April 21, 2019

ЕКІНШІ ТАПСЫРМА

Қыздар, ханымдар, осы марафонды бастауымыздың басты себептерінің бірі - тұрмыс режимін жөндеу болған.

Сондықтан алғашқы тапсырмалардың қатарында - ұйқыны реттеу процессі.⠀

Оңай емес, əр организм əртүрлі, біреуге дұрыс келген əдіс екіншіге келе бермейді.

Қалай болғанда да ұйқы режимін жөндеуге болады.⠀

Осы тапсырмада Алматы Əйелдер Орталығының спикерлері əрқайсысы өз методикасын ұсынады!

Роза Аширбаева:

Ерте тұру маңызды болса ғана қиналмай тұрамыз, ол айтпаса да белгілі. Мысалы, ораза ұстағанда сəресіне оңай тұрамыз, таңғы самолетке қиналмаймыз тұрмыз.

Мен таңда тұруды оңайлату үшін 2 түрлі əдіс қолданам:

  • Біріншісі - төсектен өзімді тұруға мəжбүрлеймін, будильникті қатты даусын шығарып, ең жағымсыз əуен қойып, төсегімнен алысқа қойып қоямын. Бұл экстренно жасалатын техника.
  • Екінші əдіс - тұра салып істейтін ісімді өзіме ұнайтындай етіп ұйымдастырамын. Жұмыс жоспарымдағы ең ұнайтын істі бірінші қоямын, көп шет ел психологтары керісінше бірінші ең жағымсыз жұмысты жаса дейді ("проглоти лягушку" əдісі), бірақ мен олай жасасам тұрғым келмейді.
  • Келесі мен үшін ұйқыдан тұрғаннан кейінгі ұнататын нəрсе - жалғыз өзім музыка тыңдап отырып ішкен тəтті таңғы ас. Кешке қарай дүкеннен өзіме ұнайтын шырын, ірімшік түрлерін алып келіп, əдемі таңғы ас ұйымдастырып қоямын, сол үшін тұру маған оңай. Сол сияқты сіздер де таңғы уақытқа өз жаныңызға ұнайтын істі жоспарлап қойсаңыз, оңай тұрасыз деп ойлаймын.

Балхия Балтабай:

Мен негізі көптеген техникалар білем, соның ішінде мен үшін ең қызықтысы жəне мен нəтижесін көрген əдісті айтайын. Ерте тұру бұл - машық. Машықты миға жаттатсаң ол соны қай кезде де орындайды.

Күнде қолыңыз боста будильникті 10 минутқа қойып, ұйқыға кеткендей болып, көзіңізді жұмып жатыңыз. Будильник шырылдағанда орныңыздан бірден тұрып кетіңіз де, бетіңізді жуыңыз. Осыны кемінде 3 рет, уақытыңыз болса 10 рет қайталасаңыз, миыңыз əбден жаттығады да, таңда тұрғанда миыңыз бірден оянып, ұйқыдан тұрғанда қиналмайсыз.

Лаура Сейітбек:

Ерте тұру - ерте төсектен тұрудан емес, ерте ұйқыға кетуден басталады. Үй тірлігін түнде ары кетсе 22:00-ге дейін бітіріп, сағат 23:00-де жатуға тырысу керек. Үй шаруасын уақытылы бітіру үшін тура жұмыстағыдай істейтін істердің графигі болу керек. Күнделікті істейтін істеріңізге бөлетін уақытыңызды реттеңіз. Ертең жасайтын істеріңізді бүгін жоспарлаңыз жəне сол жоспарды ұстаныңыз.

Тағы сіздермен бөліскім келетін лайфхак - ұйықтар алдында

смартфондарыңызды авиарежимге қойып қойыңыз, əйтпегенде жатар алдында əлеуметтік желіге кіріп, қалай алтын уақыттарыңызды жоғалтқаныңызды байқамайсыз.

2-ТАПСЫРМА:

⠀1. Өзіңізге ұнаған əдістің бірін таңдап (интернеттен басқа да əдістер қарауға болады) бүгіннен бастап ерте тұрып машықтаныңыз. Марафон барысында таңда 7-де оянуға тырысыңыз. Егер намаз оқитын болсаңыз, күннен бұрын, яғни таң намазы уақытында оянамыз. Әр қалада уақыт әр түрлі, сол себепті өз қалаңыздың уақытымен жасаңыз. Намаз уақытын интернеттен көруге болады немесе Sajda деген программаны жүктеп, күнде қарап отыра аласыз.

⠀2. Таңда оянған соң (таң намазынан соң), сыртта жарты сағат жүріп қайтыңыз. Серуендеп жүргеніңізден сторис түсіріп, @almaty.aielder.ortalygy парақшасын белгілеп сурет немесе видео салыңыз.

(осы тапсырма 10-күн бойы орындалады)⠀

3. Өз таңдаған əдісіңіз туралы пост жазыңыз. Постыңызды бүгін сағат 20:00-ге дейін салыңыз. #әйелдерорталығы_марафон @almaty.aielder.ortalygy деп белгілеуді ұмытпаңыз.

ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ, КЕРЕМЕТ ПОСТҚА СЫЙЛЫҚ БЕРЕМІЗ ЖӘНЕ 1000 БАЛАНС БЕРЕМІЗ!

БҰЛ КОНКУРС МАРАФОН АЯҚТАЛҒАНША ЖАЛҒАСАДЫ!

4. Бірінші күннің тапсырмасын орындамаған қатысушылар өз тапсырмасын сағат 20:00-ге дейін тапсыру керек.

⠀5. Тазалау процессінде қалып қойған істеріңіз болса бүгін бітіріп алыңыз. Мойныңызда мейлінше бітпеген іс қалмауы керек.