April 9, 2023

Халықаралық ұйымдар: Экономика&Сот

Халықаралық қатынастар жайлы қарарларда тупить етіп қалатындарға арналған

Бүгінгі блогта біз дебаттарда жиі кездесе бермесе де, бірақ ара-тұра келетін халықаралық институттар туралы айтатын боламыз. Кейбірде бұл ұйымдардың қызығушылықтары,міндеттемелері, мүдделері жекелей қарар болып келеді, сонымен қатар сіз бұларды басқа да халықаралық қатынастарда өз аргументтеріңізді түсіндіруде пайдалансаңыз болады.

Сонымен халықаралық ұйымдар дегеніміз не? Және олар не себептен құрылды?

Халықаралық ұйым деп жалпы проблемаларды бірлесіп шешу үшін ерікті негізде құрылған және жарғы шеңберінде жұмыс істейтін құрылымдық нысанды айтуға болады. Халықаралық ұйымдар не себептермен құрылуы мүмкін:

  • Халықтардың бейбітшілік пен қауіпсіздікке деген құштарлық. Екінші дүниежүзілік соғыстың адамзатқа келтірген апаттарына және ядролық соғыстағы әлемдік өркениеттің негіздеріне нұқсан келтіру қаупіне жауап ретінде
  • Халықаралық қақтығыстардың өршу қаупін және олардың алдын алу мен реттеудің тиімді жүйесін құру қажеттілігін түсіну мақсатында
  • Әлемдік қоғамдастықтың халықаралық еңбек бөлінісі мен экономикалық интеграцияға, жаһандық мәселелерді шешу үшін күш-жігерді үйлестіруге қажеттілігіне байланысты
  • Отарлық жүйе ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған мемлекеттердің әлемдік саясатқа ықпалын күшейтуге деген ұмтылысы есебінен

Халықаралық ұйымдар қамтыған аймақтарының, қарастыратын саланың алуандылығына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

Қамтыған аймақтары бойынша:

  • Аймақтық ұйымдар : АСЕАН (Оңтүстік Азия елдерінің ассосациясы), ЕО (Еуропалық одақ), ОАГ (Американдық мемлекеттер ұйымы), ЛАГ (Араб мемлекеттерінің лигасы), ОАЕ (Африкалық одақ)
  • Аймақаралық ұйымдар: ОИС (Исламдық конференция ұйымы), ТМД (Тәуелсіз елдер достастығы)
  • Субаймақтық ұйымдар: Бенилюкс

Қарастыратын салалары бойынша:

  • Халықаралық экономикалық ұйымдар: Дүниежүзілік сауда ұйымы (ВТО), Халықаралық валюта қоры (МВФ) , Дүниежүзілік даму банкі (МБРР)
  • Әлемдік экономиканың жекелеген салаларындағы ұйымдар: Халықаралық атомдық энергия агенттігі (МАГАТЭ), Мұнай тасымалдаушы мемлекеттер ұйымы (ОПЕК)
  • Әскери-саяси ұйымдар: Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы (НАТО)
  • Спорттық және өнер ұйымдары: Халықаралық олимпиада комитеті (МОК), Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО)
  • Халықаралық сот ұйымдары: Халықаралық қылмыстық сот (МУС),БҰҰ Халықаралық соты, Халықаралық арбитраж
  • Эмбепап ұйымдар: Біріккен Ұлттар Ұйымы (ООН); Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ОБСЕ)

Кішігірім дисклеймер: Не туралы біз бүгін айтпаймыз:

  • НАТО,ООН, ЕС туралы бұл статьяда болмайды. Олар туралы айтылатын әңгіме көп. Сол себептен оған бөлек статья жазылады жақында.
  • Кішігірім локальды ұйымдар туралы айтылмайды. (Олар туралы да кейін бір блог шығады)

Есесіне дебаттарда жиі кездесетін халықаралық экономикалық және сот ұйымдары туралы айтамыз

Халықаралық экономикалық ұйымдар:

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ВТО)

ДСҰ-ға (Дүниежүзілік сауда ұйымы) 164 мүше ел және 23 бақылаушы ел кіреді. Көптеген елдер ДСҰ - ға әлі кіру процесінде.

