January 28, 2020

ОЙДЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ 2 ӘДІСІ


Жаман негативті ойлар бізге жаман эмоциялар тудырады.
Бұл әдіс сол эмоциялардан құтылуға көмектеседі
Медитативті техника болған соң тыныш жерде орындықта отырып жасаңыз.

1. Орындықты арқаңызды тік ұстап отырыңыз.

2. Көзіңізді жұмып бірнеше минут терең дем алыңыз.

3. Барлық назарыңыз тек дем алу процессіне бағытталу керек, сол арқылы санаңызды тыншыталдырасыз.

4. Әбден санаңызды тынышталдырған соң көзіңізд жұмған күйі өзіңізге елестетіңіз. Алдыңызда стол тұр.

5. Анық елестетіңіз столды. Оның үстінде ақ қағаз жатқанын елестетіңіз.

6. Енді ойша, өз елесіңізде орныңыздан тұрып, үстелге жақындаңыз.

7. Басыңызды столға қарай шамалы еңкейтіп, қолыңызбен басыңызда, ойыңызда жүрген ақшаға қатысты жаман ойларыңызды, қорқыныш пен үрейіңізді, күмән мен уайымыңызды жаңағы ақ параққа үйіп төгіп салып жатқаныңызды елестетіңіз.

8. Жаман ойлар сізге бір қоқыс па, қағаз қиқымы сияқты болып па елестеуі мүмкін.

9. Әбден жинаңыз жаман ойларыңызды қағазға.

10. Жинап болған соң, қағазды қолыңызға алып, әбден мыжғылаңыз. Умаждап жерге тастап өкшеңізбен езіңіз. Осының бәрін ойша жасап жатсыз, сондықтан жақсылап эмоцияңызды шығарып, қағаздағы жаман ойларыңызды аямаңыз.

11. Эмоцияңыз басылған соң, көзіңізді ашып, терең дем алыңыз.

12. Техниканы бірнеше рет қайталаңыз

13. Техникадан түйген әсеріңіз жайлы инстаграмда пост жаза аласыз.