April 19, 2019

БІРІНШІ ТАПСЫРМА

ҚОРШАҒАН ОРТАҢЫЗДЫҢ, ҮЙІҢІЗДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ:

Бүгін сенбі, көбіңізде демалыс. Үйіңіз, пəтеріңіз, бөлмеңіздің тазалығына мəн беріңізші бүгін. Ия, үйімізді күнде жинаймыз, бірақ бүгін Кон Мари тəсілімен жинайық. Бұл тəсілдің жəй жинаудан айырмашылығы: ескі, сізге қуаныш сыйламайтын заттардан құтылып, сізді қуантатын заттарды дұрыс орналастырып, жаңа келер заттарға орын дайындау.

Сіздерге оңай болу үшін жиналу керек заттардың арнайы чек-листын дайындадық. Мына сілтемені басып жүктеп алыңыз!

Чек-лист​ дегеніміз - бұл ыңғайлы тізім, соны қолданып, ешнəрсені назарыңыздан тыс қалдырмай, үйіңізді тазалап шығыңыз. Тізімге қарап отырып жинау керек, заттарды ұмытпайсыз)

МИЫҢЫЗДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ:

Күнделікті адам баласына сапасы мен шыншылдығы күмəн тудыратын көптеген информациялар легі келіп түседі. Біле білсеңіз, əдетте ақпаратты адам санасын билеу үшін қолданады. Мардымсыз жаңалықтар, өсектер, жарнамалар біздің назарымызды жаулап алған. Біз бұл процесстреге көп мəн бермейміз, бəрі солай жасайды ғой деп, бірақ та осындай бос ақпараттар адам энергиясын ұрлап, себепсізден себепсіз көңіл-күйді түсіріп, апатияға ұшырататынын байқамаймыз.

Миыңызды жаулап алған керек емес ақпараттардан арыламыз: ​инстаграмдағы қызық емес парақшалардан арылыңыз, whatsapp, телеграм, фейсбуктағы артық чаттардан шығып, смс-терды өшіріңіз. Галереядағы суреттерді де саралап, қайталанатын, артық суреттерді өшіріңіз. Whatsapp-тан келетін сурет, видеоларды телефонның жадына түспейтіндей етіп настройка жасаңыз. Компьютердің бетіндегі рабочий столды реттеп, электрондық поштадағы қажетсіз хаттарды да өшіріңіз.

ТƏНІҢІЗДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ:

Күні бойы осыншама тірлік бітірген денеңіз əдемі күтімге лайық, солай емес пе? Өзіңізді бүгін еркелетіңіз, сүйікті гель, скраб, маскаларыңызды қолданып, өз тəніңізге рахат сыйлаңыз. Моншаға баруға болады. Бүгінгі күннің аяғы осындай.

Тапсырма бойынша есеп беру қалай жүзеге асады?

  • Үйіңізді жинағаныңызды инстаграм сторизіне салып, @almaty.aielder.ortalygy парақшасын белгілеңіз. Егер жасайтын болсаңыз, сізге керемет сыйлық береміз)
  • Тапсырмадан алған əсеріңіз жайлы өз ойыңызды толық білдіріп, пост жазыңыз (инстаграмда)
  • Өзіңіз таңдаған кез-келген сурет қойсаңыз болады постыңызға, өз фотоңыз болу шарт емес.
  • Постқа #әйелдерорталығы_марафон хештегін қойып, @almaty.aielder.ortalygy парақшасын белгілеңіз.
  • Мына сілтемені басып, киноны көріңіз:
  • "Жизнь волнующее волшебство уборки". Сілтемені бассаңыз, кино ашылады.

БАРЛЫҚ ТАПСЫРМАНЫ 10 КҮН БОЙЫ ТҮГЕЛ ОРЫНДАҒАН ЖАНҒА, 10 КҮН БОЙЫ СЫЙЛЫҚ БЕРЕМІЗ!

Сәттілік!