Қауымдағы шәкіртшілік қызметі
Бір қалада жас ана жаңа туған нәрестесін гараждардың қасына тастап кетеді. Ол ауруханадан қазір ғана шыққан еді. Баласын полиэтилен пакетіне салған болатын. Бұл оқиға қарашада, күн салқындау кезде болып еді. Сәби өліп қалуы мүмкін еді. Білесіздер ме, анасы бұны жасағанда, сәбидің қолындағы биркасын шешуді ұмытып кетіпті. Бірақ, бұны жасарда ол жайлы анасы ештене ойламады.
Бұл оқиға туралы оқығанда, менің айтарға сөзім болмады. Неге осындай жайт орын алды деп ойладым. Бүгінде адамдар сұмдық істер жасайды. - Аналық сезімдері қайда жоғалып кетеді екен - деп, ойланасын. Біздер осындай оқиғаларды естігенде, ал өкінішке орай олар аз емес, бізде адам ойына сыймайтын сезім пайда болады деп ойлаймын. Ашу туғызады. Ішімізде, бұл жағдай болмауы керек еді деген ойлар пайда болады. Біз қамқорлықтың орнына, жүрексіздікті көреміз. Қорғаныстың орнына, біз суық қандылықты көреміз. Махаббаттың орнына - немқұрайлылық.
Бауырлар, біздің жергілікті қауымдарда рухани туылған балалармен жұмыс қалай жүріп жатыр? Ия, әрине, біз ешқашан полиэтилен пакетті қолдануды ойламас едік. Біз Ізгі хабарды уағыздап жатырмыз, өйткені біз Құдайды жақсы көреміз және адамдардың құтқарылуын қалаймыз. Сонымен қатар, өкінішке орай, қауымда нәрестелік фактілері мен жетілмегендік фактілерімен кезігеміз. Уақытқа қарасақ, адамдар мұғалім болулары керек еді.
Қауымда шәкірт болудың маңыздылығын әрқайсымыз түсінеміз. Бәлкім, біз бұл үшін бірнеше бағдарламаны қолданған шығармыз, мысалы, қауымдағы шәкіртшілік. Бірақ, өкінішке орай, адамның қандай да бір білімі болып, тіпті тәлім беруге қабілеті де бар болуы мүмкін, дегенмен, ол өз қызметінде жетілмегендік көрсетуі мүмкін. Тіпті қауым басшылығының арасында да осындай жайттарды, яғни реніш, ашушаңдық, бөлінуді байқаймыз. Осылардың бәрі рухани жетілмегендіктің белгілері емес пе? Біз бар күшімізді Ізгі хабарға бағыттаймыз және бізге жаңа адамдар келген кезде, өкінішке орай, олар ізгі хабарға сай өмірімізді көрмейді.
Неге? Не себептен? Бауырлар, мен сіздермен бірге елші Пауылдың қызметіне қарап үйренгенімізді қалаймын! Ізгі хабар айту қызметі, Пауылдың, бұл қызметтен еш кем емес, шәкіртшілік қызметімен қалай үйлесімді бірікті?
Елшілердің істері 20:31-ге сүйене отырып, сіздермен бірге қарағым келеді. Бәріміз де бірге ашып қарайықшы. Елшілердің істері 20-шы тарау, 31-ші аятқа назар аударайық. Шәкіртшіліктің 5 компонентіне назар аударайық!
«Сондықтан сақ болыңдар! Күн-түн демей,үш жыл бойы үзбестен әрқайсыңа нұсқау беріп,көз жасымды төккенім естеріңде болсын» Елш. істері 20:31
Басында, Елшілердің істері кітабында, Лұқа 1:8-де кітаптың бүкіл тақырыбын айқындап береді. Лұқа Мәсіхтің сөздерін келтіріп жазады. Иса айтады: «...Содан сендер Иерусалимде, бүкіл Яһудея мен Самария аймақтарында және жердің шетіне дейін Маған куә боласыңдар»
Шындығында, егер біз бүкіл кітапты қарайтын болсақ, онда бұл тақырыптың қалай дамитынын байқаймыз: 1 тараудан - Иерусалимдегі күәлік. 8 тараудан - Яхудея және Самариядағы куәлік. Содан кейін, Елші Пауыл пайда болады. 13 тараудан бастап - куәлік жердің түбіне дейін дамиды.
