February 7, 2020

Динара Армия #ҒАЖАЙЫПТАҢ7/21

🔴 9 күн


🕌ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖҰМА КҮНГІ МІНДЕТТЕРІ!

Жұма – әрбір мұсылман үшін мейрам, дұға-тілектер мен ізгі ниеттер қабыл болатын қасиетті күн.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Жамағат болып жұма намазын оқу – әрбір мұсылман үшін парыз. Бұл үкім төрт адамға жүрмейді: құл, әйел, сәби және науқас адамдар», – деген (Әбу Дәуіт, Байһақи).

Бұл күні әйел адамдар не істеуі керек?

1. Таңертең ертерек тұрып, ғұсыл дәретін алып, әдемі киімдеріңізді киіңіз.

2. Отбасыңызды, балаларыңызды бұл қасиетті күнмен құттықтаңыз.

3. Үйіңізді тазалаңыз (жұмысқа кететін болсаңыз бейсенбі күні жинап қойыңыз).

4. Шелпек, бауырсақ, тәттілеріңізді пісіріңіз, мейрамды балаларыңыз да сезінсін (жұмыста болсаңыз ертерек дайындық жасаңыз, нанды ашытып кетсеңіз, кешке жұмыстан келіп пісіре саласыз).

5. Аллаға шүкіршілік етіп, көбірек дұға жасаңыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Жұма күнгі 12 сағаттың ішінде бір сағат бар, ол уақытта мұсылман Алладан бірнәрсе сұрап, дұға етсе, оған міндетті түрде жауап қайтады. Бұл сағатты асыр намазынан кейінгі уақыттан іздеңдер», – деген.

6. «Кәһф» сүресін оқудың маңызы өте зор.

7. Кешке отбасылық асқа жиналып, балаларыңызға да бұл күннің маңызы жайлы, мейрам екенін айтып, Аллаға көбірек шүкіршілік етіңіздер.

8.Дастархан басында жақсы әңгімелер айтып, дүниеден өткен ата-ана, жақын-туыстарға Құран бағыштаған дұрыс.

  1. ҮЗДІКСІЗ САДАҚА

3.ҮЗДІКСІЗ САДАҚА

Жұма күні мұсылманның жасар ең жақсы амалы — садақа беру болып табылады. Мұсылманды сипаттайтын ең жақсы қасиеттер — аяушылық пен мейірімділік, осы қасиеттері арқылы ол Аллаға деген разылығы мен шүкірлігін таныта алады.

Садақа беретін адам неге қол жеткізеді?

«Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар» (3:92).

4.САЛАУАТ АЙТУ

Жұманың күндізі мен кешінде Пайғамбарға (с.ғ.с) салауатты көп айту.

Бұл әдепке мына хадис дәлел: «Жұманың күндізі мен кешінде маған салауат айтуды көбейтіңдер».

5. ҮЙДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ

Артық, кимейтін киімдерді, қолданбайтын заттарды мұқтаж жандарға беру