Уағыз
July 17, 2020

Ізгі хабарға сай өмір сүріңдер!

Бір тостаған сөз екінші игі істер тостағанымен сәйкес келсін

Бауырластар, сіздермен бірге Філіпіліктерге арналған хатты оқып, Мәсіх жайлы Ізгі Хабарға сай өмірді бірге қарастырғым келеді. Філіпіліктерге арналған хат, 1 тарау, сіздермен бірге 27 аяттан бастап 30 аятқа дейін оқитын боламыз.

«Қандай жағдай болмасын, тек Мәсіх жайлы Ізгі хабарға сай өмір сүріңдер! Мен келіп, сендерді көремін бе, я болмаса алыста жүремін бе, бәрібір - сендер туралы «бірдей ниетпен табанды тұрады, Ізгі хабарға деген сенімдері үшін бір кісідей жұмылып, жан аямай күреседі, қарсыластарынан еш қорықпайды» дегенді естігім келеді. Сендердің тайсалмас жігерлерің қарсыластарыңның мәңгі жойылып кететінін, ал өздеріңнің құтқарылатындарыңды алдын ала білдіреді. Мұны іске асырушы - Құдай. Ол сендерге рақым етіп, Мәсіхке сенуді ғана емес, Ол үшін азап шегуді де белгіледі. Осылайша сендер бұрын менен көріп, қазір де айналысып жатқанымды естіген рухани күреске өздерің де араласудасыңдар»

Таңғажайып хат, өте жылы хат, жеке хат - Пауылдың філіпіліктерге арнаған жеке хаты. Бұғауда болғанына қарамастан, ол қуаныш жайлы айтып отыр. Біз, міне, Пауыл елшінің осы хатында сенушілерге жылылықпен қарайтынын «сендер менің, мен сендердің бәріңді сүйемін, сүйіктілерім, аңсап күткендерім, қуанышым мен тәжім» деген сөздерінен көреміз. Біз бүкіл хат бойында елші Пауылдың жылулығы қалай төгіліп тұрғанын байқай аламыз. Ол еш жерде басқалармен өзінің уайымдары мен қиындықтары жайлы бөліспейді. Пауыл - мәсіхшілікте сенімді. Ол сенушілерге қаражатпен көмектесулері арқылы Ізгі хабардың таралуына қатысқандары үшін алғысын білдіреді. Олар әуел бастан құрбандық жасап отырды, тіпті қазір де ол мұқтаждықта болғандықтан әлі де оған көмектесуде. Олар қызметкер Епафродитті оның мұқтаждығына көмектесу үшін жіберді. Філіпідегі сенушілердің осы бір ізгілікті жасағандарына қарамастан, біз сіздермен, міне, Киелі жазбаның осы мәтінінде елші Пауыл олардың өмірдегі жүріс-тұрысына назар аударатынын оқимыз.

«Тек лайықты өмір сүріңдер» - деген сөздері арқылы, Пауыл, «жалғыз осы, тек осы ғана» деп айтқысы келгендей. Басқа ешнәрсе негізгі мақсаттан, яғни Мәсіх жайлы Ізгі хабарға сай өмір сүру биік мақсатынан сендерді алаңдатпауы тиіс. «Өмір сүріңдер» бұйрығы сөзбе-сөз - олар жүріс-тұрыстары бойынша сол елдің азаматтығына сай азаматтар болулары тиіс еді. Әңгіме мынада - біз білетініміздей Філіп қаласы Рим империясының отары болатын. Кіші Рим болған десек те болады. Олар да Италиядағы басқа қалалар сияқты айрықша құқықтарға ие болған. Олар Рим азаматы бола алатындарын мақтан тұтты. Бедел, сый-құрмет, қорған, мәдениет, тіл! Римнің азаматы болу - бұл адами атаққа, құндылыққа ие болу. Және римдіктер ешқашан өздерінің дәрежесін ұмытпаған. Бұл олар үшін абырой, атақ болды. Сондықтан, Елші Пауыл оларға, егер сол жердегі азаматтық адамдарды сол кездегі жағдайға сай өмір сүруге итермелесе, өздерінің қабілеттері мен дарындарын Римнің игілігі үшін қолданса, онда аспан азаматтары қаншалықты Мәсіх жайлы Ізгі хабарға сай өмірімен ерекшеленуге тиіс екенін көрсетті.

