Динара Армия #ҒАЖАЙЫПТАҢ7/21
🔴 16 күн
АРМАН - МАҚСАТЫМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ МЕН ӨЗІММІН!
Адам баласының өмірдегі арманы біткен ба? Әркім алдына мақсат қойып, неше түрлі нәрсені армандайды. Біреу мансапқа жетсем деп армандаса, басқа біреу атақ-даңқты арман етеді. Көп арманның ішіндегі, әркімнің қол жеткізсем немесе құтылсам деп аңсаған екі нәрсе бар. Олар, байлыққа жету мен кедейліктің шеңберінен шығу. Білген мұсылман баласына осы екеуінде де хайыр-жақсылық бар. Өмірдің қадіріне жете алмасаң бай болсаң да, кедей болсаң да бақытсыз боласың. Сол екеуін де Алладан келген сынақ және тағдыр деп түсінген адамға екеуіде жақсылыққа айналады. Жүрегімізде байлыққа деген махабат пен кедейлікке деген қорқыныш орын алса, келген қасірет сол болмақ.👆
Сондықтан, құрметті ханымдар!
Арман жазып, мақсат қойып, ақша тауып, баюдағы ниетімізді дұрыстап алғанымыз абзал!
✅"Барлық амалдар ниетке байланысты бағаланады" хадис
✔️ Нақты 30 арманымызды жазамыз
✔️ Алланың көркем есімдерін жаттаймыз
✔️ Үздіксіз садақа
✔️ Салауат айтамыз