Біз Құдай Сөзінің таралу динамикасын көреміз. Тараулар арқылы, Құдай сөзінің таралғанын айтады. 6 тарау, 7 аятта жазылған: «Осылай Құдайдың сөзі кеңінен тарап, Иерусалимде Мәсіхтің жолын қуушы шәкірттерінің саны көбейе берді...» 9 тарау, 31 аятта: «Осылай сенушілер қауымы бүкіл Яһудея, Ғалилея және Самария аймақтарында тыныш күндерді басынан кешті. Олар рухани күшейіп, Иемізді терең қастерлеп, Киелі Рухтың қолдауымен көбейіп жатты» 12:24 «Ал Құдайдың сөзі кеңінен тарап, сенушілердің саны өсе берді». 16:5 «Содан қауымдардың сенімі күшейіп, сенушілердің саны күн сайын арта берді». 19:20 «Иеміздің Ізгі хабары осылай кең тарап, құдіретін көрсетті». 28:30-31 «Ал Пауыл өзінің жалдап алған үйінде толық екі жыл тұрып, өзіне келгендердің бәрін де қабылдап отырды. Оларға Құдай Патшалығын еш бөгетсіз, батыл уағыздап, Иеміз Иса Мәсіх туралы тәлім беріп жүрді».
Біз сөздің таралу динамикасын көреміз. Елшілердің істерін оқыған әркім осы нәрсені қалайды деп ойлаймын. Сонымен, бір жағынан, біз ізгі хабар қызметінің көрінетін бөлігін көреміз, бірақ, біз оқыған мәтін сол қауымда болған көрінбейтін жайттарды ашып көрсетеді. Бірақ біз оқыған аят мұнымен бітпегенін, Пауылдың қауымда шәкіртшілікпен қалай айналысқанын көреміз.
Елші ақсақалдармен қоштасып, олардың қызметтері туралы соңғы нұсқаулар береді. Ол осылай жасап, Ефестегі қызметін еске түсіреді. Пауыл ішкі-сыртқы қауіптерді айта отырып, өзінің бір кездері үйреткенін еске ала отырып, сергек болуға шақырады. Сөзбе-сөз, бұның мағынасы нұсқау беру дегенді білдіреді.
Біреу есептеп қорытынды жасады. Шамамен, біздің барлық үйреткеніміздің 90%-ы біз шындыққа деген дұрыс емес көзқарасты дұрыстау болып табылады екен. Тек 5-10%-ында ғана жаңа нәрсе айтады екенбіз, ал қалғаныңда шындыққа деген қате түсінігін түзетеміз. Біз бұл сөздің түп-тамырын Қолостықтарға 1:28 кездестіреміз. Пауыл былай дейді: «Мәсіх туралы хабарды біз барлық адамдарға жеткізіп, бәріне де ескертіп, барынша даналықпен тәлім беріп келеміз. Осылай әрбір жанды Мәсіхпен тығыз байланыста, толық кемелденген түрде Құдай алдына әкелуге талаптанудамыз». Біз Қолостықтарға арналған хатта және Елшілердің істерінде Пауылдың әрбір адамға нұсқау беретінін көреміз. Жетекшілерге айтады: әрқайсыңды.
Бауырлар, бұл шынымен де өте маңызды. Осы жерде тиімді шәкіртшіліктің бірінші компонентін көреміз. Пауылдың шәкіртшілігі:
I. Жекеше
Салониқалықтарға арналған бірінші хат 5:14 айтады: «Бауырластар, сендерден тағы мынаны өтінеміз: жүгенсіз, бос жүргендерге ескерту жасаңдар, жасқаншақтарға жігер беріңдер, әлсіздерді қолдап, төзімділік танытыңдар!» Біз бұл жерден әртүрлі санаттағы адамдарды көреміз. Біреулерге, жүгенсіз болғасын ескерту жасау керек. Басқаларға жігер керек, себебі олар жасқаншақ. Үшіншіге қолдау керек, себебі олар әлсіз.