Бауырластар, біз лайықты өмір жайлы ойланғанда, не ойлаймыз? Елші Пауыл 3 тарауда, 20 аятта тағы да, «алайда біздің отанымыз көкте. Көктегі патшалықтың мәдениеті мен дәстүріне сай құндылықтармен өмір сүріңдер» - деп еске түсіреді. Бір тостаған сөз екінші игі істер тостағанымен сәйкес келсін. Игі істер - бұл не нәрсеге сенетініміздің көрінісі.

Мынадай оқиғаны елестетіңіздерші, бір кісі Құтқарушымыз Иса Мәсіх жайлы Ізгі хабарды естіді, бірақ, артынан ол біздің құтқарылуымыздың нәтижесін өмірімізден көре алмайды. Сонымен, ол кісі не дейді? Әрине, түйсінді тұжырым: «Ізгі хабар көмектеспейді!», «Ізгі хабар ештеңе өзгертпейді!». Онда бұл - Ізгі хабар емес, бұл - жаман хабар! Егер біз уағыздап жүрген Ізгі хабар бізді өзгертпесе, онда қалай оларға көмектеседі?!

Бауырластар, біз барлығымыз жақсы жаңалықтарды күтеміз деп ойлаймын. Ізгі хабарға сай өмір сүру - бұл әрбір мәсіхшінің қаша алмайтын міндеті. Әрбіріміз бір уақыттары осы жайлы ойланған болармыз. Мүмкін бүгін, біреулерде «Бұны қалай жүзеге асыруға болады, яғни қалайша бүкіл өмірімнің қуанышты қалауы әрі әрбір ізгі хабаршының игілігі етуге болады?» - деген сұрақ туындайтын шығар. Кез келген қызметкер Пауылға ұқсап, Құдай халқының уағыздалып жатқан сөзге сай өмір сүріп жатқанын көргісі келеді деп ойлаймын.

Бауырлар, келіңдер мәтінге қарап, Мәсіх жайлы Ізгі хабарға сай өмір сүруге 3 шақыруға назар аударайық. Елші Пауыл 27 аятта БІРІНШІ шақыруды жасайды.

