Премьер-Лига кубогына 3 клуб таласуда, осы сирек жағдайдан ләззат алыңыздар
Чемпионаттың 2/3 бөлігі өткеннен кейін, Ливерпуль, Манчестер Сити және Арсенал клубтарының арасында не бәрі екі ұпай ғана, және үш команда да, өздерінің керемет формасында. 2024 жылы жалпы үш командаға, тек қана бір жеңіліс бар, оның өзі бір-бірімен ойналған ойында болды, Арсенал, 4 ақпанда, өз алаңыңда Ливерпульді 3-1 есебімен жеңді.
Премьер-Лиганың жеңімпаз атағына үш команданың таласуы, соңғы жылдарда бірінші рет болып жатқан оқиға. Бұл сендер ойлағаннан да сирек кездесетін жайт.
Соңғы рет топ 3 команда чемпионатты 5 ұпай аралығында 10 жыл бұрын, 2013-14 сезонында аяқтаған. Сол жылы Челси 26 турдан кейін алда келе жатқан, бірақ келесі екі айда Манчестер Сити мен Ливерпульді алға жіберіп алды. Кейін Мерсисайдтықтар қолдағы кубогін Челсиге қарсы ойынында жіберіп алды, әйгілі Джеррардтың шалынысынан кейін. Сөйтіп, Манчестер Сити командасы чемпион атанды.
Осыдан бөлек, 21 ғасырда тек 2007-08 сезонында ғана жеңімпаз 3 клуб арасында шешілген болатын: боксинг дэй қарсанында бірінші орында тұрған Арсеналды, Челси мен сол жылғы чемпион Манчестер Юнайтед озып кетті.
Барлық Ағылшын Премьер-Лигасының 31 сезонын есептесек, 18 рет чемпион кедергісіз мәреге жетті, 10 рет чемпиондыққа екі команда таласты және бар жоғы 3 рет қана 3 команда арасында тартылыс болды(чемпион мен үміткерлер арасындағы турнирлік кестедегі айырмашылық 5 ұпайдан жоғары емес кездер қараластыруда)
АПЛ тарихында ешқашан үздік 4 команданың жалпы ұпай саны 5 ұпай ішінде орналаспаған. Алайда, Бірінші Дивизионның 1971-72 сезонында Дерби Коунти 58 ұпаймен бірінші орында келді, ал Лидс Юнайтед, Ливерпуль және Манчестер Сити командалары 57 ұпаймен артта қалып қалған.
Осыған ұксас сезондар Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін — Англияда талондық жүйемен өмір сүріп және олардың ең атақты футболшысы Стэнли Мэттьюз болған кез — қос 1946-47 және 1949-50 жылдары үш үздік команда бір ұпай арасында мәреге жетті.
Бірақ ол кездері, жеңіс үшін екі ұпай беретін, ал есепті 1981-82 сезондарынан бастасақ — дәл осы кезден бастап 3 ұпайлық жүйе енгізілді — топ 3 команда арасындағы ең аз қашықтық төрт ұпай болған, жоғарыдағы айтылып кеткен 2013-14 және 2007-08 жылдары, одан бөлек 1998-99(Манчестер Юнайтед, Арсенал және Челси) және 1985-86(Ливерпуль, Эвертон және Вест Хэм) жылдары болды.
Үш команда арасындағы тапа-тартыс тек Премьер Лигада сирек кездесетін жағдай емес. Топ-5 лигасынын 2000-01 жылдарынан бастап, барлық 115 сезонын еске алсақ, тек 15 рет 3 команда 5 ұпай арасында алғаш мәреге жетті(13 процент).
Германияда Бавария Мюнхеннің үстемдігінің салдарынан, 2008-09 жылдан бері бір ғана үш жақты шайқас болды. Бұл өткен маусымда, Боруссия Дортмунд соңғы турдағы тепе-тең ойынымен Баварияға қатарынан 11-ші титулды берген кез ( үшінші орында Лейцпиг жайғасты). Осы жылы, Баварияның кішкене кризисына қарамастан, Хаби Алонсо шәкірттері өздеріне шаң жолатпас.