Білесіздер ме, бұл Пауылдан келген жаңа нәрсе емес. Иса Мәсіх халықтың көпшілігімен бірге болып, 12 шәкіртіне де жеке тәлім берді. Олардың ішінде жеке сөйлескен үш шәкірті де болды, жеке-жеке қарым-қатынаста болды. Мүмкін біз бұны білетін болармыз, бірақ та кейде елемейміз. Не үшін?
Мүмкін, қауымда тәлімгер мен шәкірт арасында бәсекелестік болғандықтан шығар? Мүмкін, бұл біздің жергілікті қауымда, біздің қызмет ету тәжірибемізде де болып жатқан шығар.
1. Мүмкін, бұл шектен тыс мейрамдарды өткізуге деген әуестенушілік болар.
Мейрамнан мейрамға дейін. Адамдар табиғатына қарай тұтынушылар. Олар қауымға келгенде осыған үйренеді. Олар қауымға тұтынушы ретінде келеді, бірақ басқа "базарға". Олар қауымға келіп отырып тыңдайды, мүмкін керемет уағыз, өлең тыңдаған болар, сосын келесі аптаға дейін қоштасады. Мен де мейрамдарды жақсы көремін, бізде жақында қауымда мейрам болды. Біздің кейде осындай мейрамдарды ұйымдастырудан қолымыз босамайды. Кейде адамдар, тек қатысып жатқан қызметшілер қызмет етіп жатыр деп ойлайды. Кейде адамдар жаңа мейрам қашан болады деп күтеді. Алайда, Киелі жазба бізге басқа қызмет түрін көрсетеді. Бұл - жеке шәкіртшілік. Әрбіріміз тиімді қызметпен айналыса аламыз.
Мен бауырымнан бір куәлік естіген едім. Қуғындау болып жатқан елдерде, олардың ғимараттары жоқ. Олар жеке шәкіртшілікпен айналысады, оларда үй қауымы болады. Ол айтады: «Егер бізде қуғындау мен қиыншылықтар тоқтаса да, біз бәрібір ғимараттар алмаймыз деп ойлаймын. Оларды қамтамасыз ету керек, оған көп қаражат керек. Әрине, біз жиналатын боламыз, мүмкін бір жерді жалға да алатын шығармыз. Бірақ, ол өзінің қызметі туралы айтқанда мен таң қалдым: оларда "өсу" бар. Елшілердің істерінде айтқандай, шәкірттер көбейіп жатыр.
2. Сондай-ақ, бәсекелестік тудыратын нәрсе - бұл қауымда міндеттерді бөліп бермеу.
Әрбір адам дәрігерге қаралу үшін кезекте тұрған болар деп ойлаймын. Бұл сондай жағымсыз сәт. Дәрігер қашан бізді тексереді, қарайды деп күтеміз. Сіз сол ұзақ кезекте рақаттанып тұрасыз ба? Мен жоқ деп ойлаймын. Неліктен осы көрінбейтін кезек кейде қауымда да пайда болады? Біз осы мәселені шешкіміз келеді ме? Барлығын сол дәрігерге бірге кіргізіп, бәріне бір дәріні жазып берсе ше? Жоқ, біз дәрігердің әрбір адамды жеке қабылдағанын қалаймыз. Бірақ, бір жағынан кезекке тұрғымыз келмейді.