ДСҰ-ның мақсаты қандай:

Біріншіден, ДСҰ елдерге сауда келісімдеріне оңай келуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ДСҰ-да сіз сауда дауы болған жағдайда келесіз: мысалы, егер елдердің бірі тарифтерді көтерсе, екіншісі онымен бірге ДСҰ-ға келеді және олардың сауда дауы сол жерде шешіледі.

ДСҰ-ға қатысты мәселелер қандай болуы мүмкін:

  • ДСҰ - дағы мүшеліктің дамушы елдерге әсері. Бұл экономикалық өсуге көмектеседі ме, әлде дамушы елдерді одан да кедейлікке итермелеп, жергілікті индустрияларды бұзады ма? Бір жағынан, ДСҰ-ға кіру дамушы елдерге сауда келісімдерін жасау мүмкіндігіне көбірек қол жеткізуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, ДСҰ дамушы елдердің контекстінде жеткілікті жұмыс істемейді. Ол тіпті кейбір елдерде еркін нарықты белсенді түрде алға тартады. Ал бұл өз кезегінде кейбір дамушы мемлекеттердің даму саясатына мүлдем сәйкес келмейтін еді.

Қарарға мысал: БП ДСҰ дамушы елдерге халықаралық саудаға зиян келтіру арқылы болсын отандық өнеркәсіпті қорғауға бағытталған саясатты енгізуге мүмкіндік беруі керек деп есептейді

  • Кей мемлекеттердің ықпалы. Барлық халықаралық институттардың проблемасы-олар елдердің келісімі негізінде әрекет етеді. Егер ел ережелерді сақтауға мүдделі болмаса, онда оларды мәжбүрлеу механизмдері бар. Бірақ егер бұл ел Америка Құрама Штаттары болса, онда жазалау мен бақылау механизмдері өте аз жұмыс жасайды. ДСҰ-ға критика ретінде "еркін нарық" принципін ұйым дамушы елдерге қатысты көбірек қолданатынын айтуға болады. Мысалы, Еуропалық Одаққа әлі де кейбір тарифтер рұқсат етілген. Бұл ЕО-да рычаг давлениелері көбірек болғандықтан болуы мүмкін. Дамушы елдерде мұндай рычагтар жоқ, сондықтан ДСҰ-ға кіре отырып, олар тарифтерді ең төменгі деңгейге дейін төмендетеді. Тағы бір мысал антидемпингтік реттеу. Оның мәні мынада: егер қандай да бір ел өз тауарының бағасын әдейі төмендетсе, бұл ұзақ мерзімді перспективада кейбір компаниялардың бәсекелестікке төтеп бермей жоғалып кетуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан ДСҰ-да антидемпингтік реттеу бар. Бірақ, мысалы, Еуропалық Одақ бұл реттеуді дамушы елдердің арзан тауарларымен күресу үшін қолданады.

Қарарға мысал: БП ДСҰ дамушы елдерге дамыған елдерден импортқа тарифтер енгізуге рұқсат беруі керек деп есептейді

  • Интеллектуальды жеке меншікті қорғау туралы заңның мүшеліктегі елдердің дамуындағы әсері. Авторлық құқық, патент туралы заңдар жаңалықтардың дамушы мемлекетте жылдам қолданысқа енуін тежейді. Егер сіз ДСҰ-ға қосылсаңыз, интеллектуальды жекеменшікті қорғау туралы халықаралық келісімдерді қолдауыңыз керек. Интеллектуальды жекеменшілікті қорғау туралы заңдар дамушы елдердің дамуына кедергі келтіреді. Егер сіз интеллектуальды жекеменшік объектілері (патенттер) үшін ақы төлей алмасаңыз, онда интеллектуальды жекеменшікті қорғау ережелері сіздің технологендік дамуыңызды шектейді. Әрине, жеткілікті үлкен экономикалар бұл нормаларды айналып өте алады, мысалы,қазіргі Қытай секілді. Бірақ енді ғана даму жолына түсіп жатырған елдер үшін бұл патенттік жобаларды алу қиындық тудыруы мүмкін.

