September 30, 2018

Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау(Ә. Бөкейханов, М. Шоқай, А. Байтұрсынов және т.б)

1991 жылы тәуелсіздігіміз жариялап, Алаш қайраткерлері туралы зерттеулерге жол ашылғаннан кейін ұлттық мүдде тұрғысынан олардың өмірі мен қоғамдық саяси істерін қарастыра бастады. Олардың қызметін жаңаша көзқарас тұрғысынан М.Қойгелдиевтің «Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры» еңбегінде Ә.Бөкейхановтың, М.Шоқайдың өмірі мен қызметі баяндалған. М.Қозыбаевтің «Ақтаңдақтар ақиқаты» еңбегінде «Қазақ зиялыларының кейіннен Алаш партиясына топтасқандары саяси күресті буржуазиялық демократия шеңберінде жүргізді. Олар заңмен шектелген праволық қоғам, конституциялық жинақталған кейбір саяси бостандықтар ғылым мен мәдениет даму көлемінде күресін бақты.» Т.Омарбековтың, М.Қойгелдиевтің «Тарих тағлымы не дейді?»,С.Өзбекұлының «Арыстары Алаштың: тарихи очерктер.» монагрфиялық зерттеулері, т.б. зерттеушілердің саяси лидерлер жөніндегі еңбектері баспасөз бетінде жарияланып тұрды. М.Шоқай, М.Тынышпаев туралы тарихи-танымдық еңбектер де соңғы кезде жарық көрді. М.Шоқайдың таңдамалы шығармалары 3-томдық жинағыжәне Ә.Бөкейхановтың таңдамалы шығармалары 2-томдық қазіргі кезде баспадан шыққан. А.Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған еңбектерден Р.Сыздықованың «Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітабын атауға болады. Е.Серікбаевтың «Бүкіл ресейлік құрылтай және «Алаш» зиялылары мақаласында құрылтайға депутаттар сайлау барысы мен оның жұмысына шолу жасаса жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін алдымен оның көш бастаушыларының кімдер болғандығын анықтау мәселесі осы тақырыпты ғылими тұрғыдан игеруге шешуші түрде ықпал жасайды деп есептейді. Ашкееваның Н. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы саяси әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастары атты авторефераты ХХғасырдың басындағы саяси процестердің басында болған лидерлердің саяси қызметіне, шығармаларына талдау жасай келе ұлттық лидерлердің саяси-әлеуметтік көз-қарасын көрсеткен.

  • Осы тоталитаризм құрбаны болған ХХ ғасыр бас кезіндегі Қазақстандағы саяси процес лидерлері Ресей демократтарымен үзеңгілес болып, иық тірестіріп, еңбек еткен Әлихан Бөкейханов, Тұрар рұсқұлов, Халел Досмұхамедов, Смағұл Садуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай, т.б. болды. ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлері бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылдықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастарын тұжырымдайтындай арнайы зерттеу еңбектері жоқ. Көбінесе Алаш тарихына байланысты және сол кездегі саяси тұлғалардың шығармалар жинақтары шыққан. Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Тынышпаев, С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Т.Рұсқұлов т.б. шығармалар жинақтары мен еңбектерінің жарық көруі біздің тәуелсіздігіміздің жемісі болып табылады.
  • Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасырдың басында-ақ хальққа ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік, ақындық, журналистік қызметімен кеңінен таныс болды. Ол ғылым мен ілімнің, әдебиет пен жалпы мәдениеттің салаларында ондаған жылдар бойы ел игілігіне айналған және қазір де оған қызмет етіп келе жатқан асыл мұра қалдырды.
