February 14, 2024

А әрпіні кім ойлап тапты?

А әрпі неге осылай жазылады, еш ойландыңыз ба? Немесе Б әрпі неге былай жазылады? Бұл әріптерді осылай жазу кімнің ойына келді? Әрине бір адамның емес. Бұлардың латын әріптері сияқты аттарына да қарамаңыз. Өйткені жеке бір елдің немесе бір мәдениеттің шығарғаны емес.

4000 жыл бұрын Мысырлықтар "иероглиф" деген ерекше жазу системасын қолданған. Бұл жазудың әріптері жоқ. Сөздер және сөз тіркестері үшін суреттерді қолданды. Мыңдаған пішіндер. Осынша мыңдаған пішіндерді қарапайым адамдардың жаттауы өте қиын. Сондықтан оқу жазу ісін уақытын және байлығын бөле алатын байлар білетін. Білімді жазу және оны басқару тек солардың қолында еді.

Синай түбегінде біреу осы күрделі жазуды қарапайым түрге келтірудің бір жолын тапты. "Ойымызға келген әр сөзге бір фигура тапқанша, аузымыздан шыққан әр дыбыс үшін бір фигура/пішін қолданайық" деді. Осылайша ойды жеткізу үшін мыңдаған сурет салудың орнына, дыбыстарды білдіретін 20-30 шақты символ жеткілікті болды.

Бұл символдар әліппенің алғашқы және ең ескі түрі.

Үйдің жоспарына ұқсайтын мына фигураға "Б" дыбысын білдіреді.

Ал балыққа ұқсайтын мына фигура "Д" дыбысын білдірді. Ал ең басындағы "А" әрпін неге ұқсата аламыз? Бұқанын басына?

Әліппенің бірінші әрпі, сол дәуірдің адамдары үшін ең қымбат, ең қадірлі нәрсе бұқалардан, сиырлардан алынған. Иероглиф жазуындағы мыңдаған суреттердің ішінен неге бұқалар таңдалды? Өйткені етінен, сүтінен, терісінен және қара күшінен пайдаланылған бұл жануарлар, ақша ойлап табылғанға дейін адамдар үшін ең қадірлі нәрсе болған. Бұрынғы адамдар оларды соншалықты жақсы көрген, үңгірлерге суреттерін салатын болған. Аспанға қарап жұлдыздардан бұқаны көретін болған. Жұлдызнамаға қосқан. Сол дәуірдің адамдарына бұқа алтын сияқты қадірлі болған. Бұл символ қазіргі кезде де кездеседі. Ақша нарығының ортасы саналатын Нью-Йорктағы Уалл Стриттің символы да бұқа болуы бекер емес.

Алғашқы әліппенің бірінші әрпі болған бұқаның басы қалайша бүгінгі күнде қолданып жүрген әріпке ауысты? Жерорта теңізі жағасында, қазіргі Ливан жерінде өмір сүрген, теңізде жүзумен және саудамен айналысқан Финикиялықтар сауда саттықты жаю үшін әліппені өзгертті. Әлі де суретке ұқсайтын әріптердің стилін өзгертті.

Бірінші әріпті қарасақ бір жағынан әлі бұқаның басына ұқсайды, бірақ тезірек жазылады. Оңнан солға жазылған бұл әліппе кейіннен арап және ибрани тілдерінің әріптеріне өзгерді.

Кейбір әріптердің шығуын қарастырып көрейік. Финикиялықтар балтаны "зайн" деп атаған. Ол Z әрпіне айналған

Ең аз өзгеріске ұшыраған әріптердің бірі О.

N әрпінің атасы жылан

М әрпі толқандардан алынған және алғашында үш төбесі болған.

L әрпі де аз өзгергендердің бірі. Ескі тілдерде тәңір деген мағынаны білдірген.

Н әрпінің негізі малдың кетіп қалуынан қорғаған шарбақтардан келеді.

Е әрпінің бастапқы нұсқасы бір адам.

Үй, балта, шарбақ, шарбақтың ішіндегі жануарларды да ескерсек әліппенің бұрынғы адамдардың айналасындағы заттардан шыққаныны айтуға болады.

Финикиялықтар қолданған бұл әріптер сауда жолдарымен Анадолы арқылы Ежелгі Грек жерлеріне жетті.

Гректердің әліппеге қосқан ең үлкен үлестері дауысты дыбыстарды қосуы болды. Ол уақытқа дейін әліппе тек дауыссыз дыбыстардан тұратын және оңнан солға қарай жазылатын. Гректер де басында оңнан солға қарай жазып жүрді. Кейін оңнан солға және солдан оңға қарай екі жазу бағытын да қолданып жүрді. Кейіннен оң қолмен жазатындар сол қолмен жазатындарға қарағанда көп болғандықтан солдан оңға қарай жаза бастады.

Бүгінгі латын және кирил әріптерінің түбірі осы Ежелгі грек әріптерінен басталады.

Финикиялықтардың Алеф деген бірінші әрібін ибрани тілінде сол күйі қалды, арапша Алиф болып, гректерде Альфа болып өзгерді.

350 жылдан кейін бұл әріптер италияға жетті және италик әліппе деп атала бастады. Тағы 400 жылдан кейін, бүгінгі күнтізбе қолданыла бастаған кезде Римдіктер бүгінгі латын әліппесіне ең жақын түрге келтірілді.