Қарарға мысал: БП дамушы елдер өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге зияткерлік меншік құқығын елемеуі керек деп есептейді

  • ДСҰ әлі де бай елдерге (бұл АҚШ пен Еуропалық Одақта жиі кездеседі) ауыл шаруашылығын белсенді түрде субсидиялауға мүмкіндік береді. Ал осы уақытта дамушы елдерге бұған тыйым салады немесе олардың субсидияға ақшасы жоқ. Осының әсерінен ЕО-тың ауылшаруашылық өнімдерін өндіруі әлдеқайда "арзан" шығады және дамушы елдердің ауылшаруашылық тауарлары бәсекелесуге қабілетті емес болып қалады.
  • ДСҰ еңбек стандартты мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты регулировкалар (басқарулар) жасамайды. Соңғы уақыттағы қызу талқылаулар ДСҰ-да өзіндік еңбек және экологиялық стандарттары болуы керектігі туралы жүруде. Басты қиындық - мүшеліктегі елдердің саясатына кедергі келтіретіндігінен олардың қарсы шығуында болып тұр.

Қарарға мысал: БП ДСҰ еңбек стандарттарын енгізуі керек деп есептейді.

Халықаралық валюта қоры. Халықаралық банк және оның баламалары (МВФ)

Халықаралық валюта қоры - бұл елдер өз ақшаларын салатын қор (және олар қанша ақша салғанына пропорционалды дауыс алады). ХВҚ ДСҰ-ға қарағанда дебатта жиірек кездеседі. Бұл ұйымда 190 ел мүшелік етеді, соның ішінде АҚШ ең көп қаржы салғанына байланысты ең көп пропорциональды дауысқа ие (17%).

Бұл ұйым немен айналысады?

Ол банкроттық немесе бюджеттік төлем қабілетсіздігі қаупі бар елдерге несие береді. Басқаша айтқанда ХВҚ бұл елдердің несие беретін соңғы үміті.

Механизм қалай жұмыс жасайды?

ХВҚ-на мүше елдер өз ақшаларын осы қорға салады және салынған суммаға сай пропорциональды дауыс ала алады. Олар осы дауысты қор ақшасы қайда,кімге кетерін анықтауға арналған талқылауларда пайдалана алады. Осылай қорда біршама жинақталған қаржы банкрот болғалы тұрған төлем қабілетсіздігі бар(неплатежоспособностты) мемлекеттерге қарыз түрінде беріледі. Қаржыны алған мемлекет ХВҚ экспертті бекіткен шарттарды өз экономикаларында қолдануға міндеттеледі. Көбіне ол қатаң экономикалық саясатты ұстануға қатысты болады, бірақ мұнымен шектелмейді. Бұл шарттылық мүшеліктегі елдер өз ақшасын қайтарып ала алатынына сенімді болуы үшін қолданылады. Егер бұл шарт болмаса мемлекеттер азырақ ақша салады немесе мүшелігін мүлдем тоқтатады. Ал егер де олар азырақ ақша салса онда қорда қарызға берілетін ақша аз болады және олар банкроттық шегінде тұрған елдерге қарыз бере алмайды. Ал жоғарыда айтқандай елдер үшін ХВҚ несие беретін соңғы үміт ретінде болғандықтан олар осы соңғы инструментті қолдана алмаса өзге альтернативалары жоқтығын ескергенде өздерін банкрот деп жариялауға тура келеді. Олар әлеуметтік төлемдерді төлей алмайды, жұмыскерлерге жалақысын бере алмайды. Осы себептен көбіне қарыз алушы елдер ХВҚ ұсынған шарттарды орындауға мәжбүр болады

Енді ХВҚ-на қатысты талқыланатын мәселелерді қарастырайық:

