September 24, 2018

Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде(СРСП)

Уфг-11 (1 курс, Сархытбеков Ернар)

Саясаттанудың қызметі.

Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді.

Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.

Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.

      Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуыҚазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйе әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Бұрын жоғары оқу орындарында тоталитарлық тәртіп, коммунистік идеология тудырған марксистік тұрғыдағы жасанды пәндердің орнына бүкіл дүние жүзі мойындап, өркениетті елдерде бұрынан оқытылатын бүгінгі заман талабына сай келетін пәндер енгізіле бастады. Солардың ішінде ерекше орын алатыны – саясаттану.

Саясаттанудың немесе саяси ғылымның өзіндік әдістік принциптері, түсінік, ұғымдық аппараты бар өз алдына дербес оқу пәні ретінде қоғамтану пәндерінен бөлініп қарастырыла бастауы – қазіргі Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттіқалыптастыру міндеттерімен байланысты.

Саясаттану терминіне келетін болсақ, саясаттану(орысша «политология») термині грек сөздерінен құралған: politike (мемлекеттік және қоғамдық істер, мемлекетті басқару ісі, мемлекетті басқару өнері деген мағынада),  polis (қала-мемлекет) және  logos (ілім, ғылым) сөздерінен құралған. «Саясат» («политика») сөзі Аристотельдің «Политика» деп аталған мемлекет, басқару, үкімет туралы трактаты ықпалымен пайда болған.

Саяси ғылымның пайда болуын ХІХ – ХХ ғғ. межесімен байланыстырады. Бұл кезеңде саяси құбылыстарды зерттеудің жаңа әдістемелері қалыптасты, олар қазіргі заманғы саясаттанудың дамуында маңызды роль атқарған түрлі мектептер мен бағыттардың пайда болуына әкелді. Саясаттанудың әдістемелері: позитивтік әдістеме (өкілдері О.Конт, Г.Спенсер), эмпирикалық (тәжірибелік) әдістеме (Ч. Мерриам), әлеуметтік әдістеме, марксизм, психоанализ (З.Фрейд),бихевиоризм.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саясаттану өзінің зерттеу мәселелерінің шеңберін кеңейтті. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап саясаттану ұйымдық жағынан да қалыптаса бастады. 1948 жылы Парижде өткен саяси ғылым мәселелері жөніндегі Халықаралық коллоквиумда саясаттанудың мазмұнын, оның негізгі мәселелерін анықтайтын құжат қабылданды. Онда саяси ғылымның негізгі зерттеу мәселелері болып төрт мәселе көрсетілді: саясат теориясы және саяси идеялар тарихы; саяси институттар; партиялар, топтар және қоғамдық пікір; халықаралық қатынастар. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың Халықаралық ассоциациясы (СҒХА) зор роль атқарды. ХХ ғ. 70-90 жж. саяси ғылымның түпкілікті институционалдануы жүзеге асты. Саясаттану жалпы мойындалған, ұйымдық жағынан құрылған, кең тармақталған білім беру және зерттеу мекемелері бар академиялық пәнге айналды.

Ал біздің еліміздегі саяси ғылымның дамуы күрделі қиын жолдан өтті. Алғаш болып саясат, мемлекет, билік жөнінде араб тілді түрік ойшылдары, ғалымдары — Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Яссауи өз еңбектерін жазды. XV-XVIII ғғ. қазақ хандары, Тәуке хан, ХІХғ. ағартушы-демократтары Шоқан, Ыбырай, Абай, ХХ ғасыр басында Алаш зиялылары – еліміздің саяси тағдыры, өз халқының болашағы туралы өз ойларын айтты.

Бұрынғы Кеңес Одағы елінде саясаттануды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп оқытпады. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде саяси сауатты адамдарды дайындауға мүдделі болмады. Бірақ бұл біздің елімізде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеді деген сөз емес. Саяси мәселелер тарихи материализм, ғылыми коммунизм, КОКП тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндер шеңберінде, ең алдымен қандай әлеуметтік- саяси процестер социализм мен коммунизмге әкеледі, сол тұрғыдан оқытылды. Алайда тек 80-ж. соңында саясаттануға деген көзқарас КСРО-дағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. Қазіргі Қазақстанның барлық жоғары оқу оындарында бұл ғылым жеке пән ретінде оқытылады.

Және бізде 1 курс оқушылары, осы пәнді университет қабырғасында өтіп үйренудеміз.