Егер де Ла Лига Барселона мен Реал Мадрид-ке үстемдігіне қарсылас болуына, Атлетико Мадрид-тың қайтадан жандануына үміт артып отса, ең теңдестірілген чемпионат болып есептелетін Серия А-да соңғы төрт жылы, төрт түрлі команда чемпион атанды. Соған қарамастан 2000 жылдан бері, 3 командалық шайқас тек үш рет орын алған(Барлығында Ювентус чемпион атанды).
Қайтадан Англияға оралсақ, бұл жерде үш командалық шайқастың болу ықтималдылығы жылдан-жылға азайып бара жатыр. Келесі диаграмма жыл соңындағы бір мен үшінші орында жайғасқан командалар арасындағы қашықтықты көрсетеді.
Егер де бірінші бес жылда орташа қашықтық 11.4 ұпай болса, соңғы бес жылда бұл сан 21.8 ұпай болды, шамамен екі есеге өсті. Неліктен?
Бір көңіл бөлетін жайт ол, қазір лиганы ұту көбірек ұпай жинауды қажет етеді. Астыдағы диаграмма, әр жыл сайын, лиганы ұтқан команда қанша ұпай жинағанын көрсетеді:
Осы диаграммадан бірінші 10 жылда чемпион болған командалардың орта саны 83.7 болған, бірақ соңғы 10 жылда 91.2 ұпайға өсті — шамамен 3 қосымша жеңіс. Әсіресе, Манчестер Ситидің 100 ұпайы және Ливерпульдің 99 ұпайы таңқаларлық. 1996-97 жылы Манчестер Юнайтед 75 ұпаймен чемпионатты ұтқан, бұл соңғы 10 жылдағы чемпиондармен салыстырғанда кемінде 10 ұпай аз жинаған.
Сонымен қатар, лигада сақтап қалуға қажетті ұпай саны азайып келеді. Бұл дегеніміз, Премьер-лиганың барған сайын теңсіз лигаға айналып бара жатқанын білдіреді.
Клубтардың қаржылық жағдайы бұл жерде үлкен роль атқарады. Жалпы кестедегі орын мен ақшаны жумсау арасында тығыз байланыс бар.
Мысалға, Лутон Таун жыл сайын £25млн жұмсаса, Манчестер Сити мен Юнайтед £206млн жұмсайды, аралары 8 есе. Егер 2000-01 маусымымен салыстырсақ, ең көп жұмсаған қайтадан Юнайтед пен ең аз жұмсаған команда(Брэдфорд Сити) арасы не бәрі 3 есе ғана.
Осының бәрі, жылдан-жылға "Үлкен Алтылық" пен басқа командалар арасындағы қашықтық жылдам өсіп жатқанын білдіреді, тіпті "Үлкен Алтылық" ішіндегі командалар арасындағы өзара қашықтық жаймендеп өсуде. Сол себепті, үш түрлі команданың чемпион атағына таласуы жылдан-жылға сиреуде.
Әрине, қазіргі кездегі екі ұпайлық қашықтық, маусымның соңында, осы үш команданың титулға таласуына алып келетініне еш кепілдік жоқ. Мысалы, 2018-19 жылы осы кезеңдегі бес ұпайлық қашықтық 26 ұпайға ұласты, Манчестер Сити мен Ливерпульдің керемет ұтыс сериясына рахмет.
Алайда, Opta компаниясының суперкомпьютеры болжамы бойынша үш команданың чемпион атанудың шынайы мүмкіндігі бар(Сити: 51.1 процент, Ливерпуль: 35.2 процент, Арсенал: 13.7 процент).
Соңғы үш жақты жекпе-жектен бері 10 жыл өткен соң және командалар арасындағы алқашықтық қалыпты өсіп жатқандықтан, келесі тартысты ұзақ күтуіміз мүмкін. Сол себепті де, алдағы қалған ойындардардан максимальді ләззат алыңыз.