  • Берілетін қарыздың шарттылығы. Иә шарттар маңызды болғанымен көптеген жағдайда ол мемлекеттің өз экономикасын өзі басқарудағы тәуелсіздігінен айырады. Қарапайым халық тіпті дауыс беруге бару арқылы да қатаң экономикадан бас тарта алмайды. Бұл өз кезегінде тек егемендігіне ғана нұқсан келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар экономикалық та едәуір зардаптар әкеледі. Себебі қатаң экономикалық саясат кезінде адамдар азырақ тауарлар сатып алуға және өздерін кедейлік деңгейінде көрсетуге мәжбүр болады. Бұл өз кезегінде мемлекеттің экономиканы қалыпқа келтіруге үлкен кедергісін келтіреді. Және нәтижесінде осы шарттардың кесірінен мемлекет ақшаны қайтара алмай қалуы мүмкін. Қазір осы шарттар неден тұруы керек, қатаң экономика қарыз берердегі шарт ретінде қолданылуы керек па деген сұрақтар көп талқыланып жатыр. Шарттың критиктері жоғарыдағыдай аргумент айтады. Ал шартты қолдаушылар онсыз ХВҚ тек қана қарыз алушы мемлекеттің басшыларының өзінің эффективсіз саясатын ары қарай жалғастыруға мүмкіндік береді деп ойлайды. Себебі,ондай елде орналасқан билік көбіне қатаң экономиканы өздігінен қолданбайды, бұл оларға өз билігін асыра пайдалануға және билікте ұзақ уақыт отыра алуға мүмкіндік бермейді. Қарапайым бір мысал: қатаң экономика кезінде жұмыссыздарға төленетін әлеуметтік төлемдер соммасы қысқарады. Ал егер де билік осылай жасайтын болса қарапайым халық, дауыс берушілердің көбірек бөлігі келесі жолы бұл биліктің экономикалық саясатымен келіспейтінін білдіруі мүмкін. Осы себеппен билік өзінің жұмсақтау саясатын ары қарай қолдана береді.

Осы пунктке қатысты 3 мысал :

  1. Югаславия кейсі: ХВҚ қаржыландырған бағдарламалар содан бері индустриалды секторды жоюды жалғастырды және Югославияның мемлекетін біртіндеп жойды. Қайта құрылымдау келісімдері сыртқы қарызды ұлғайтты және Югославия валютасының құнсыздануына мандат берді, бұл югославиялықтардың өмір сүру деңгейіне қатты әсер етті. 1980 жылдары ХВҚ өзінің ащы "экономикалық терапиясының" одан әрі дозаларын мезгіл-мезгілімен орындап отырды, ал Югославия экономикасы комаға баяу түсті. Өнеркәсіптік өндіріс 1990 жылға қарай 10 пайызға төмендеді.
  2. Руанда кейсі: 1989 жылы ХВҚ Руандаға үкімет фермерлік шаруашылықтарға қолдау көрсетуді тоқтатқан жағдайда (қолдау әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде АҚШ-та да қалыпты жағдай) және жергілікті валютаның құнсыздануын жүзеге асырған жағдайда 200 миллион доллар қарыз беретінін айтты. Бұл 1993-95 жылдардағы хуту мен тутси арасындағы қанды азаматтық соғыс пен қырғынға әкеліп соқтырды, онда 1,6 миллионнан астам адам қаза тапты
  3. Мексика кейсі: 1980 жылдары мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты Мексика экономикасы құлдырады. Мемлекеттік шығындардың 57% - ы сыртқы қарызды төлеуге жұмсалды. Нәтижесінде елден шамамен 45 миллиард доллар кетті. Жұмыссыздық экономикалық белсенді халықтың 40% - на жетті. ХВҚ ауқымды жекешелендіру, мемлекеттік шығындарды азайту және т. б. үшін несие бере бастады. Ел НАФТА-ға кіруге, протекционистік тарифтерді жоюға мәжбүр болды. Мексикалық жұмысшылардың табысы төмендеді. Мексикалық фермаларды қолдау жүйесі толығымен жабылды. Реформалардың нәтижесінде Мексика — жүгері алғаш өндіріп бастаған ел-оны импорттай бастады. Ал АҚШ болса өз фермерлерін қолдаудан айырған жоқ және олар Мексикаға субсидияланған жүгеріні белсенді түрде жеткізді.

Қарарға мысал: БП экономикалық дағдарыс кезінде Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және Еуропалық орталық банк (ЕОБ) сияқты жаһандық институттардың несие беруі мемлекеттік бюджеттердің қысқаруы және салық ставкалары мен ережелерінің өзгеруі сияқты осы институттар анықтаған фискалдық саясат критерийлерінің сақталуына байланысты болмауы керек деп есептейді