  • Ахмет Байтұрсьнұлы азамат больш қалыптасқан кезең Қазақстанньң Ресей империясының отарына түгелдей айналып болған уақытқа тұспа-тұс келді. Патша үкіметінің 1867-1868 жане 1886, 1891 жылдары Қазастанда жүзеге асырған көп салалық реформалары (әкімішілік, сот, салық, т. б. мәселелерге байланысты) өлкеміздің империяньң отарлы аймағы, ал халқымыздың отаршылдардың боданына айналғандығын заңдастырды. Осыған орай патшаның жергілікті әкімшіліктері тарапынан әлеуметтік-саяси тұрғыдан езу, оның жекелеген намысқой өкілдерін жәбірлеу мен қорлау жаппай орын алды. Мұны Байтұрсыновтар әулеті де бастан кешірді. XIX ғасырдың сексенінші жылдарында өз ауылында жәбірлеп, қорлағаны үшін Торғай уезінің бастығы Яковлевті Ахметтің әкесі Байтұрсын соққыға жывққан. Сол үшін ол ұзақ мерзімге Сібірге жер аударылған. Бала Ахмет осындай озбырлықтың талайын көріп, тез есейген43.[№15,28-29б.]. XX ғасыр басында өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыс өз алдына әуел баста жалпы ұлттық-демократиялық мақсат-міндеттерді қойды. Бұл істің басы-қасында екі ғасыр тоғысында қалыптасқан қазақ зиялылары болды. Әлихан Бөкейханов төңірегіне топтасқан зиялылар, ең алдымен, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов, өздерінің әдеби шығармаларының беттерінде демократиялық мәндегі ұлттың тең құықтылық, халықтың мәдениетін көтеру, отаршылдардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру сияқты әлеуметтік-саяси мәні бар мәселелерді көтерді. Бұған Ахмет Байтұрсынұлыньщ «Масасы» (1911 ж.), Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағы» (1909 ж.) дәлел бола алады және олардың авторларының сол кездің өзінде-ақ коғамдық-саяси мәні үлкен әрекеттерге барғанын көрсетеді.
  • Әлихан Бөкейхановтың бағыт беруімен Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен, Міржақып Дулатовтың қосшылығымен, озық ойлы, халық қамын ойлаған жекелеген дәулетті адамдардың демеушілігімен 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық биресми «Қазақ» газеті шыға бастады. Оның бірінші санында жарияланғаноқырмандарға арнаған мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы газетті «халықтьң көзі, құлағы һәм тілі» деп анықтай келіп, оның «жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», — деген тұжырымы арқылы газеттің қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын барынша айқындап берді. Газет 1917 жылы шілде айында дүниеге келген ұлттық-демократиялық партияны дайындауда сан қырлы, салиқалы жұмыстар атқарды. Партия Россияда 1917 жылы ақпан революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі елде орын алған саяси хал-ахуал берген мүмкіндіктер жағдайында 1917 жылы 12—26 шілдеде Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақтық сиезде құрылды. Бұл партияға «Алаш» деген ат беріледі. Сиезді шақыру мен оны өткізуде Ахмет Байтұрсынұлы үлкен белсенділік көрсетгі. Ол сиездің хатшылар тобын (құрамында М. Дулатов, Ә. Көтібаров, А. Сейітов бар) басқарып, оның маңызды құжаттарын жасауға жетекшілік етті. Сьезд өткеннен кейінгі екі-үш ай бойы оның шешімдеріне сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы «Алаш» партиясы бағдарламасыньң жобасын жасау ісіне қатынасты. Партия бағдарламасыньң жобасын жасауға, Ахаңмен бірге Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғүмаров, Есенғали Тұрмұхамбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов қатынасты. Петроградта қазан революциясы жеңіске жетіп, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау процесі жүріп жатқан кезде Ахмет Байтұрсынұлының белсенді араласуымен дайындалған «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы «Қазақ» газетінің 1917 жылы 21-қарашадағы санында жарияланды. Ахмет Байтұрсынұлы 1917 жыл�� 5—17-желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақтық екінші сиез жұмысына да белсенді түрде атсалысты. Сиез күн тәртібі Алаш партиясы бағдарламасы жобасының талаптарынан және орталықта социалистік революцияның жеңіске жетуіне байланысты орын алған қоғамдық-саяси өзгерістерден туындады. Сиез талқылап, шешім қабылдаған 10 мәселенің ішіндегі ең маңыздылары бүкіл қазақ жерлерін біріктіретін Алаш автономиясын (қазақ мемлекеттігін) құру оны басқаратын үкімет — Әлихан Бөкейханов басқарған — Алаштың Ордасы (Алашорданы сайлау) және «халықтық милиция» аталған Алаш автономнясының қарулы күштерін жасақтау жөнінде қабылданған шешімдер болды.
  • Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуын қазан төңкерісі мен большевиктік билік әкелген анархияға қарсы тосқауыл ретінде түсінген А, Байтұрсынұлы большевиктік үстемдіктің Казақстандағы алғашқы адамдарына мынандай баға берді; «Россияның орталық аудандарында большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарда ол барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық үкімет билігімен қатар жүргізіледі. Егер бұрын патша чиновниктері аталған адамдар тобы халақтарды ешбір шектеусіз езіп-жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді большевиктер — коммунистердің тобы жүргізіп отыр».
  • Сондықтан да Алашорда Кеңес өкіметін мойындамай, 1918 жылы жазда басталған азамат соғысы жағдайында оған қарсы ашық күреске шыққан күштермен (атаман Дутов басқарған Орынбор казачествосымен, адмирал Колчак басқарған Сібір үкіметімен, Орал казачествосымен, т. б.) одақтасты.
  • 1919 жылы сәуір айында Торғай қаласында азамат соғысы жағдайьнда қоғамнвң бір-біріне қарсы екіге бөлінуінің нәтижесінде Аманкелді Имановтың опат болуы Алашорданың торғайлық тобының Кеңес өкіметімен ымыраға келіп жақындасуын күрделілендіріп жіберді. Саяси хал-ахуалдың дамуындағы осындай өзгерістер келіспей жүргізу ушін Москваға барған А. Байтұрсынұлының жағдайын айтарлықтай қиындатты. Осыған қарамастан А. Байтұрсынұлы большевиктердің Алашордамен байланысқа барып, қазақ халқының тағдыры жөнінде келіссөздер жүргізу қажеттігін дәлелдеуге көп күш жұмсады. А. Байтұрсынұлының табандылығы аяқсыз қалған жоқ. Кеңес үкіметі қазақ халқының Ресей Федерациясы құрамындағы автономиялық мемлекеттік үйымдастыру ісін басқаратын орган құру туралы шешімге келді. 1919 жылы шілденің 10-ы күні В. И. Ленин «Қырғыз (қазақ — Н. К.) өлкесін басқаратын революциялық комитет жөніндегі уақытша ережеге» қол қойды. Казревкомның мүшелігне алғашында А. Байтұрсынов, С. Меңдешев, С. Пестковский (төрага) енгізіліп, кейін әр кезде оның құрамында Б. Қаратаев, М. Тұңғаншин, Б. Каралдин, Т. Седельников Т. Әлібеков, т. б. болды.
  • Ахмет Байтұрсынұлының Кеңес өкіметі жағына шығуын және оньң Қазревкомның мүшелігіне тағайындалуын большевиктер айтарлықтай саяси науқанға айналдырып жіберді. Көп кешікпей (1920 жылғы сәуірде) ол Кеңес мемлекетінің сол кездегі белгілі әскери және саяси қызметкері М. Фрунзенің ұсьнысымен Ресей коммунистік (большевиктер) партиясының мүшелігіне қабылданды. Осыған орай Орынборда шығып тұрған «Известия Киргизского (Казахского — Н. К.) края» атты большевиктік газеттің сол жылы сәуірдің 15-і күнгі санында арнайы мақала жарияланып, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты аса ірі «қайраткер және әдебиетшінің бейбіт үлттық либералзмнен Казан революциясын және Совет өкіметін тануға дейін кезеңдерден өтіп халықаралық коммунизмге келуін партияның ірі жеңісі және оның казақтар арасындағы ықпалының өсуінің жақсы көрінісі» — деп бағалады. Ал Ахмет Байтұрсынұлы болса коммунистік партияға бір жылдан ғана мүше болған болатын.