Біз Елшілердің істерін оқығанда Пауыл әрбір Ғалаттық қауымда «жетекшілерді» тағайындады. (Елш. істері 14:23) Кейінірек Титке Критте де солай етуге нұсқау берді. Қызық, ол осы жерде де қауымға жетекшілерді шақырады. Олардың арасында қайсысының дәрежесі жоғары, кім басшы? Біз осы жерден оқимыз. Ол тек біреуіне емес, тең дәрежеде барлығына жүгінеді. Бауырлар, олар бір кездері жаңа туылған сәбидей болды емес пе? Ол бәрімен сөйлесіп, өзінің қызметін еске ала отырып, оларды қызмет жасауға үйреткенін көреміз. Қауымда қызмет өте көп. Бізге қауымда ұжым болып бірге қызмет етуді жетілдіру керек. Өкілеттілікті бөлу керек.
3. Сондай-ақ, адамдарға емес материалдық ресурстарға салым салу - бәсекелестік тудыруы мүмкін.
Қызық, Елшілердің істерінде "бір-бірлеріңді" деген сөз 5 рет кездеседі. Бір-бірлеріңе тәлім беріңдер, жігер беріңдер, жақсы көріңдер және т.б. Әркім өз деңгейінде шәкіртшілікке шақырылғанын көреміз. Шәкіртшілікті құмырсқадай елестетемін. Әркімнің мақсаты бар, бәрі еңбек етуде. Оларға қарап кімнің басшы екенін көрмейсің, алайда басшы бар. Бірақ барлығы бірдей бірдеме жасайды, олардың мақсаттары бар. Білесіздер ме, Тімотеге тәлім беру Пауылдан басталған жоқ. Оның анасын және әжесін ұмытпайық. Неліктен отбасыда тәлім беру қиынға соғады?
4. Мүмкін, жексенбілік мектеп бәсекелестік тудыратын шығар?
Тұтынушы өзінің қажеттіліктерін арттырған кезде, ол ойлайды: жексенбілік мектеп бар, соған барсын, үйренсін деп. Бірақ ол өскен кезде мәселелер пайда болады, яғни адамдар өзінің жауапкершілігін сезінбейді. Ата-аналардың өз балаларына тәлім берулері де шәкіртшіліктің бір бөлігі болып табылады.
Бауырлар, егер біз бір сәтте жүйелі жиналыссыз қалсақ не істер едік? Олардың орны бөлек. Бүгінгі күнде сиыну үйлері біз үшін үлкен бата. Әрине жиналғанымыз жақсы, бірақ, біз өзімізді сынап көрейік. Жиналыссыз қалсақ қауым әлсізденеді, біз енді жинала алмаймыз, әрі қарай не істейміз деген сұрақтар туады. Бірақ, шынында, қызмет қауымның сыртында басталады. Біз сол кезде сенбеушілерге тәлім бере бастаймыз.
Бізде жақында Корам део қызметі басталды. Бұл өте жақсы құрал, біз бұны бауырларды жабдықтау үшін қолдана аламыз. Осы арқылы олар да осы қызметпен айналыса алады. Біз қазір қандай да бір бағдарлама туралы айтып жатқан жоқпыз, кез келген бағдарламаның жақсы да, жаман да жақтары бар болуы мүмкін. Мен жай ғана Пауылдың шәкіртшілікке деген көзқарасына назар аударғым келеді.
Сонымен Пауылдың шәкіртшілігі жеке болғанын көреміз. Әрі қарай, екенші компонент - Пауылдың шәкіртшілігі жүректен шыққанын байқаймыз.
II. Жүректен
Біз бұл аяттан көре аламыз: ...көз жасымды төккенім естеріңде болсын. (Елш.істері 20:31) Негізінде Пауылдың шақыруы ескерту болып табылады: «Енді өздеріңе де, ...» (28), «Сондықтан сақ болыңдар! ...» (31).
Шәкіртшілік - ұстаздың өзі де үнемі оқитын болса ғана мүмкін болады. Айта кетейік, бұл жерде айтып отырған бақташылар ең бірінші өздерін таза сақтап, содан кейін, отарын қадағалаулары керек. Егер олар өз жандарын қадағалап, қамқорлық жасамаса басқаларға дұрыс қамқор бола алмайды. Жүрегіне қарап, оны үнемі тексеріп, қателіктерден сақтау маңызды. Іс-әрекеттеріңе қарсы болмас үшін, сөздеріңе мән бер. Менің өмір салтым уағыздалған сөзден алшақтамауы керек.