  • Тағы бір талқыланатын проблема - ХВҚ демократиялық емес режимдерді құрған өте нашар адамдарға несиелер береді. Ақша мемлекеттік биліктің бақылауына берілгендіктен, бұл сайлауда жеңіске жеткен адамдар сол ақшаға толық қол жеткізе алады дегенді білдіреді. Бұл әділетсіз сайлауда жеңіске жеткен адам болуы мүмкін . Сондықтан көбінесе ХВҚ-дан ақша алатын адамдар сірә демократиялық болмайды. Қазір бұл мәселеге көбірек назар аударылуда, және ХВҚ қандай да бір жолмен жауап беруге мәжбүр болып жатыр . Бірақ өткен жылдары ХВҚ Конгодағы Мобуту режиміне ақша бөлді, ол өте демократиялық емес режим, бұл ақша халыққа жетпеді, есесіне бұл режимді қолдауға көмектесті.Мәселе қарызды төлеу - режимнің ауыртпалығына емес, бүкіл ұлттың ауыртпалығына қалып отыра береді. Сондықтан, егер сіз ХВҚ ретінде ұлттың алдына белгілі бір шарттар қойып, олардың егемендігінің бір бөлігін беруге мәжбүр етсеңіз, сіз сол елде қаражаттың қайда жұмсалатынын бақылауға міндеттісіз. Сіз тек өз мүдделеріңіз туралы ойлауға құқығыңыз жоқ. Өйткені, ертең ақшаны осы елдің салық төлеушілері қайтарады. Ал олар өз кезегінде өдеріне титтей де пайдасы тимеген заңсыз режим жұмсаған ақша үшін төлеуге міндетті болмауы керек.

Қарарға мысал: БП борышкер мемлекеттің өтініші бойынша мемлекеттік қарызды "әділетсіз қарыз" санатына жатқызуға және оны төлеу жөніндегі осы мемлекеттің міндеттемесін жоюға қабілетті халықаралық сот құрады

ХВҚ-ның қандай альтернативалары бар, соған тоқталайық:

1. БРИКС (BRICS:Brazil,Russia,India,China,South Africa)

БРИКС - Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка мемлекеттерінің альянсы. Бұл өте үлкен және ықпалды бірлестік, өйткені бұл елдерде әлем халқының 43% - ы тұрады. Бастапқыда оларда G7 немесе G20 сияқты форумдарда болатын сияқты пікірталас, міндетті емес кездесулер ғана болды. Бірақ 2014-те олар екі институт құрды – олардың бірі-БРИКС Даму Банкі және екіншісі БРИКС шартты валюта резервтерінің пулы. Бұл институттар ХВҚ және Дүниежүзілік банкпен бәсекелесуі керек деп есептелінді.

Бұл институттар неге эффективсіздеу соған тоқталайық:

  • Біріншіден, бұл ұйымға мүше елдер өз аймақтарының экономикасында доминант елдер болып табылады тіпті кейбіреуі әлемдік державалардың қатарында. Сондықтан да бұл елдер өздеріне ыңғайлы аймақтарды құтқаруға қатты қызығушылық таныта бермейді, танытқан жағдайда да олардың қояр шарттары қарыз алушы мемлекеттерді осы елдерге өз суверинеттігінін біраз бөлігін беруге мәжбүр етіп қояды.
  • Екіншіден, ұйымдағы елдер демократиялы саясатты ұстанбайды десек те болады. Оларды өз елдерінде өте көптеген адам құқықтарын бұзу арқылы келе жатырған демократиялық емес режимдер басқарады. Демек, бұл елдер қарыз алушы мемлекеттің басшылығында отырған демократиялық емес режимді норма ретінде қабылдап, оған аса қатты назар аудармайды, кей жағдайда тіпті соларды қолдайды. Ал ол мен жоғарыдағы айтқан себептер бойынша жаман.
  • БРИКС құрылымдарында Қытай шамамен 40% дауысқа ие , ал ХВҚ-да АҚШ тек 15%, сондықтан ХВҚ демократиялық болып көрінеді. Бұл өз кезегінде Қытайдың осы БРИКСті қолданып Бір жол бір белдеу аясындағы елдерді қолдауына көп мүмкіндік береді.

2. Дүниежүзілік даму банкі.

ДДБ - бұл коммерциялық ұйым, олар сонымен қатар несие береді . Банкрот болмас үшін елге ақша беретін ХВҚ-дан айырмашылығы, Дүниежүзілік Банк дамуға және кедейлікті жеңуге ақша береді. ХВҚ сияқты, Дүниежүзілік Банк қайырымдылық қоры емес және олар берген несиелер қайтарылады деп күтеді. ХВҚ сияқты, бұл АҚШ-та үстемдік ететін батыс-орталық институт, оның 15% - ы бар (дауыс саны сіздің қанша ақша салғаныңызға байланысты).

3. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі

Бұл ұйым негізінен БРИКС Даму банкі секілді ДДБ-не бәсекелес ретінде Қытайдың тарапынан құрылған болатын. АИИБ көбіне Қытайдың "Белдеу және жол" бастамасы үшін қажет инфрақұрылымдық инвестицияларға көбірек көңіл бөледі, ол елдерді жолдармен және сауда байланыстарымен байланыстыруға тырысады, осылайша Қытай олардың барлығымен сауда жасай алады.

Қарарға мысал: БП Халықаралық валюта қоры "Бір белдеу - бір жол" бағдарламасы аясында Қытайдан қомақты несие алатын елдерге көмек көрсетуден бас тарту саясатын ұстануы керек деп есептейді

Бұл альтерантивалардың барлығы да өзіндік контекстерімен ерекшеленеді, және олар да көбіне демократиялы емес режимдерді қолдайды деп айыпталады. Қарарлар осылардың бәсекелестігі туралы да болуы мүмкін.

Жалпы ХВҚ-на қатысты тағы екі қарар болсын:

БП ірі халықаралық қаржы институттарының экономикалық либерализмді басым доктрина ретінде таңдауы пайдадан гөрі көп зиян келтіреді

БП ХВҚ Африка елдеріне несие беру шарттарын едәуір жеңілдетуі керек деп санайды

Халықаралық сот ұйымдары: Халықаралық қылмыстық сот, БҰҰ Халықаралық соты, Халықаралық арбитраж

Халықаралық қылмыстық сот(МУС)

Халықаралық қылмыстық сот — геноцидке, әскери қылмыстарға, адамзатқа қарсы қылмыстарға, сондай-ақ агрессия қылмыстарына жауапты адамдарды қудалау құзыретіне кіретін бірінші тұрақты Халықаралық қылмыстық әділет органы. Оның мақсаты - тұтастай алғанда бүкіл халықаралық қоғамдастықты алаңдататын аса ауыр қылмыстар жасаған адамдардың жазаланбай қалуын болдырмау үшін. ХҚС тәуелсіз халықаралық ұйым мәртебесіне ие және БҰҰ құрылымының бөлігі болып табылмайды. Ол Нидерландының Гаага қаласында орналасқан. Соттың шығындары оған қатысушы мемлекеттердің есебінен қаржыландырылады, сондай-ақ үкіметтерден, халықаралық ұйымдардан, жеке тұлғалардан, корпорациялардан және басқа субъектілерден ерікті жарналар болуы мүмкін

Халықаралық қылмыстық сот не үшін керек?

Бұл ұйымда геноцид, әскери қылмыстар және адамзатқа қарсы қылмыстар туралы істерді қарауға мандат бар. Бұл мандат ХҚС-ға мүше елдердің азаматтарына қарсы іс жүргізуге мүмкіндік береді. Егер елдер қылмыскерді өздері соттай алмаса не оны жасауға оған басқа да кедергілер болса ( қылмыскердің басқа елде орналасуына байланысты) онда ХҚС осы мандатты қолдана алады. Олар өздері тергеулер жүргізе алады және соның нәтижесіне сәйкес қылмыскерді ұстауға ордер бере алады. Соңғы жаңалықтан ХҚС 17 наурыз күні Владимир Путин мен Мария Льова-Беловаға қарсы ордер берген болатын. Сондықтан да бұл ұйымды көбіне соңғы мүмкіндік құралы ретінде қарастырады. ХҚС ең алғашқы халықаралық деңгейдегі официальный ұйым болып қалыптасқанымен оның да бірнеше проблемалары бар:

  • Халықаралық қылмыстық сотты кейбір елдер мойындамайды. Тіпті кейбіреуі оның принциптеріне анық қарсы шығады, оның ішінде ең ірі өкілі АҚШ болып табылады. Олардың айтуынша бұл мемлекетдердің егемендігіне және шешім қабылдау бостандығына кедергі келтіреді. Қарапайым тұрғыда АҚШ өз әскерилерінің әскери операциялары кезінде жасалынған қылмыстары үшін өзге тараптың оларды айыптағанын қаламайды. Және сол себептен бұл ұйымның мүмкіндіктері көп болғанына қарсы шыға береді. Бұл проблемалы дүние болып табылады, себебі ХҚС ерікті ұйым және егер сіз өз азаматтарыңыздың сотталғанын қаламасаңыз, ХҚС оған ештеңе жасай алмайды.
  • Халықаралық қылмыстық сотты көбіне рассистік деп айыптайды. Оған да негіз бар, себебі соңғы шешілген қылмыстардың көбісі Африка континентігінде демократиялы емес режим ұстанған елдерге қатысты болған. Ал осы уақытта әлі күнге дейінгі АҚШ және Ресей мемлекеттерінің азаматтары жасап жатырған қылмыстар үшін ешқандай елеулі қадамдар жасалынған жоқ.

Қарарға мысалдар:

  • БП ХҚС экоцид үшін қудалауға рұқсат беруі керек деп есептейді
  • БП ХҚС-ты адамзатқа қарсы қылмыстар үшін қудалау үшін тұрақты аймақтық соттармен ауыстыру керек деп есептейді
  • БП әскери қылмыскерлер Халықаралық қылмыстық сотта емес, өз елінде сотқа тартылуы керек деп есептейді

БҰҰ Қылмыстық соты

Бұл ұйымды көбіне ХҚС-пен шатастырып жатады. Иә екеуінің ұқсас жерлері өте көп (тіпті орналасқан орнына дейін бірдей). Алайда бұл ұйымның ерекшелігі - бұл ұйым жекелей адамдарға емес, мемлекеттерге бағытталған болып табылады. Мұнда біз енді қылмыстық сот төрелігі туралы емес, елдер арасындағы даулар туралы айтып отырмыз. Бұл көбінесе сауда даулары емес (олар үшін басқа алаңдар бар), бірақ шекаралар, теңіздегі арнайы экономикалық аймақтар, әуе кеңістігі және т.б. туралы даулар осы ұйымда шешіледі.Алайда бұл ұйымның мәселесі мынада, егер ел сот шешімімен келіспесе және оны орындамау үшін жеткілікті ықпалды болса, сот шешімі – бұл қағаздағы сөздердің жиынтығы ғана. Мысалға – Никарагуа - Америка Құрама Штаттарына қарсы сотта Никарагуа жеңді, алайда сот шешімі мүлдем орындалмады. Бірақ БҰҰ-ның Халықаралық соты "үлкен" елдерді өз шешімдерін орындауға мәжбүрлей алмаса да, ол әлі де шағын елдер арасындағы дауларды шешу кезінде маңызды жұмыс істейді. Бұл дегеніміз, ол кейбір жағдайларда дипломатия кезеңінен өткен (үшінші тараптардың делдалдығынсыз ) және шиеленіске немесе тіпті соғысқа дейін жеткен қақтығыстарды жояды. Соңғы жаңалықтардан Қылмыстық сот Россияға Украинаға қарсы соғысты тоқтатуға бұйрық берген болатын.

Халықаралық арбитраж

Халықаралық арбитраж -тараптары әртүрлі мемлекеттік тиесіліліктегі тұлғалар (шетелдік фирмалар мен ұйымдар) болып табылатын халықаралық коммерциялық мәмілелерге қатысушылар арасындағы дауларды қарау үшін арнайы арналған мемлекеттік емес, коммерциялық соттар болып табылатын институт.Төрелік мемлекеттер арасындағы дауларды да, мемлекеттердің корпорацияларға, корпорациялардың бір-біріне, мемлекеттердің азаматтар мен азаматтардың корпорацияларға қарсы дауларын да қарастыра алады. Арбитраждың басты артықшылығы-оның жылдамдығы. Екі тарап төрешіні немесе олар сенетін бірнеше адамды таңдайды, бұл мемлекеттік бюрократиялық процедурадан аулақ болады және көп уақытты үнемдейді. Неліктен бұл маңызды? Себебі тезірек қарау инвестицияны қорғауды білдіреді. Егер сіз пайда табуға бағытталған компания болсаңыз, онда сіз, әрине, істі жеңгіңіз келеді, бірақ сонымен бірге істің тез шешілуін қалайсыз. Мұндай істер неғұрлым тез қаралса, инвестиция шығындары соғұрлым төмен болады. Сондықтан халықаралық төрелік елдердің дамуын жеделдетеді.

Жалғасы бар.......