  • Мұстафа Шоқай, белгілі дәрежеде, бүкіл ресейлік ұлт азаттық, мұсылмандық қозғалыстың эпицентрінен бір-ақ шықты. Мұстафа Шоқай Мемлекеттік Дума жанындағы фракция жұмысына 1916-жылғы Түркістандағы қайғылы оқиғаларға байланысты Дума және үкіметтің тыңдауына арнайы баяндама дайындау барысында белсенді түрде қатысты. Баяндама дайындау А.Ф.Керенскийге жүктелген болатын. Қажет материалдар жинап қайту мақсатында А.Ф.Керенский 1916-жылдың күзіне қарай Ташкентке келіп қайтады. Онымен бірге келген Дума депутаттарының арасында М.Шоқайұлы да болды. Сол жылдың соңына қарай жоғарғы билік орындарының назарына ұсынылған бұл өткір баяндаманы дайындауда М.Шоқайұлының да үлесі бар-тын. Ақпан төңкерісін М.Шоқай Петербургте қарсы алды. М.Шоқай басқа түркістандық зиялылар сияқты ақпан төңкерісі нәтижесін үлкен ынтамен қолдап, уақытша үкімет билігі тұсындағы Түркістанда болып жатқан саяси оқиғаларға қызу араласады. 1917-жылдың сәуірінде бір жеті бойы Ташкентте өткен өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан Өлкелік Орталық Мұсылман Кеңесін құрып, оның төрағасы етіп Мұстафа Шоқайұлын сайлайды. Бұл факті оған түркістандық зиялылар тарапынан корсетілген ең жоғарғы сенімнің көрінісі болатын.
  • Бұл қызметке қоса М.Шоқай осы жылы Ташкенде Сырдария губерниялық басқармасының бөлім бастығы, Түркістан Комитеті жанындағы Өлкелік Кеңес мүшесі және баска қызметтерді атқарады. Осы жылдың 26-қарашасында Қоқан қаласында өз жұмысын бастаған Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі «Түркістан халықтарының өзін-өзі билеуіне ықылас білдіре отырып, Түркістанды Ресей Федеративтік Республикасымен ынтымағы бір территориялық автономия» деп жариялап, Түркістан Уақытша Кеңесі үкіметін құрды. М.Шокай әуелде бұл үкімст құрамына Сыртқы істер министрі есебіндс еніп, екі жеті өткен соң оның төрағасы болып сайланды.
  • Түркістан автономиясын жариялай отырып, М.Шокай мен оның серіктері бүл мақсатты іске асырудың қаншалыкты азапты, күрделі екендігін жақсы түсінді.
  • Ал осы 1917-жылдың 11-ақпанында большевиктер күшпен Қоқан ойранын жасап, таратып жіберген Түркістан (Қоқан) автономиялық үкіметі нені көздеді? 1917-жылдың желтоқсан айында М.Шоқай Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезіне қатынасып, съезд сайлаған Алашорда үкіметінің құрамына енді. Сөйтіп, ол жаңа құрылған екі үкіметтің де мүшесі болды. Оқиғалар ағымы бүл екі автономияның да ғұмырын ұзақ еткен жоқ. Құрамындағы халықтардың өзін-өзі басқару құқығын мансұқ еткен түрлі саяси топтардың өзара арпалыс күресі жағдайында мәселенің басқаша шешілуін күту қисынсыз еді. Бірақ бізге мәлім басы ашық жағдай сол, М.Шокайұлы өмірінің соңғы сәтіне шейін Түркістан халықтарының тәуелсіздігі олардың мемлекеттік тұтастығына байланысты деген ойда болды. Осы ойдың жалынды насихатшысы болып өмірден өтті.
  • Сонымен, Ресей империясы көлеміндегі азаматтық карсылықтың шиеленісуі барысында М.Шоқайұлы алдымен 1920-жылы Маңғыстау арқылы Грузия асады да, соңынан, яғни 1921-жылдын ақпанында Ыстамбулға аттанады.
  • Өз отанында қалған Алаш зиялыларына тиеселі басқа үлес жоқ-тын. Мұны Мұстафа Шоқайұлы жақсы түсінді. Түсінгендіктен де саналы түрде эмигрант тағдырын таңдап алды. Оның мұндай қадамға баруы, белгілі дәрежеде, азаматтық ерлікпен бірдей болатын. Бірақ Мұстафа Шоқай басқа отандастары сиякты Ыстамбулда ұзақ кідірместен ресейлік саяси эмиграцияның астанасы Парижге тартты. Оған Түркістандағы большевиктік диктатурамен күресу үшін европалық күрес құралы, тәжірибе және әдіс қажет еді. Керенскийдің «Дни» және Милюковтың «Последние новости» газеттеріне қызметке тұрғанда оның осы мақсаттарды көздегені анық. Бірақ Мұстафаның тұтас және еркін Түркістан идеясы большевиктерге қалай ұнамаса, париждік орыс демократиясына солай ұнай қойған жоқ-тын. Сондықнан да ол көп ұзамай-ақ (1923) орыс баспасөзімен байланысын үзіп, Керенский жөнс Милюковтардан іргесін алыс сала бастайды. Мұстафа Шоқайдың Парижге келудегі түпкі мақсаты, әрине, отаны Түркістанның азаттығы үшін күреске атсалысу еді.
