кейсте болуы аргументті күшейтетіні сөзсіз. Өз басым кей раундтарда 4,5 минут фрейминг түсіндіріп ең соңында ғана осындай "проблематичный" әлемде осылай "қиналып жүрген" адамға тек біздің қарар ғана көмектесе алатынын түсіндіріп бірнеше румды жеңгенмін. Иә бұл нудно, иә бұл қызық емес, иә бұл күрделі, но и здесь мы не для того чтобы искать легкий путь. Соңында, осы посттан соң керемет фрейм жасап кетпесеңде тырысып көр. Астына фреймиң жайлы бірнеше трениң қалдырып кетемін. Соларды көр. Ал бүгінше осымен бітті.

https://youtu.be/hFl3v8dcYoA
https://youtu.be/IRR0-iQuy7U
https://www.youtube.com/live/RN8F248UDo4?feature=share
https://www.youtube.com/live/zXmp2PgDV4o?feature=share