Дизайнға келуіме не себеп болды?
Мен әрдайым өмірдің жаңа толқынымен бірге жүруді қалаймын. Жаңашылдыққа құштармын. Құпия әлемдерді ашуды жаным сүйеді.
Осы уақытқа дейін біраз мамандықтарды игеріп бағымды сынап көргенмін. Ал дизайн болса сол жаңа мамандық ретінде мені бағындырып көр деп биік белес болып шақыруда. Оның шыңына жетпесем де, жар ортасына дейін көтерілгім келеді. Өзіммен қайта танысқым келеді. Мүмкін ішімде кішкентай талантты тентек ұйықтап жатыр. Әлем мен өзіңді зерттеуден шаршамау керек сияқты.
Әрине, бұл дүние де жаңа қабілетті талап етеді. Сүйіп істейтін жұмысымды одан да жақсы атқаруына қажет. Өмірлік миссиям бар менің. Оны да жүзеге асырады деп сенемін.
Дизайнды игеру үлкен өмірлік жетістіктерге алып келетіндей сезім бар.
Барлығы қажырлы еңбек пен ашық жүрекпен келетін дүние деп сенем.