Жүрекпен шәкіртшілік жасау адамның өзінің жағдайын түсіну арқылы мүмкін болады. Тәлімгер, тәлім берушіден жақсы емес. Ол өзін үнемі сынап көруге шақырады. Сіздерге қалай екенін білмеймін, бірақ керемет, Киелі кітапқа сай уағыз айтатын, дегенмен, Ізгі хабарға сай өмір сүрмейтін адамның тәлімдерін тыңдау мен үшін өте қиын. Білесіздер ме, біз күнәларымыз үшін жылаған кезде адамдармен де жылай аламыз. Қателіктерімізді мойындаған кезде, біз өзімізді жетілмегендігімізді түсінеміз. Қателіктерімізді қалай шын жүректен мойындаймыз және кешірім сұраймыз.
Бауырлар, бұл тәлім берудің көрінбейтін бөлігі. Бұл адамдарды жинап оларды үйрету емес. Біздің де рухани жетілген еместігімізді адамдар көреді. Біз әлі жетілген жоқпыз. Біз тіпті енді тәубе еткен бауырларымыздан кешірім сұрау арқылы да оларға тәлім береміз. Адамдар біздің кешірім сұрауға қабілетті екендігімізді көреді. «Көз жасымен» деген сөздер Пауылдың кішіпейілділік пен сынақтарда қызмет еткенін көрсетеді. 19-аятқа қараңыз: «Еш мансап қумай, кішіпейілдікпен, көз жасымды төгіп, яһудилердің қастандықтарының кесірінен болған ауыр азапқа қарамастан, Иемізге қызмет етіп келдім»Шәкіртшілік бәрі жақсы болған жағдайда емес, яһудилер зұлымдықтар жасағанда да болады. Сондықтан бауырлар, бізге осы туралы ойланып сиыну керек.
Әрі қарай, біз шәкіртшіліктің үшінші компонентін көреміз. Үнемі, яғни үзбестен!
III. Үзбестен
Пауыл айтады: «... үзбестен әрқайсыңа нұсқау беріп, көз жасымды төккенім естеріңде болсын». Пауыл пайдалы нәрсені жіберіп алмағанын айтады. (20 аят) Ол бұған қалай қол жеткізді? Ол ғибадатханада және үйлерде мүмкіндігінше үйретті. 26-шы аятта айтады: «...ешкімнің қанын мойныма жүктемеймін деп мәлімдеймін». Қалайша? 27-ші аятта айтады: «Себебі мен уағыз айтқандаештеңені жасырмай, Құдайдың еркін түгел жарияладым».
Бауырлар, біз бүгін солай айта аламыз ба? Біз ештенені ұмытпадық, біз тазамыз, біз Құдайдың еркін жариялаймыз. Өткен жылымызды талдап көрейік. Уағызымызды талдап көрейік. Семинарларды. Кейде біздің тақырып бір жерде айналып тұратын сияқты көрінеді. Ұлы тапсырма айтады: «... әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер!» Исаның бұйырған барлық өсиеттерін. Бұл үздіксіз жүйелі жаттығулар мен үйлестірілген тағамды қажет етеді. Біз күнде үзбестен осыны жасағанда қабілетті боламыз.
Нәтижеге көңіл бөлген кезде тұрақсыздықтың болуы ықтимал. Біз нәтиже көргіміз келеді, бұл жасырын емес. Бауырлар, адамға уақыт бөлсек, біз оны ешқашан жоғалтпаймыз. Егер сіз шақырған адамдар кетіп қалса немесе қазіргі өмірді жақсы көріп кетсе мұңаймаңыз. Бірақ ең жаманы, осы өмірді жақсы көретін адаммен кездескенде, қолдарымызды түсіре бастаймыз.