    I.   Бір бірлікке қол жеткізіңдер!

Пауыл: «Мен келіп, сендерді көремін бе, я болмаса алыста жүремін бе, бәрібір - сендер туралы бірдей ниетпен табанды тұрады» дегенді естігісі келетінін айтты. «Табанды тұрыңдар» деген сөздер қарауылда тұрған жауынгер жайлы айтылғанда жиі қолданылады. Ол өзінің орналасқан күзет орнынан қандай да бір сантиметрге де шегінбейді, сондай-ақ, ешқандай қателікпен, ешқандай күнәмен де ымыраға келмейді. Біз «бірлік» тақырыбы 2-тарауда жалғасатынын көреміз. Және ол: «пікірлес, бір-біріңді тең сүйетін, ынтымақтас әрі ниеттес болыңдар. Осылай мені қуанышқа кенелтсеңдер екен» - дейді. Көріп отырғанымыздай, олардың өзара қарым-қатынасында түсініспеушіліктер орын алған. Егер біз 4 тарау, 2 аятқа қарасақ, Пауыл Еуодия мен Сүнтүхе екеуінен нені сұрап, өтініп тұр? Иемізбен жүруге шақырып тұр. Түсініспеушіліктер мен кикілжіңдер болды, және елші Пауыл оларды бірлікке шақырып жатыр. Бірліктің жоқтығы - бұл мүдделер жанжалы. Бірлікке қалай қол жеткіземіз, бауырлар?! Осы 2-тарауда ол: «Жеке басының абырой-атағын ойлайтын менмен емес, кішіпейіл болып, басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар! Әрқайсың өз мүдделеріңді ғана емес, басқалардікін де ойлап жүріңдер!» Мен осылай істейтіндей салмақты негіз бар ма?! Жиі адамдармен сөйлескенде, олар ойлап табуға немесе тіпті айтуға дайын, мүмкін бұл расында да шындық болар, бірақ оларға кешіру, сүю, бір отбасында бірге өмір сүру қиын. Олар өздері айтатын нәрсеге сай өмір сүруге тиіс екендерін олар түсінетін болар. Елші Пауыл бізге осында Ізгі хабардың жүрегі болып табылатын үлкен мысал көрсетеді. 5 аяттан 8 аятқа дейін ол Иса Мәсіхтің үлгісін көрсетеді. Оған қараңдаршы, Ол Құдай бола тұра мойынсұнып құлдың кейпінде келді, Өзін төмендетіп құлдың кейпін киді, адамға ұқсас жаратылып және бейнесі адамға ұқсады. Мәсіхке қараңдар! Айтпақшы, «лайықты өмір сүру» ниетіміз жайында айтқанда, көбінесе адамдар бұрыс түсінеді. Сонымен олар өз өмірлері арқылы Құдай алдында ақталуға тырысады. Міне, осы хатта сондай мәселе болғанын көреміз және елші Пауыл 3 тарауда осындай «иттердің» болғанын ескертеді. Ол: «иттей шарлағандардан сақтаныңдар» - дейді. Бұл адамдардың мәселесі неде болды? Бұлар - заң мен сүндеттелуге үміттенген адамдар. Міне, елші Пауыл 3-тарауда өз істерін атап өтті. Білесіздер ме, егер біз осы істерге қарасақ, онда, біз «ешқашан бұлай өмір сүре алмаймыз» деп айтар едік. Еврейдің еврейі, яһудидің яһудиі. Құдай заңын жан-тәнімен орындаушы, дегенмен ол бәрін залал деп санады. Не үшін? Иса Мәсіхті тану артықшылығы үшін! Қызық, елші Пауылдың өміріне қарасақ, бұл еліктеуге тұрарлық өмір. Елші Пауылдың өзі: «мен Мәсіхті үлгі тұтқандай, менің өмірімді үлгі тұтыңдар» - деді. Онда елші Пауыл қандай істер, Ізгі хабарға сай қандай өмір жайлы айтып отыр? Біз анық көретініміздей, бұл Құдай рақымының істері. Біз жұлдыздарды көргенде, олар қара түнек аспан аясында жарқырай бастағандықтан, өздері де жарқын болып кетеді. Міне, дәл осы сияқты біз өзіміздің күнәһарлығымызды және Құдайдың мейірімі мен кешіріміне лайықты емес екендігімізді түсінген кезде, Құдай Өзінің рақымдылығымен қабылдап, маған кешірім бергені ашыла түседі. Біз елші Пауылдың күнәһарлардың ішіндегі нағыз күнәһар менмін дегенін көреміз. Ең қатаң жазаға лайықты әлемдегі ең жаман адам жайлы ойлаңызшы?! Бұл - жезөкше, немесе Құдайды қорлаушы қандай да бір ең соңғы күнәкар болуы мүмкін. Дегенмен, Пауыл «мен - күнәһарлардың ішіндегі нағыз күнәһармын» - деді. Неліктен ол солай айтты? Ол - өз өмірінде Құдайдың мейірімін тереңнен түсінген адам деп ойлаймын. Білесіздер ме, адамның өмірінде осы нәрсе орын алған кезде, адам өзгереді. Ол біз бәріміз бірге өмір сүретін кезде жүзеге асатын бірлікті түсіндірді. Неге мен Мәсіхтің қанын таптаймын? Мен бауырластармен бірлікте боламын! Бір кездері Иса: «адамзаттың сенуі үшін, сенушілер бәрі біртұтас болсын» - деп сиынды.

Кез келген жаттықтырушы командадағы бірлікке қалай қол жеткізуге болатындығын біледі. Бұл команданың ішіндегі қандай да бір қырғынға алаңдамай, тек мақсатқа назар аударғанда жүзеге асады. Сондай-ақ, осы мәтін бізді Ізгі хабарға сай өмір сүрудегі ЕКІНШІ шақыруға бағыттайды. 27-аяттың ақырына қараңыздар.

    II.   Бір мақсатқа ұмтылыңдар!

Ол: «Ізгі хабарға деген сенімдері үшін бір кісідей жұмылыңдар» - дейді. Басқаша айтқанда, әрбір мәсіхші ортақ мақсатқа бағытталуы тиіс. Қауым өзінің қамы үшін тіршілік ете бастаса - онда бұл нағыз апат. Адам қауымға енді келгенде, бұл әлі соңы емес, бұл тек бастамасы ғана. «Бір кісідей жұмылыңдар» - сөзбе-сөз «бірге күресіңдер» дегенді білдіреді. Пауыл ортақ жауға қарсы жеңіс үшін күресетін іскерлік бөлімшедегі күзет орнында тұратын жауынгерге ауысты.

