Нарративтер
Нарративке байланысты қарарларды көп көрген шығарсыңдар. Ана нарративті қолдайды, мына нарративке өкінеді, мына нарративтің өзіне емес, оның кең таралуына һәм романтизациясына өкінеді. Бұл қарарлар қайдан шықты? Және осы типтегі қарарларда не айту керек? Бүгін осы туралы сөйлесейік
Жалпы нарратив дегеніміз не?
Менің түсінігімде нарратив деген көзқарас. Тек ол бір адамның ғана емес бірнеше адамның көзқарасы немесе сол көзқарастағы консенсусы. Мұны обьективті көзқарас деп атауға келе ма, білмеймін, оны өздерің қарай жатарсыңдар. Ең бастысы осы нарративтерге қатысты алдын-ала бірнеше дүниемен келісіп алайық:
- Нарративтер туылғаннан пайда болмайды. Сен туыла салып әйелдер үйде отыруы керек немесе ерлер жыламауы керек деген оймен дүниеге келмедің. Сен академиялық жетістіктер басқа жетістіктерден жоғары деп талдай алмадың. Оның барлығын сен кейінірек білесің
- Сенің қоғамың сенің бойыңдағы нарративтерді қалыптастырады және өзге де альтернативті нарративтермен кездескен сәтте сен оны ең алдымен бастапқы нарративіңмен салыстырасың
- Бір нарративтің болуы ол осыған қарама-қарсы нарративтің жоқ екендігін растамайды. Яғни, сіз бір нарративтің әсерін төрешіге түсіндіріп жатсаңыз есіңізде болсын, параллельді түрде басқа нарратив тоже сіз айтқандай жолдармен адамдарға әсер етіп жатыр және онымен де жұмыс жасауымыз керек.
- Бір нарративтің әлсіреуі немесе мүлдем жоқ болуы туралы қарарларда осы нарративтен келуі мүмкін пайда/зияндардан (1) бөлек осы нарративтің әлсіреуінен күш алған қарама-қарсы нарративтің әсерлері (2) де маңызды болып есептелінеді
Нарративтер қалай жұмыс жасайды?
Бұл бөлікті түсіндірмес бұрын, осы бөліктің маңыздылығын көрсетейін. Көбіне дебатта біз "нарратив адамдарға былай әсер етеді, соның әсерінен адамдар өз әрекеттерін өзгертеді және ол осыншама импактқа алып келеді" деген типтегі кейс ұсынамыз ия. Жақсы кейс, бәлкім, бірақ ең алдымен бастапқы түсіндірме блогы жетпейді. Бұл қандай нарратив және ол қалай таралады, адамдар неге оны қабыл алады және де қаншалықты бұл нарративке назар аударады. Егер осы блок түсіндірілмесе кейс әлі де ортаңқол қарсылықтарға осал болады. Мен сізге қарсы шығып адамдарда әлі де басқа да нарративтер бар деп сіздің аргументтіңіздің уникальностьына шабуыл жасай аламын.
Енді осы шабуыл болмас үшін не істеу керек:
- Нарративті толық сипаттау керек. "Адамдардың бәрі тумысынан жақсы" деген нарратив болса бәлкім төрешіге не туралы сөз қозғайтыныңыз түсінікті шығар, ал егер "қарым қатынас транзакциялық болмауы керек" деген нарратив болса сіз алдымен оның адамдарға әсерін емес, оның не екенін түсіндіруіңіз керек. Қарапайым мысал: БП "жасқа сәйкес болу керек" нарративіне өкінеді деген қарарды мен ойнаған румдағы 4 команда 4 түрлі ашты және жеңіске жеткен топ қайсы осы нарративті толық әрі шындыққа жанасымды қылып аша алған топ болды.
- Нарративтің қалай таралатынын түсіндіру керек. Көбіне нарративтер діни жолдармен таралады себебі солай адамдарды сендіру оңайырақ. Одан бөлек соңғы уақыттарда әлеуметтік желілер/ медиа сфера тоже нарративтерді жақсы таратып жүр. Salem Social-дың сериалдарынан сәлем. Бірақ осы кезде абай болу керек момент нарративтің таралуы пропаганда стилінде жүріп кетпеуі керек. Ол дегеніміз басқа нарративтердің таралуына кедергі келтірмейтін жолдар болуы керек.
- Жекелей тұлғалар нарративті қалай қабылдайтынын түсіндіру керек. Осы кезде ол оны қайдан естігені маңызды. Адамдар өздері құрметтейтін адамдардан естіген заттарына көбірек сенгенді жақсы көреді, тіпті егер де ол адам дұрыс ақпарат бермесе де. Егер сізге әлеуметтік желілер "дипломның болуы қатты маңызды емес" деген нарратив таратып жатырса, қарама-қарсы "диплом маңызды" деген нарративті ата-анаңыз осыған дейін айтып жүрген болса сіз әлеуметтік желі таратқан нарративті қабылдап кетуіңіз қиынырақ болады.
Нарративтің әсерінен кейінгі сіздің әрекетіңіз қандай?
Ең алдымен сіз жоғарыда атап өткендей жаңа нарративті сіңіргенде оны осы уақытқа дейінгі нарративпен салыстырасыз. Кейіннен ол сіздің көзқарастарыңыздың белгілі бір бөлігіне айналады. Сіз сол көзқарас бойынша әрекет етесіз және де болашақта өз балаңызды не болмаса іні-қарындастарыңызды сол нарративпен тәрбиелеуге тырысасыз. Кей жағдайларда сіз осы нарративпен келіспейтін топ өкілдерімен конфликтке түсесіз. Сіздің осы нарратив аясында құрылған көзқарасыңызға сай кандидатқа сайлауда дауыс бересіз. Сіздің әрекеттеріңізден қоғамда басқа бір адамдардың өмірі тоже өзгереді. Нарративке сәйкес келмейтін тараптар қиналады. Нарративпен келіспейтін топтар қарсы шыға береді. Ары қарай осыдан сіздер күнделікті айтып жүрген импакттар шығады. Оны түсіндірмей-ақ қояйын, оны сіз менен жақсы жасай аласыз деп ойлаймын.