Бауырлар, үзбестен! 30-ші аятта: «Тіпті өз араларыңнан да жалған ілімдерді уағыздап, Иеміздің шәкірттерін теріс жолға азғырушылар шықпақ». Елші Пауыл өз нәтижелерін дәріптеп тұрған жоқ. Қызық, ол оларға тәлім беріп өсірді. Енді ол оларды шақырып жатыр, бірақ, олардың ішінен біреу қарсы шығатынын түсінеді. Шәкірттерді азғыруға. Бірақ, соған бола ол берілмейді.
Менің есіме Тімотеге арналған 2-ші хат түседі. Пауыл түрмеде, көбі оны тастап кетті. Пауыл жеңілген сияқты көрінеді. Бірақ Тімотеге айтады: «Өзің менен естіп,...сенімді жандарға аманатта!» (2Тім 2:2)
Пауылда мұндай сенімділік пен тұрақтылық қайдан келген? Мен жетекшілерге арналған үндеуін оқимын. 24-ші аятта рақымдылық туралы ізгі хабарды уағыздады. 32-ші аятта шәкірттерін Құдайдың рақымын білдіретін сөзіне аманаттады. «Ал енді сендерді Құдайға және Оның рақымын білдіретін сөзіне аманаттаймын. Өздеріңді нығайтып, Өзіне бағышталған барлық адамдарымен бірге сендерге де уәде еткен жарылқауларын қиямет күні беруге Оның құдіреті жетеді». (Елш. істері 20:32)
Ол шәкіртшілік жасады, рақымдылықтың ізгі хабарын уағыздады. Ол Құдайға сенім артты, ізгі хабар шынымен де адамдардың жүрегін өзгерте алатын және оларды алға жетелейтін күш екеніне сенді. Біз жағдайды бақылауда ұстай алмаймыз. Біз адамдарды ұстап тұра алмаймыз және оларға өз қалағанымызды күштеп жасата алмаймыз. Бірақ біз ізгі хабардың олардың жүректерінде жұмыс жасап, өзгертетіне сенімді болуымыз керек. Олар өздерінің әлсіз, қолдарынан түк келмейтіндігін көргенде, және күш - қуаттың қайнар көзі болып табылатын, оларды тіпті қиын жағдайда болса да, құтқарып, жасыл жайлауға алып шығатын, Исаның айқышта ілініп тұрғанын көргенде.
Бауырлар, рақымдылық туралы ізгі хабар үлкен күшке ие. Біз осы арқылы төртінші компанентті көре аламыз, қауымдағы қызмет - құрбандықпен болу керек.
IV. Құрбандықпен
Рақымдылық туралы ізгі хабар күшке ие болған соң, Пауыл елші айтады: күні-түні. Күні-түні қызмет еттім. Шәкіртшілік әр кезде қиыншылықпен болады. Бізге ең көбі, біздер қызмет ететін адамдар қиыншылық тудырады.
Мен өзім де тұрмыстық жағдайда шәкіртшілікпен айналысып көргенмін, ол кезде менің ең бірінші сәбиім дүниеге келген еді. Сіздерге қалай екенін білмеймін. Маған баланың жөргегін ауыстыру қиынға соқты. Бірақта, ол менің туған балам, Білесіздер ме, маған құрбандық жасауға тура келді. Уақыт өте келе үйреніп кеттім, Бірақ, сол сәтте баламның жөргегін ауыстырып, тазалау қиын болды. Біз кейде қауымда жөргекті ауыстырғымыз келмейді, қызмет жасағымыз келмейді.
Бізде осындай мотивация болса ше? Егер сіздің шәкіртіңіз болып, сіз шәкіртшілікпен айналыссаңыз, әрбір шәкіртіңізге 100$ берсек ше? Қалай ойлайсыздар? Қауымда жандану болар ма еді? 100$ үшін мен жөргекті ауытыруға да дайынмын, иә? Мүмкін аванс берерміз бірден? Ойлап көріңізші 1,2,3,4,5 адам, бірден 500$ айына, жұмысымды және көмектерді есептемегенде. Егер сізде шексіз қор болса, сіз шығарып бересіз бірақ орны тола береді. Сіз оны қолданар ма едіңіз? Бауырлар, еш уақытта. Себебі ондай адамға ақша Иса Мәсіхтің төгілген қанынан артық. Бұл үлкен мәселе. Осы себептен, елші Пауыл айтады: «Өзіңе де, ... ықылас аудар».