  • Түркістандағы кеңестік билікті сынауды өзінің тікелей ұйымдастыруьмен 1927-жылдан бастап Ыстамбулда шыға бастаған, белгілі қайраткер және ғалым Заки Валиди редакторлық етуші «Жаңа Түркістан» журналы атқаруға тиіс еді. Кейіннен бұл басылымды 1929-1939-жылдар аралығында үзіліссіз шығып тұрған «Жас Түркістан» журналы ауыстырды. Оған өзі бас редакторлық жасады. Журналдың алдына қойған міндетін түсіндіруге арналған «Біздің жол» атты кіріспе сөзінде М.Шоқай «егер біз халқымыздың ұлттық тәуелсіздік жолындағы талаптарының мән-мағынасын сол күйінде күшін әлсіретпей «Яш Түркістан» беттеріңде бере алсақ, онда бәріміз үшін қасиетті жене аса ауыр жауапкершілік артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген болар едік.
  • М.Шоқайдың «Кеңестер билігіндегі Түркістан» атты еңбегі мәселемен тек сырттай ғана таныс батыстық интеллигенттің еңбегі емес, Түркістанда атқарылып жатқан істердің түп-төркінінен, терең астарынан, мұндағы түрлі мүдделер қақтығысынан жан-жақты хабардар, мәселенің тарихын жақсы білетін осы өлкеден шыққан зерттеушініц талдауы болатын.Міне, сондықтан да жаңа күш ала бастаған тоталитарлық режим мен Сталинге Мұстафа Шоқайдың сыны өте жайсыз тиді, олар бүл сын батыста және Кеңестер Одағының өзінде социалистік құрылыс туралы өздеріне тиімсіз пікір туғызуы мүмкін деген қауіпте болды.
  • Мұстафа Шоқай сынының ұтымдылығы оның аргументтілігінде, пайдаланған фактілерінің бұлтартпас дәлдігінде еді. Ал ол фактілерді М.Шоқай негізінен түркістандық орыс және қазақ тіліндегі басылымдардан алып отырды. Сол басылымдардың бірі Ташкентте 1920-1928-жыддары шығып түрған ресми басылым «Ақ жол» газеті болатын.
  • М.Шоқай өзінің сынын Қазан төңкерісін Түркістан халықтарының «үлкен қуанышпен» қабылдағандығы туралы кеңестік тарихнамадағы пікірдің тарихи шындыққа сәйкестігін анықтаудан бастайды. Ол Түркістан халықтарының, соның ішінде қазақ жұртының да Қазан төңкерісіне ешқандай да қатысы болмағандығын, большевиктердің өз бағдарламасын түсіңдіру мақсатында қазақ жұрты арасында үгіт-насихат жұмысын тек саяси билікке келген соң ғана бастағанын, ал олардың сөзі мен ісі арасындағы алшақтық кеңес билігінің алғашқы күндерінен-ақ байқалғандығын нақты фактілік негізде талдайды.
