Санкция дегеніміз не? Және олар жұмыс жасайды ма?
Біз "санкциялар" терминін жаңалықтардан жиі көреміз. Бірақ бұл не? Олар қалай жұмыс істейді? Олар тіпті жұмыс істей ме? Ең бастысы, сіз оларды қазір қалай дебатта қолдана аласыз? Осы туралы сөйлесейік бүгін
Дебатта біз сендермен Ресейге қарсы экономикалық санкциялар, Мьянманың ресми тұлғаларына қарсы санкциялар, Венесуэлаға,Солтүстік Кореяға,Иранға,Никараугаға және т.с.с. елдерге қарсы санкциялар жайлы көп ойнадық. Алайда кей сәттерде біз тіпті олардың түрлері және әсерлері жайлы жақсы білмедік, білсек те қолдана алмадық. Сол себептен осы постты оқуға кіріп отырмыз. Ендеше санкциялар жайлы сөз қозғамай тұрып екі дүние:
- Санкциялар жайлы қарарлар көбіне дебатта жекелей кездеспейді. Көбіне олар бір саяси конфликттер аясындағы құрал ретінде ғана қолданылады. Бірақ бұл проблемаларды шешудегі альтернативалармен жұмыс кезінде сіздің жақсы қаруыңызға айнала алады.
- Көптеген қазір қарастыратын қарарлар постфактум болуы мүмкін. Себебі, біз кезінде талқылаған проблемалар уже шешімін тауып қойды немесе оларға қатысты уже санкциялар қолданылып жатыр. Алайда сіздер осы кейстерді қазіргі ситуациямен салыстыра оқи отырып, олардың арасында параллельді өздеріңіз жүргізесіздер деген ойдамын.
Санкциялар дегеніміз не?
Санкциялар дегеніміз - бір немесе бірнеше мемлекет басқа мемлекетті не жекелей адамды жазалау яки мінез-құлқын өзгерту үшін пайдаланатын коммерциялық және қаржылық құралдар. Санкциялардың түрлері өте көп. Солардың бірнешеуіне тоқталайық:
- Кіруге тыйым салу. Аты айтып тұрғандай санкция салынып жатырған елдің адамдары санкция салушы елге кіре алмайды.
- Активтерді бұғаттау. Санкциядағы мемлекеттің немесе ұйымның шетелдік банктегі активтерінің барлығы бұғатталынады (алынбайтындай болады)
- Қару-жарақ жеткізуге эмбарго қою. Әскери тауарлармен байланысты саудаға немесе қызметке тыйым салады (көбінесе АҚШ пен БҰҰ пайдаланады)
- Капитальды шектеу. Капиталды шектеу немесе капитал блокадасы инвестициялық капиталды күмәнді мақсаттарда пайдалана алатын елден шығаруға жол бермейді.
- Шетелдік көмекті қысқарту. Санкциялар енгізген ел шетелдік көмекті уақытша тоқтатады немесе айтарлықтай азайтады, мысалы, Трамп әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа байланысты Пәкістанға шетелдік көмекті тоқтатқан болатын.
- Сауда шектеулері.Сауда шектеулері тауарлардың барлық түрлерін қамтиды: азық-түлік, бірінші реттік қажетті тауарлар немесе төлем жүйелеріне тыйым салуларды қолданады
- Бағытталған санкциялар. Арнайы адамдар не компания яки ұйымдарға салынатын санкцияларды айтады. Негізінде бұл сол адамдардың қандай да бір саудалармен айналыса алмауы үшін қолданылады. Мысалы, ресейлік олигархтардың яхталары мен ұшақтары тәркіленіп, активтері бұғатталып, саяхаттауға тыйым салынуы тоже осы қатарға жатады.
Санкциялар қанша уақыт бойы мемлекеттердің сүйікті құралына айналып келеді,әсіресе, батыстық елдер, оның ішінде АҚШ осы құралды қолданғанды қатты жақсы көреді. Ондағы басты мақсат қандай? Эффект доминоны туғызу. "Тентек" мемлекеттің "ауасын тарылту" арқылы оны келіссөздер үстеліне келгізу.
Қандай жағдайларда санкция қолданылады?