Не үшін бұны жасап жатырмыз? Трамптың Сайлау алды бағдарламасында, адамдар тыпыршый бастады, күзетшілер жүгіріп Трампты қоршап қорғай бастады. Себебі сол жиналыста қаруланған адам болған екен. Яғни оның қатысуы қауіпке жақын болды. Олар оны өздерінің денелерімен жаба бастады. Содан кейін, бәрі тынышталған соң, Трамп бәріне өздерінің өмірлерін қиюға дайын болғанына шын жүректен алғысын білдірді.
Бауырлар, Иса Мәсіх одан да үлкен. Ол бізді мәңгілік азаптан құтқарды. Ол қауымды өзінің қанымен иеленді. Ол айтады: қауымды бағуларын керек. Кімді? Өзінің қауымын ба? Жоқ, өзінің қанымен иеленген Құдайдың қауымын. Сондықтан елші Пауыл айтады: «Бірақ мен өз жанымды ойламай, тиісті өмір жолыммен жүре отырып ...» (Елш. істері 20:24) Өз жанымды ойламай. Не үшін ол ынталанды? Не үшін ол сондай берілді? Бауырлар, Иса Мәсіхтің қаны оның күнәсі үшін төгілді және ол оны білді. Ол өзінің қандай екенін түсінді, және осыған қарамастан оған қызмет берілді.
Әрине, бізге осы құрбандылықты көрсетуге қиын және қорқынышты. Біз шаршаған болармыз. Біз болашақта не болатынын білмейміз, сендердің күнәларың үшін өлген, айқышқа шегеленген Иса Мәсіхті, сол кезде естеріне алындаршы. Сол кезде күш аласыздар.
Және, соңғысы, бесінші компонент:шәкіртшілік қызмет - жақын болу керек.
V. Жақын
«... Күн-түн демей, үш жыл бойы үзбестен әрқайсыңа нұсқау беріп, көз жасымды төккенім естеріңде болсын». (Елш. істері 20:31) Бұлар қасына келген соң, Пауыл оларға былай деп сөз сөйледі: - Мен Азияға алғаш келген күннен бастап, араларыңда қалай тұрғанымды өздерің білесіңдер. (Елш. істері 20:18) Македонияға барарда өтініп сұрағанымдай,сен Ефес қаласында қалып ... (Тімотеге 1- хат1:3)
Бұл өте маңызды қағида. Бауырлар, Исаның шәкірттері Онымен бірге болды. Оның қалай ұйықтағанын, қалай жылағанын, қалай тәлім бергенін, қалай сиынғанын, Оған қарсы шыққандармен қалай сөйлескенін, қызмет еткенін көрді.
Қысқа мерзімдік миссия туралы айтқанда әрине түсінікті, бірақ, бүгінгі таңда қысқа мерзімдік бақташылық туралы айтқанда мәз емеспіз. Кейде бақташы өз қойларынан қашатын секілді көрінеді. Әртүрлі құрылтайлар, семинарлар, оқытулар біз отарымызбен, дәлірек айтсақ, Иса Мәсіхтің отарымен өткізуге тиіс уақытымызды ұрлаулары мүмкін. Дұрысында, Иса Мәсіхтің отары.
Сондықтан, қауымда пайда болған өртті сөндіріп тұру үшін ғана келетін «өрт сөндіруші» бақташылар пайда болады. Олар бірнәрсені өзгерту керек деп тұжырымдайды да, менеджер бақташылар керек деп шешеді. Олар қауымды дәл осы әлемдегі әдістермен басқару үшін жақсы менеджер маманы болу керек деп ойлайды.