Білесіздер ме, жиі балалар қандай да бір ойыншық үшін ұрысады, тіпті олар бір-бірін ұруға дайын. Ал сосын олармен сөйлесе бастайсың, айтасың, оларды бағыттайсың, мүмкін белгілі бір тапсырма берсең, олар бірге соны орындай бастайды, осылайша олар бірге дос болып, бір нәрсені іске асыратынын көресің. Енді олар бәсекелес емес, енді олар еңбектес; олар қарсылас емес, керісінше бірге қызмет атқарушылар. Және әрбірі бір-бірін қолдау үшін қажет. Бәріміз бізді Жіберушінің бір ісін атқарамыз және Пауыл філіпілік сенушілерді осыған бағыттайды: «осы мақсатқа ұмтылып, бір кісідей жұмылыңдар».

Есімде, бірде біздің қауымда бір әйгілі оқиға орын алды. Бұл Ізгі хабарға шыққан уакыт еді, дәлірек айтқанда ұрып соғылдық. Оқиға былай болды: біз Ізгі хабар айтып тұрған едік. Апологетика жасап тұрғанбыз, яғни Қарсылас тарап сүйіспеншілік туралы және олардың діні сүйіспеншілікті уағыздайтынын айтқан еді. 5 минуттан кейін сол адамдар тобырмен қайта оралып, бізге қол көтере бастады. Білесіздер ме, сол сәтте біздің бірлігіміздің маңыздылығын шынайы ұғындым. Сонда барлығынан көбірек соққы жеген бауырымыз: «Сендер айтқан сүйіспеншілік қайда?» - деп сұрады. Біз, мәсіхшілер, үлкен сүйіспеншілікті таныдық, біз Құдайдың рақымын көрсетуге қабілеттіміз деп ойлаймын. Сол адамдар секілді біз де Құдайдың сүйіспеншілігіне лайықсыз едік. Біз қауымға келгенде болған оқиғамен бөлістік, қауымның қалай біріккенін көрдім, біздің мінажатымыз өзгерді. Келесі Ізгі хабарымыз, яғни халыққа шығуымыз немесе баруымыз Ізгі хабар қалай өтер екен, адамдар көбірек болады мекен деп те күтті. Біз ұйымдасып, біріктік. Біздің арамызда алдын орын алған түсініспеушіліктер жоқ болып кетті. Біз ортақ мақсатпен жабдықталдық, біз мінажатта біріктік. Бір-бірімізді қолдап, Ізгі хабар тараттық.

Қымбатты бауыр, жалғыздың үні шықпас дегенді түсінесің бе? Елші Пауылға қарасақ, ол філіпіліктердің тағдыры мен құрбандығын - Ізгі хабар таратудағы қатысулары екендігін еске түсіреді. Ол Құдайға алғыс айта отырып, оларды ортақтастарым, яғни Құдайдың оған рақыммен тапсырған қызметінде бірге еңбектенушілері ретінде атайды. Басқа түрмедегі хатында Ізгі хабардың құпиясын батылдықпен жариялауы үшін сиынуды сұрайды. Бүгін де біздің жергілікті қауымға Иса Мәсіх берген тапсырманы білесіздер ме?! Біздің бауырластар Ізгі хабар тарату қызметінде жабдықталған ба? Міндеттер өзара бөлінген бе? Ортақ мақсатқа ұмтыламыз ба?

Және соңғысы - бірлікке қол жеткізіп, бір мақсатқа ұмтыла отырып, біз Ізгі хабарға сай өмір сүрудің ҮШІНШІ шақыруына келіп жеттік:

III. Бірыңғай азапты көтеріндер!

Әрі қарай 28-30 аяттарда елші Пауыл: «қорықпаңдар, қарсыластарға еш берілмеңдер!» - дейді. Өліммен бетпе-бет келген әскердің ішінде ұрыс-керіс болмайды. Олардың дау-жанжалдары, жеке сұрақтары, Қауым қазір кездесетін шынайы мәселелермен шайқасып жүргенде жоқ болып кетеді. Қауым біртұтас және онда түсіп қалатын жолаушылар жоқ. Білесіздер ме, мәселе біздің қалай өмір сүріп жатқанымызда емес, бүгінде қандай заңдар бар немесе қандай тәртіп екендігінде емес. Тімотеге арналған хатта Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатынын көреміз. Пауыл бізге тек Мәсіхке сенім артып қана қоймай, сонымен қатар Ол үшін азап шегу қажеттігін ескертеді. Оның осы жайлы қалай айтып жатқанына назар аударыңыздаршы. Ол өзі айналысып жатқан күреске сендер де араласасыңдар дейді. Філіпіліктер Філіп қаласында Ізгі хабардың қалай басталғанын біледі, оларды қалай таяқ астына алып, қалай қуғындап жала жапқанынан олар хабардар. Сондай-ақ, олар қазір Пауылдың тұтқында отырғанына куәгер. Ол үнемі белгілі азаптарға төзеді. Елші Пауылды уайымдатқан нәрсе - өзі айтқандай, «мен келіп, сендерді көремін бе, я болмаса алыста жүремін бе?». Оның қалауы - қазіргі адамдардың бағушының, бауырлар кеңесінің, қауымның алдында өмір сүретініндей емес, керісінше бауырлардың рақымдылықта өмір сүріп, Иса Мәсіхке үміт артуы еді. Біз Құдайдың алдында жүріп, тек Оған ұнауға тырысамыз. Бауырым, бұндай батылдық қайдан келді? Өте қарапайым. Пауыл Құдайдың меншігі болып, Оған бағышталды. 1-тараудың 21-аятында осы жайлы баяндайтынын көреміз. «Себебі Мәсіх - менің өмірім, ал өлім мен үшін ұтыспен тең».

1885 жылы 11 мен 15 жас арасындағы үш жігіт өз өмірлерін Мәсіх үшін құрбан етті. Өйткені олар Оған деген сенімнен бас тартқан жоқ. Әмірші мәсіхшілерге қарсы болды, және егер жігіттер бас тартпаса оларды өлтіруге бұйырды. Жігіттердің ең кішісі - Юсуп атты жігіт мынадай сөздер айтты: «өтінемін, менің қолдарымды шаппаңыздаршы! Мені Исаға апаратын оттан сытылып шықпаймын». Азап шеккен жігіттердің біреуі де Құдайтануды жеткілікті білмейтін, тіпті Киелі кітапты да жақсы білген жоқ, өйткені олар жуырда ғана Құдайға бет бұрған еді. Мүмкін, Киелі кітапты түгел оқымаған болар және де олар сауатсыз болды. Бірақ, олардың бәрі Иса Мәсіхті қатты сүйді әрі қандай құн болмасын жасырынудан бас тартпады.

Бауырлар, қарсыластардан қорықпаңдар, өздерің уағыздаған Ізгі хабарды еске алыңдар! Сендер үстеріңде тұрған Күзетшіге лайықты болдыңдар ма?! Өз күнәларыңыз сіздерді ұрып қана қоймай, сонымен қатар орындарыңыз айқышта екенін көрсетпейді ме? Ізгі хабарды еске алыңыздар, сонда Иса Мәсіхке қарап осы азаптарға төзетін боласыздар. Иә, қиын, иә, қорқынышты, аяқ дірілдейді. Ізгі хабарға сай өмір - бұл әлемнен қашып, монастырда жасырынып өмір сүретін мейірімділік емес. Ол - көзге түсерлік және осалдық. Елші Пауыл Қорынттықтарға 9-тарау, 27-аятта өзі жайлы былай айтқанын көреміз: «Қайта, басқаларды рухани күреске шақырған мен «жүлде» бөліскенде құр алақан қалмау үшін, (әрдайым қарсыласатын, өзінің қалауын іздейтін) тәнімді ауыртпалықтарға душар еткізіп, өзіме бағындырып жатырмын.»

Бір кездері Ескендір Зұлқарнайын өзінің жасағында немесе әскер қатарында ашық шайқастан жүрексінген жас баланы көреді. «Ескендір» есімі - «адамдардың қорғаушысы» деген мағынаны білдіретінін білетін қолбасшы жас жігіттен есімін сұрайды. - «Ескендір, мырзам» - деп, жауап береді жас жігіт. - Атың кім? - Ескендір, - деп жасқана кезекті жауап ілесті. - Атың кім?! Қорқуды доғар немесе атыңды өзгерт!

Тек рақымдылықтағы Ізгі хабарға сай өмір сүріңдер! Әрбір мәсіхшінің өмірі, қауымдағы әрбір ізгі хабар таратушының өмірі өзіміз уағыздаған және күнәдан әділдікке жетелейтін Ізгі хабарды көрсетуін Құдай баталасын. Өзіміздің азаматтығымызға сенімді болайық! Аумин!