Негізінен бізде санкциялар қажет деп есептелінетін 3 кейс бар:
1. Шетелдік дағдарыспен күрескен кезде керек, егер:
a) тікелей әскери интервенция мүмкін емес болса
ә) тікелей араласуға өз еліңнің халқы қарсы болса
б) пока мемлекет тікелей әскери интервенцияның қаншалықты қажет екенін ойластыру барысында буфер/уақытша қолданылатын іс-шара ретінде қолдану керек болса
Алдағы екеуі түсініктірек деп ойлаймын, ал соңғысына қатысты мынадай уақиға бар: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 1990 жылы тамызда Саддам Хусейннің Кувейтке басып кіруінен төрт күн өткен соң, әскери күш қолданған болатын. Алайда олар бірнеше ай бұрын Иракқа қарсы жан-жақты санкциялар енгізіп бастаған еді.
2.Терроризмге қарсы күрес , есірткіге қарсы күрес, демократия мен адам құқықтарын ілгерілету, қақтығыстарды шешу және киберқауіпсіздік сияқты сыртқы саясаттың мақсаттарын алға жылжытуда керек.
Мысалы: рохинджге қатысты адам құқықтарының бұзылуына байланысты Мьянманың жоғары дәрежелі әскери шендеріне қатысты санкциялар
3. Өз мүдделеріне қауіп төндіретін немесе халықаралық мінез-құлық нормаларын бұзатын адамдарға қысым көрсетуге, мәжбүрлеуге, ұстауға, жазалауға немесе ұятқа қалдыруға тырысқанда керек.
Мысалы: ЕО мен АҚШ-тың Украинаға басып кіруіне байланысты Ресейге салған санкциялары
Маңызды момент: Санкциялар эффективті ме?
Менің ойымша да, ең маңызды сұрақ осы. Көбіне осы момент дебаттың басты сұрағы болады және әдетте қарсылас та санкцияларды қолданбауға қарсылық ретінде олардың эффективтілігіне шабуыл жасайды.
Егер де сіз санкцияларды қолдануға қарсы шықсаңыздар мына сәттерге тоқталсаңыз болады.
1. Көптеген адамдар халықаралық санкциялар жергілікті тұрғындардың қиналыстарын күшейтеді деп есептейді .
- а) Сонымен қатар, саяси элиталар сияқты саяси және экономикалық ресурстарға артықшылықты қол жетімділігі бар қоғамның сегменті үлкен шығынға ұшырамайды, бірақ тапшылыққа байланысты азық-түлік бағасын көтеру, ресми және бейресми ішкі аймақтық сауда қызметін бұзу арқылы халықтың ең осал топтарының едәуір зардапқа ұшырайды.
- ә) Элиталар өз билігін сақтау үшін күресіп жатқанда, үкіметтер мемлекеттік шығындардағы приоритеттерді өзгертіп, шектеулі мемлекеттік ресурстарды әскери техникалар мен қызметкерлерге ауыстырып, адамдарды мәжбүрлеуді күшейтеуі мүмкін.
2. Санкциялардың әсері таяқтың екі ұшы секілді , егер олар дұрыс қолданылмаса, ұзақ мерзімді перспективада елдің қаржылық әлеуетіне қауіп төндіреді.
- а) АҚШ күшті, өйткені оның экономикасы өте күшті және долларға балама жоқ. Дегенмен, егер ол алдағы бірнеше онжылдықта басқа елдерді экономикалық құлдырауға мәжбүрлей берсе, елдер санкциялардың келесі құрбаны болудан қорқып, АҚШ экономикасы мен қаржы жүйесінен бас тартуы мүмкін.
- ә) Сонымен қатар, cанкциялар көбінесе оларды енгізгендерге де зиян тигізеді. Мысалы, Еуропа ресейлік банктерді өшіруден қорықты, өйткені Ресей оларға өте көп ақша қарыз, бірақ қазір Ресей оларды төлей алмайды, . Тағы бір мысал, Египет пен Түркия Ресейге төлем жүйелерін өшіру арқылы біршама зардап шекті. Өйткені олар енді өз азаматтары тәуелді болып отырған Ресей бидайын сатып алу бойынша транзакциялар жасай алмайды.
3. Негізінде жеке тұлғаларға санкциялар көбінесе символдық сипатқа ие және іс жүзінде өте аз өзгерістер алып келеді.