Жоқ бауырлар! Бақташы - бұл қызметші. Бұл өз отарымен болатын, қойларын жабдықтайтын, басқаша айтқанда, жаттықтыратын, сондай-ақ, ол бауырларға шәкірт болуды үйрететін, және басқаларға осы әлемге баруға көмектесетін бақташы.
Пауыл Ефес қаласында 3 жыл болды. Бұл оның шәкіртшілікпен айналысқан уақыты еді. Иса да Өз қызметін 3 жыл атқарды емес пе? Осыдан 3 жыл бұрын біздің оныншы съезіміз өткен еді. Біздің қауымдағы шәкірттерімізге қатысты жай талдау жасап көрейікші. Келесі съезге дейін 3 жыл мұқият ойланайықшы. Өз отарымызбен қол ұстасып бірге боламыз деген шешім қабылдайықшы.
Бір құрылтайда естігенім бар еді: бауырлар семинарияға оқуға келгенде өз ұстаздарының өмірлерін көру үшін солардың үйлерінде тұруы - жақсы дәстүр екен.
Қорытынды ретінде бірнеше кеңес бергім келеді. Қауымда шәкіртшілікті қалай ұйымдастыруға болады?
1. Жеке өсуге, яғни білім алуға уақыт бөлейік. Тіпті біз қандай да бір институтты бітірген болсақ та, тағы да оқуға мән берейік. Менің естуімше, қаңтар айында Шымкентте Корам Део бағдарламасы ашылады, соған барайық. Бұл бағдарлама дәл осы шәкіртшілікке, жанбағушылыққа қатысты, яғни біз қалай шәкірттерімізбен жұмыс істей аламыз, қалай қарым-қатынаста бола аламыз? Келіңіздер, білім алуда өсе берейік!
2. Сондай-ақ, біздің жергілікті қауымдағы негізгі адамдарды жүйелі түрде оқыта берейік. Бәлкім, олар әлі одағымыздың болашақтағы төрағасы емес шығар, оларға қарап, тіпті олай ойламайсың да! Бірақ, бәріміз де бұрын сондай нәресте болған жоқпыз ба? Мүмкін, бұл қауымдық мектеп болар, мүмкін ересектерге арналған жексенбілік мектеп болар...
3. Келіңіздер, қызметшілер арасында міндеттерді бөлейік. Назар аударыңыз, міндеттерді табыстау, яғни адам «мен міндетті табыстадым, соңғы сөз менде» деген емес, нақтырақ айтамын міндеттерді бөлейік. Бауырлардың қызметтес екендерін қауым түсінуі керек.
4. Кіші топтарды ұйымдастыруды ойластырайық! Бұл әрбір жетекші өз қызметінде өсе алатын үлкен егістік.
5. Қандай да бір жеке кездесулерді жоспарлайық! Егер ер бауыр болсаңыз, ер бауырмен, әйел бауыры болсаңыз, әйел бауырмен кездесулерді айтып тұрмын. Мүмкін, бұл - еркін ортада тілдесу үшін бірге таңғы ас ішерсіздер. Біреуге баруды қарастырайық, жалғыз өзіміз емес, қасымызға біреуді ерте жүрейік.
Ричард Бакстер «Мен олар үшін жанымды қидым, ал сен оларға қарағың да келмейді ме? Олар үшін менің қанымның құны төленді, ал сен мандай терінді де қимайсың ба? Мен жоғалғанды іздеп, құтқару үшін аспаннан жерге түстім; ал сен оларды табу үшін мына тұрған көшеге немесе ауылға, тіпті келесі есікке дейін жете алмайсың ба? Сенің еңбегін мен мейірімділігің Менікіге қарағанда түкке тұрғысыз емес пе? Мен осы қызмет үшін бас исем, сен үшін бұл қызмет абырой ғой. Мен олар құтқарылсын деп барын жасап, зардап шеккен жоқпын ба; сені Өзімнің қызметтесім етуді қалаған жоқпын ба, енді сенің жауапкершілігіне жүктелген осы қызметтен қалайша бас тартасын?»
Осы қауымдағы шәкіртшілік қызметімізді Құдай баталасын! Аумин!