Осы тұста пауза алып "БП негізінде адамдардың барлығы жақсы деген нарративке өкінеді " атты қарарға не айтуға болатынын ойланып көріңіз. Есіңізде болсын, қоғамда "адамдардың барлығы жақсы емес" деген нарративте қоса дамып жатыр.
"Нарративтің өзі бола берсін, бірақ біз оның кең таралмауына қарсымыз"
Осындай қарсылықтарды көрген шығарсыңдар. Әсіресе сіз АО болып шығып нарративтің жақсы жақтары бар екенін көрсетіп оны жаман тұстарымен салыстырып әуре болдыңыз, ал ЖҮ шығып кейсін жоғарыдағы сөзбен бастап жатыр. Былайша қарағанда олар сіздің кейспен келіседі, оны құлатуға тырыспайды, тек сіздің кейсті өз кейсінің ішіне енгізіп алып жатыр. Қырсық шалғанда ЖО-да моментті әдемі пайдаланып өз кеңейтулерін осы нарративтің болуының жақсы жақтарына емес, кең таралуының жақсы жақтарына құрып жатыр, осылайша ЖҮ-ке сізге қарағанда жақсырақ қарсылық келтіріп отыр. Осындай ситуацияға түсіп қалмас үшін не істеу керек? Кең таралуына өкінеді, популизациясына өкінеді, романтизациясын қолдайды деп аяқталатын қарарлардың сыры неде? Осы туралы сөйлесек енді. Бұл қарарларда неге назар аудару керек?
- Бір нарративтің басымдылық алуы (популизация, романтизация арқылы) басқа нарративті өте қатты әлсіретеді. Демек қарама-қарсы нарративті ұстанушылар үшін бұл өте үлкен қиындықтар тудырады.
- Кең таралу трендті тудырады. Демек енді қоғамда осындай нарративпен өмір сүретін адамдар жай ғана бар емес, олар еще көп. Ал көпшіліктің үнемі өзіне ұқсамайтын азшылыққа деген қысымы периодты түрде болып тұратын құбылыс.
Мысалға БП қоғамда ерте үйлену керек деген нарративтің кең таралғанына өкінеді деген қарар болсын. Кең таралу өз кезегінде әртүрлі медиа сферадағы ерте үйленуді дәріптейтін контенттермен, дін басыларының уағыздарымен, ата-аналарымыздың басқа ерте үйленген құрдастарыңмен салыстырумен жүргізіледі. Осы әлемде осы нарративтегі кейіпкерге сәйкес келмейтін сенде екі таңдау бар. Не өзіңнің осы нарративпен келіспейтініңді ашық айту (бірақ есіңде болсын, нарратив жай ғана бар әлемге қарағанда, кең таралған әлемде сенде залалдар көп болуы мүмкін) не болмаса осы нарративке келмейтінің үшін қоғамнан қысымдар көру. Екі кейсті де үкіметке алып шықсаң болады.
Қарама-қарсы тура осылай нарратив кең тарағандағы пайдалар туралы да айтуға болады. Жәй ғана нарратив адамдарға қандай пайдалар әкелетінін ойлап, сол пайдалар кең таралған әлемде көбірек әрі интенсивтірек болатынын түсіндіруге болады.
P.S.: Мына логиканы культтерге қатысты қарарларда да қолдансаңдар болады. Мысалға жоғарыға қарап отырып мына екі қарарға не айтуға болатынын ойланып көр:
Нарративке тікелей қатысы жоқ қарарлар
Кейде сіз нарративтерді талқыламайтын қарарда нарратив талқыласаңыз болады. Бұл момент мысалмен толық түсінікті болады. Бір раунд мен "БП аутсаффингтің кең таралғанына өкінеді" деген қарарда ойнадым. Аутсаффинг - уақытша белгілі бір тапсырмаларға дайын жұмысшыларды жалдау. ЖО болдым. Біздің ашушы аутсаффингтің кең таралуы компанияларға және жекелей адамдарға қандай пайда әкелетіні туралы түсіндіріп берді. Біз кеңейтуге аутсаффинг қандай нарратив тудыруы мүмкін және оның неге маңызды екені туралы түсіндірдік. Аутсаффинг былайша алғанда жұмысшы үшін уақытша жұмыс. Ол белгіленген тапсырманы орындап болған соң ол компаниямен өзін байланыстырмайды. Келесі жолы басқа компанияда тапсырма орындайды. Демек, ол тұрақсыз жұмыс жасап жүреді. Егер сондай адамдар көбейсе немесе солардың жасап жатқандары трендке айналса, қоғамда а вот "тұрақсыз жұмыс жасау тоже норм" деген нарратив пайда болады. Ол қазіргі әлемде "тұрақты жұмыс жасау керек" деген нарративтің әсерін азайтады, бір орында ұзақ уақыт тұрақтап отыра алмайтындар үшін ақталуға мүмкіндік бере алады және олардың өмірін біраз жеңілдете алады. Структура жалпы осылай кей іс-әрекеттер адамдардың нарративтерінен болуы мүмкін, сонымен қатар біздің кей әрекеттеріміз сол нарративті тудыруы да мүмкін.