Жүк пен жасалынатын техника
Қайырлы күн, Сымбатты аруым!
Бүгін сізбен бұлшықетті нығайтатын, ең керемет техникамен бөлісуге рұқсат етіңіз :) Ол - жүкпен жасалатын техника.
Бірден айтайын, әзірге бұл техника бәріңізге емес. Егер сіз осы уақытқа дейін күнделікті тренажерлармен жаттығу жасап жүрген жоқ болсаңыз, сізге жүкпен жасау қиынға түседі. 400 гр бутылкадағы сумен бастаймыз. Иә-иә! Біз бутылкадағы сумен бастайтын боламыз.
0,5 литрлі бутылканы алып, 400 гр суды құйып дайындаңыз.
Техниканы төмендегі видеодан қарап, жасап көріңіз. Егер бәрі ойдағыдай болса, тренажер сырғып түсіп кетпесе, жалғастырамыз.
Егер түсіп жатса, тоқтатып Лазермен жұмысты жасау қажет.
Ал кеттік, интимді бұлшықетті күшейтетін жаттығуды бастайық
Сонымен, техника жүйесі:
1️⃣ күн.
Уддияна (7-10 рет).
Тыныс алу помпалары (барлық 4 позициясы).
"Лазер" тренажерімен жаттығу (10-15 минут).
Жүкпен жаттығу (2 цикл 8 реттен).
2️⃣ күн.
Уддияна (7-10 рет).
"Лазер" тренажерімен жаттығу (10-15 минут).
"Наули" жаттығуы.
Қандай салмақпен жұмыс жасауға болады?
Егер сіздің бұлшықеттеріңіз орташа деңгейде болса - бастапқыда 400-500 грамм. Кейіннен ақырындап (асықпаймыз!) 100 гр қосып жасаймыз. Сіз кейіннен 900 гр немесе одан көп көтере алатын дәрежеге жетесіз!
Егер сіздің бұлшықеттеріңіз мықты болса - 800 граммнан бастап, көбейте берсеңіз болады.
Жаттығуда сәттілік. Барша сұрақтарыңызды мастер группаға күтемін!
❗️ МАҢЫЗДЫ! Жатыр төмен түскен жағдайда жасауға болмайды!