  • М.Шоқай Отанға қызмет жасаудың жолдары көп деп түсінген. Мария Шоқай естелігінде мынадай пікірді айтады: «Өмірінің соңғы сәттерінде, 1940-жылы соғыс тұсында ол үнемі Түркістанның большевиктерден , құтылуын армандайтын. «Алла елімнің тәуелсіздікке қол жеткізгенін көруді нәсіп етсе, мен тек үгіт-насихат ісімен ғана айналысар едім. Жастар үкімет құрса, мен елімнің тарихы және баска өлке халықтары туралы тамаша кітаптар, жазумен шүғылданар едім», — дейтін Мұстафа Шоқай. Бұл ретте ең беделді дерек — М.Шоқайұлының жары Мария Шоқайдың естелігі48.[40,389б.] Міне, осы естелігінде Мария Яковлевна Берлин қаласының «Виктория» ауруханасында 1941-жылы 27-желтоқсанда өмірден қайтқан жары , Мұстафаның бейнесімен соңғы рет қоштасқандығы туралы мынадай деп жазады: «Шыны қабырғаның ар жағында, ағаш табыттың ішінде Мұстафа үстінде жібек пижамасы бар жатыр екен. Бетін ақ салфеткамен жауып қойыпты, қолдары қарнының тұсында айкасқан, ұйықтап жатканға ұқсайды, жүзі жасарып кеткендей көрінді. Өлген емес, қатты ұйықтап кеткен секілді. Қарсы қабырғаға табыттың қақпағын сүйеп қойыпты. Мен Парижден кұран мен сәлде әкелген болатынмын. Қолының үстіне құранды қойдық, тақия мен сәлдені мұсылмандардың әдетіндей басына кигіздік»
  • Оқу-ағарту комиссариатының ғылыми комиссиясында Байтұрсынов, Досмұхамедов жэне Ысқақов қызмет істеді. 22-жылға дейін Оқу-ағарту комиссариатын Байтұрсынов басқарды, одан кейін Сүлеев Оқу-ағарту комиссариатының орынбасары болды, одан кейін Сәдуақасов келді, ОАК-ға Дулатов та жақын жүрді, бір кезде Ташкенттегі институттың директорлығының міндетін Әділов те атқарды. Қазақ мәдениеті мен ағарту ісінің жанашырларының қоғамы құрылды. Басқарма мүшелерінің құрамында: Х.Досмұхамедов төраға, Есболов орынбасар, Әуезов, Тынышбаев жэне Ж.Досмұхамедов пен Қашқынбаев болды. Қазақтың мемлекеттік баспаларында — Досмұхамедов пен Ысқақов Даниал (Ташкентте), Дулатов (Қызылордада), Бөкейханов пен Әуезов (Мәскеуде) қызмет істеді. Оқулықтарды — Байтұрсынов, Дулатов, Омаров Елдес, Досмұхамедов X. және («Алашорданың» кезіндегі идеологиялық бағыт-бағдар бойынша) жазды. Аударма әдебиеттерімен — Бөкейханов, Дулатов, Жұмабаев, Байтасов ж). Қазақ тілінде мыналар: X. Досмұхамедов (қазақтардың тәуелсіз кезіндегі өмірін жырлаған, батырлар мен қазақ даласының құдіретін баяндайтын ежелгі әндер мен халық аңыздары), Әуезов (өткен кездің табиғаты мен ауыл өмірін үлгі ете эпикалық сарында суреттеді, оларды үлгі етіп корсетті), Жұмабаев, Тынышбаев (орыс тілінде — кең байтақ кең далаға қоныстанған бұрынғы тәуелсіз өмірдің, өзге халықгарға тәуелсіз күн кешкен тарихын) кітап етіп бастырып шығарды. Ескі араб әліпбиін жақтап қорғағандар: Байтұрсынов, Е.Омаров, Байсейітов Әзіз. Тілдің тазалығы үшін күрескендер: (бұрынғы атаулар мен ұғымдарды): Байтұрсынов, Жұмабаев, Х.Досмұхамедов. Маркстік қондырғысыз, бұрынғы «Алашорданың» идеология-сының негізівде мектепке: Байтү.рсынов, Аймауытов, Жү-мабаев, Байтасов, Жэленов, Омаров Е., Омаров А.С., Байсейітов Әзіз, Әділев, Әуезов, X. Досмрсамедов, М. Тынышбаев оқулық жазды. Университетте (Алматыдағы) сабақ бергендер: Байтұрсынов, Ермеков, Досмұхамедов X., (университетгің ашылу кезінде Байтұр-сынов «Алашорданың» идеологиясы тұрғысынан сөйледі).
  • Қазақ ұлты рухани парасаттың даму баспалдағына неғұрлым биіктеп көтерілген сайын, өзі үшін құрбан болған алаш ғұламаларын соғұрлым құрметтеп, тағзым етуі тиіс. Өйткені, ұлттың рухани тәуелсіздігін сақтап қалғандар да, мәңгүрттіктен құтқарып кеткендер де, болашақтағы тәуелсіздіктің қасиетті ұлы жолын анықгап берген де солар.
  • Қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымын әшкерелеуге арналған бес жылға созылған тергеу ісінің нәтижесі осындай үкіммен тәмамдалды.