Ондай тұлғалар көбінесе өз байлығын жасырудың шеберлері болып табылады (олар өз активтерін оң қолдарына бере алады, өз активтерін оффшорлық компанияларға жасыра алады және олардың кең байлық желісін қадағалау мүмкін емес). Осылайша, олардың шет елдерде бұғатталған байлығы мен активтері олардың іс жүзінде иелік етуінің бір бөлігін ғана құрайды. Олар әлі де шіріген бай бола береді
Осы аргументтерді сіздер санкцияларға қарсы қолдана аласыздар. Бірақ, ескертемін: әрқашанда өз аргументтеріңізді контекспен байлап отырыңыздар.
Жоғарыдағы себептерге қарап, қанша жерден санкциялар тиімсіз деп ойласақ та, оларды да қолдауға себептерде болуы мүмкін. Олар:
1. Бұл ең қолайлы әдіс және балама жолдары нашар болғандықтан біз оны қолдаймыз.
Иә эффективтілігі туралы дауласуға болғанымен, санкциялар жекелей тұлғаларға салыну арқылы (активтерінің бір бөлігін бұғаттау және тәркілеу) элиталық билікті төмендететіні анық. Сондай-ақ, АҚШ-тың қарқынды дамып келе жатқан нарықтары мен АҚШ-тың теңдесі жоқ әскери күшін қолдайтын АҚШ долларының әлемдік қаржы жүйесіндегі үстем жағдайы кез-келген санкциядағы елдің валютасының құнын және үкіметтің сатып алу қабілетін тиімді түрде бұзып, олардың режимдерінің қаржысыз қалуына мүмкіндік беретіні анық. Террористерге, адам құқықтарын бұзушыларға, ядролық қаруды таратушыларға ресурстардан бас тарту арқылы санкциялар мұндай тұлғалардың өз қалауларын жасауына кедергі келтіреді.
Осы тұста альтернативлар неге эффективті емес?
- Дипломатия сәтсіз . Себебі, көшбасшылар оларға өз күштеріне қауіп төндіретін шұғыл немесе қысым сезімі берілмесе келіссөздер үстеліне отыруы неғайбыл.
- Әскери интервенция қауіпті. Бұл сол жердегі қаншама бейбіт халықтың өміріне қауіп төндіреді және конфликттің эскалациясына алып келуі мүмкін.
- Көшбасшыларды қудалау эффективсіз. Халықаралық соттарға оларға іс қозғау да, оларды ұстау да қиындық тудырады. Оның үстіне көптеген халықаралық соттар көбіне Еуропа мемлекеттерінен қаржыландырылатын болғандықтан, олар "предвзятостьпен қарайды" деген көзқарас бар.
2. Шартты механизмдер лидерлерді келіссөздер үстеліне келуге итермелей алады.
Шартты механимздер - лидерлер белгілі бір талаптарды орындаған жағдайда ғана алынып тасталатын санкциялар
Басқаша айтқанда көшбасшылар үстел үстіне өздерінің биліктері мен үстемдіктері қойылған кезде ғана кездесуге келуі мүмкін. Бұл қандай кейстерде орын алды:
- Иранның жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты санкциялар оларды 2015 жылы АҚШ пен Иран ядролық келісімге қол қойған келіссөздер үстеліне алып келді.
- 1998 жылдан 2015 жылға дейін Мьянмаға қарсы санкциялар сол кездегі әскери режимге айтарлықтай қысым жасады. Нәтижесінде бұл Ұлттық лигамен келіссөздерге және 2015 жылы сайлауға алып келді.
Енді осы кейстің сіздің кейспен ұқсастық/айырмашылықтарын көрсету арқылы неге сіздің конфликтті шешу мүмкін екен туралы түсіндіресіз.
Қорытынды
Сөздің басында айтқандай санкцяларға қатысты кейстер вакуумде болмайды. Ол әр кездегі геополитикалық конфликттерде қолданыла береді. Ең бастысы түсініңіз, халықаралық конфликттер біз ойлағаннан да күрделі. Сіз айтқан санкциялар проблеманы шешуде көмектеспеуі де мүмкін. Бірақ біз дебатта да болашақты тура айтуға тырыспаймыз. Тек қандай жағдайда логикалық дұрыс шешімдер қабылдануы мүмкін екенін ғана болжаймыз.
Жоғарыдағы ақпараттар аздық еткен адамдарға:
- https://sanctionsnews.bakermckenzie.com/myanmar-the-legal-effect-of-the-17-may-2021-us-sanctions-on-businesses/