October 9, 2018

Тазару. Кешірім. Шүкіршілік

Қайырлы кеш, ханымдар!

Біздің онлайн сабақ әлемдегі нәзік те ең сұлу жаратылыс - ӘЙЕЛ туралы. Алла бұйыртса 15 күн бойы бізбен бірге өз болмысыңызды тану, өзіңді сүю, сезіну, бағалау, кешіру, түсінуге қадам жасайсыздар. Әйел бақытын бірге іздейміз.

Біз бастаған "ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ИНТИМДІК САУАТТЫЛЫҚ" онлайн сабағының маңызды ақпараттары сіздерге түсінікті және пайдалы болу үшін, сабағымыздың бағдарламасын бірінші Тазару, Кешірім және Шүкіршілік тақырыптарынан бастағанды жөн көрдік.

Біздің МОТИВЦИЯЛЫҚ МАРАФОНҒА қатысқан қыздар бұл тақырыптарды біледі, бірақ қайталау жасағанымыз, жаңадан келген қыздарға кіріспе болып, марафоншыларымызға қайталау сабағы болады.

Өмірімізге жаңа өзгерістер мен жаңалықтар енгізу үшін - алдымен ТАЗАЛЫҚ жұмыстарын жүргізу керектігі сөзсіз. Көктемде гүл егерде бірінші жерді жыртып жаңартып алған сияқты, біз де сіздерге жаңа ақпарат берер алдында ауқымды тазалық жұмыстырын жүргізуді жөн көрдік. Ертең жан-жағыңызда барынша реттеу тазалау жұмыстарын жүргізіңіз. Бұл мәселеде әйгілі Кон Мари әдісі көмекке келеді. Ескіден арылып, жаңаға орын беріңіз.

Материалды-физикалық тазалаудан өтуде - мидың тазалығын да қолға алу маңызды. Бұл дегеніміз - ойдың, жанның, көңілдің, жүректің тазалығы және рухани, эмоционалдық тазалық. Яғни бүгін тағы, өкпе, реніш, кек, жаман негативті эфмоциялардан арыламыз.

Исламда бұл техниканы, яғни эмоциялардан арылудың жолын - Алла Тағаладан үнемі кешірім сұрау дейді, арабшада "Истиғфар" деп атайды.

Алла Тағала АСА КЕШІРІМДІ, кешіргенді жақсы көреді.

«Астағфируллах!» (аудармасы «Алладан кешірім сұраймын!») сөзін күнде жатарда 100 рет қайталап айтыңыз және "мені ренжіткен барлық мұсылмандарды кешірдім, Алла Тағалам, сен де мені кешірші" деп дұға айтып ұйқыға кетуіңіз керек.

Ал, психология жаман қажетсіз эмоциялардан арылудың жолын былай көрсетеді:

  • Оңаша қалыңыз. Диафрагмамен дем алу техникасын 5-6 рет жасаңыз.
  • Ақ қағазды алыңыз (2-3 парақ алыңыз).
  • Өміріңізде болған барлық ренжу, кек, ыза, жүректі сыздататын, ешкіммен бөлісе алмайтын сырларыңызды түгел жазыңыз, бірін де қалдырмаңыз. Сол сәтте тек ақ қағаз бен сіз барсыз. Оған барынша сенуге болады. Оны ешкім оқымайды. Ол барлық сөзді көтереді. Ағыңыздан жарылып, бәрін жазыңыз. Әкеңіз бен анаңызға, бауырларыңызға ренішіңіз болса бірінші солардан бастаңыз.
  • Жазғанда не жағдай болғанын, неліктен сіздің көңіліңізге қаяу түскенін бүге шігесіне дейін жазыңыз. Эмоцияға ерік беруден қорықпаңыз, жылағыңыз келсе жылап алыңыз. Жазған әңгімеңізден көңіліңізден бір жеңілдік сезінуіңіз керек.
  • Жазып болған соң, қағазды мыжып, өртеңіз. Қалада тұратындар ваннаға жасауға болады. Жер үйде тұратындарға бұл - оңай іс.

Бұл техниканы өміріңіздегі әр оқиғаға қатысты бірнеше рет жасауға болады. Соңында сіз өткен шақта қалған сол ойлардан ешқандай сезім сезінбей, жазарға сөз таппай қаласыз. Бұл - жаман ойлардан арылғаныңыздың нәтижесі!

Тазараған тәніміз бен жанымызды енді жаңа пайдалы дүниелермен, позитивпен, жағымды энергиямен толтыруымыз қажет. Сондықтан ең бірінші шүкіршілік айтуды үйренейік.

Асыл дініміз Исламда ШҮКІРШІЛІК айту - ресми психологиядағы рахмет, алғыс айту техникасына ұқсас.

ШҮКІРШІЛІК ЕТУ – көп қырлы амалдардың бірі болып табылады. Алланың нығметін санасақ, санына жете алмасымыз — ақиқат. Міне, осындай жоғары мәртебеге ие жаратылыс ретінде жер жүзінде сан-санақсыз нығметтермен ризықтандырып, өмірдің сан алуан жақсылықтарын нәсіп еткені үшін Аллаға құлдарының шүкіршілік етуі заңды емес пе?!

Алла Тағалаға шын ниетіңізбен, мән беріп, жүрекпен ШҮКІРШІЛІК АЙТСАҢЫЗ көңіл-күйіңіз көтеріліп, өміріңізге көзқарасыңыз өзгеретініне кәміл сенеміз.

Күні бойы осыншама тірлік бітірген денеңіз әдемі күтімге әбден лайық, солай емес пе? Өзіңізді бүгін еркелетіңіз, сүйікті гель, скраб, маскаларыңызды қолданып, өз тәніңізге рахат сыйлаңыз. Моншаға баруға да болады. Ертеңгі күнімізді осындай әдемі нәтижемен аяқтаймыз.

КҮНДЕЛІКТІ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРАТЫН ТЕХНИКА: Кешке душ немесе ваннаға түсіп, "өзімді, өмірімді жақсы жаққа өзгертемін" деп ішіңізден айтып сөз беріңіз. Сумен бірге бар ауырлығыңыз, ескі ренішіңіз, проблемаларыңыз кетіп жатқанын елестетіңіз. Бұл өте мықты нәтижелі техника.

ТАПСЫРМА:

  1. Ертең үйіңізде, жұмыста отырған жеріңізде тазалық жұмыстарын жүргізіңіз. Артық ескі заттардан құтылыңыз. Бұл - күнде жасап жүрген ісіңіз болса, ертең осы ісіңізге ерекше сезім қосыңыз. Ескі затты тастарда жамандықтан құтылып, жақсылыққа орын бостып жатырмын деп ниеттеніңіз. Алла тілектеріңізді қабыл етуін тілеңіз.
  2. Өз өміріңізде шүкіршілік ететін 100 жақсылықтың тізімін жазыңыз. Қазіргі, бүгінгі бар болмысыңызда Алла Тағаланың берген қандай нығметтеріне шүкір айтасыз?

ЕСКЕРТУ:

  1. Ертең сағат 17:00-де тақырыпқа байланысты тікелей эфир болады. Инстаграмдағы парақшаға міндетті түрде қосылыңыз. Эфирге дайындықпен келіңіз! Дәптер, ручка және наушнигіңіз болсын!
  2. Біз беріп отырған барлық жазба, дауыстық және бейне (видео) ақпараттарды таратуға, қатаң тыйым салынады. АМАНАТ!