February 14, 2020

Динара Армия #ҒАЖАЙЫПТАҢ7/21

🔴 15 күн

ШҮКІРШІЛІК

Нығметке шүкір ету – имандылық белгісі

Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтасы пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлемдер болғай!

Шүкіршілік ету – көп қырлы амалдардың бірі болып табылады. Сөйтіп ол үш түрге бөлінеді:

  1. Жүрекпен шүкіршілік ету, 2. Тілмен шүкіршілік ету, 3. Дене мүшелерімен шүкіршілік ету. Енді осыларды таратып айтар болсақ
    1)Жүрекпен шүкіршілік ету деп адамзат өз санасымен атқаратын шүкіршілікке айтылады. Яғни пенде өзіне берілген әрбір нығметтің Алла Тағала тарапынан сыйлық етілгендігін білуі және мойындауы - жүрекпен шүкіршілік ету болып табылады. Бұл туралы Алла Тағала Құран аятында былайша үкім түсірген:

«Сендердегі әр бір нығмет әлбетте Алладан (сыйлық етілген)

Міне осыдан мәлім болатыны - адам баласы қол жеткізген нығметтердің барлығы Алла Тағаланың сыйлығы болып табылады. Сондай-ақ, Алланың нығметтері есепсіз көп. Бұл жайлы «Нахл» сүресінің 18-аятында Алла Тағала:

«Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Әлбетте Алла жарылқаушы, (әрі) рақымшыл»

  1. Тілмен шүкір ету. Бұл амал Алла Тағалаға мадақ айтудан тұрады. Бұл жайлы Әнәс бин Малик келтірген хадисте хазіреті Расулулла (с.ғ.с.) былай деген

«Әлбетте Алла тамақ жеп болып оған мадақ айтқан немесе сусын ішіп болып мадақ айтқан пендеден разы болады». Бұл пенденің жеген-ішкенінің шүкіршілігі үшін айтылатын шүкіршілік. Ал негізінде әрбір нығмет үшін мадақ айту шүкіршіліктің басы болып есептеледі. Мұны Абдуллах бин Ұмар (р.а.) келтірген хадистен білуге болады, онда хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Әлхамдулиллә» (Аллаға мадақ айту) – шүкірдің басы. Аллаға мадақ айтпаған пенде Оған шүкіршілік жасамағаны»- деп нұсқау берген. Сондықтан, әрбір іске және әрбір жағдайға байланысты Аллаға мадақ айту – Аллаға шүкіршілік білдіру болып саналады.

  1. Дене мүшелерімен шүкіршілік ету. Бұл жайлы «Бақара» сүресінің 172-аятын былай делінген:

«Әй мүміндер! Біз сендерге ризық етіп берген нәрселеріміздің жақсыларынан (адалдарынан) жеңдер. Және Аллаға шүкірлік етіңдер, егер (шын мәнінде) оған құлшылық ететін болсаңдар».

Бұл аяттың мағынасынан құлшылық ету - Аллаға шүкір ету болып табылады. Сөйтіп аталған шүкіршіліктің үш түрі бірігіп мұсылманның сипаты болып табылады.

✔️ Шүкіршілік дәптер бастап, күнде 10 шүкіршілік жазып отыру

3. Садақа " Жұма күнгі садақа еселене түседі"

4. Салауат