June 4, 2020

Өзін бағалау

тапсырма

Бүгінгі тақырып та, тапсырма да өзгеше!

Алла Тағала əрбірімізді махаббатпен жаратты. Жаратушымыз бізді жақсы көргенде, біздің өз-өзімізді жақсы көрмеуіміз əділетсіздік.

Солай емес пе?

Өз-өзіңді жақсы көру деген не?

Ол – өз-өзіңе деген сенімділік, өзіңе құрметпен қарау жəне өзіңді бағалау. Көбіміздің кежегеміз кері тартып «жоқ, мен бұған лайық емеспін» деген түсінікпен көп нəрседен қағыламыз. Тіпті де олай емес, есіңізде болсын, сіз мынау дүниедегі ең жақсы нəрселерге, бақыт пен қуанышқа толығымен лайықсыз! Бұл мастанып қалыңыз деген сөз емес. Кей адамдар өздерін мақтағанды аса ұнатпайды, бірақ өз ішіңізден өз-өзіңізге мақтау білдіріңіз. "Бұдан да зорына қол жеткіз!" деп, өзіңізге қолдау білдіріңіз!

Өзін жақсы көру мен тəкаппарлықты шатастырмаңыз. Екеуі екі бөлек дүние. Хадисте: "Жүрегінде шаңның тозаңындай тəкаппарлық болған адам жаннатқа кіре алмайды" - делінген. (​Муслим)

5-ТАПСЫРМА:

  • Тəкаппарлық пен өзіңді сүюдің аражігін ажырату мақсатында, бүгін Сіздерге баршамызға сүйікті үнді киносының жаңа ең мықты туындыларының бірі -"Инглиш-Винглиш"​фильмін бірге көруді ұсынамыз. 👉 ​"КӨРУ"

  1. Таң ертең ерте тұрып өзіне көңіл бөлу.
  2. Оваральный дхания жасау
  3. Осы келбетіне шүкір ету
  4. Өзінің қалауларына тиым салмау
  5. Өзіне деген махаббатын ояту
  6. Өзі жайлы эссе жазу. Өз артықшылықтарын жазу
  7. Кем дегенде 5 адамға комплимент айту
  8. "Инглиш-Вингиш" фильмін көру

Ал қыздар бәріне сәттілік!!!!