December 17, 2019

Тазалық туралы


БІРІНШІ ТАПСЫРМА

@Jannur.kokebay
ҚОРШАҒАН ОРТАҢЫЗДЫҢ, ҮЙІҢІЗДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ:
Бүгін сенбі, көбіңізде демалыс. Үйіңіз, пəтеріңіз, бөлмеңіздің тазалығына мəн беріңізші бүгін. Ия, үйімізді күнде жинаймыз, бірақ бүгін Кон Мари тəсілімен жинайық. Бұл тəсілдің жəй жинаудан айырмашылығы: ескі, сізге қуаныш сыйламайтын заттардан құтылып, сізді қуантатын заттарды дұрыс орналастырып, жаңа келер заттарға орын дайындау.
Сіздерге оңай болу үшін жиналу керек заттардың арнайы чек-листын дайындадық. Мына сілтемені басып жүктеп алыңыз!
Чек-лист дегеніміз - бұл ыңғайлы тізім, соны қолданып, ешнəрсені назарыңыздан тыс қалдырмай, үйіңізді тазалап шығыңыз. Тізімге қарап отырып жинау керек, заттарды ұмытпайсыз)

МИЫҢЫЗДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ:
Күнделікті адам баласына сапасы мен шыншылдығы күмəн тудыратын көптеген информациялар легі келіп түседі. Біле білсеңіз, əдетте ақпаратты адам санасын билеу үшін қолданады. Мардымсыз жаңалықтар, өсектер, жарнамалар біздің назарымызды жаулап алған. Біз бұл процесстреге көп мəн бермейміз, бəрі солай жасайды ғой деп, бірақ та осындай бос ақпараттар адам энергиясын ұрлап, себепсізден себепсіз көңіл-күйді түсіріп, апатияға ұшырататынын байқамаймыз.
Миыңызды жаулап алған керек емес ақпараттардан арыламыз: инстаграмдағы қызық емес парақшалардан арылыңыз, whatsapp, телеграм, фейсбуктағы артық чаттардан шығып, смс-терды өшіріңіз. Галереядағы суреттерді де саралап, қайталанатын, артық суреттерді өшіріңіз. Whatsapp-тан келетін сурет, видеоларды телефонның жадына түспейтіндей етіп настройка жасаңыз. Компьютердің бетіндегі рабочий столды реттеп, электрондық поштадағы қажетсіз хаттарды да өшіріңіз.

ТƏНІҢІЗДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ:
Күні бойы осыншама тірлік бітірген денеңіз əдемі күтімге лайық, солай емес пе? Өзіңізді бүгін еркелетіңіз, сүйікті гель, скраб, маскаларыңызды қолданып, өз тəніңізге рахат сыйлаңыз. Моншаға баруға болады. Бүгінгі күннің аяғы осындай.
Афродитаның скрабы:
Тұз(қарапайым) және алма уксусы. Тұзды ыдысқа салып (жарты литрлік банкаға немесе кремнен босаған ыдысқа ) үстінен алманың уксусын қоймалжың ботқа болғанша құямыз. Қатты ысқышпен денені скраб сияқты ысқылаймыз. Таза сумен шайып тастаймыз. Иісі бар бірақ кейін ұшып кетеді. Оның есесіне эффектісі керемет. Терісіңіз баланың терісіндей жұмсақ болып қалады және тұз жаман энергияны алып кетеді

http://ok.ru/video/209114434144
Киноның сілтемесі


КОН МАРИ ТӘСІЛІ БОЙЫНША ҮЙДІ РЕТТЕУ.
1. Артық сізді қуантпайтын заттардан құтыламыз
2. Үйдегі сынық, сырылған, ескі заттардан құтыламыз
3. Тастап жатқан заттарыңызға рахмет айтыңыз
4. Қалған әр затқа орын белгілеңіз.
ЧЕК-ЛИСТ
Киімдер:
o Дененің жоғары жағына киілетін киімдер: футболка, жемпір, көйлек, т.с.с
o Төменгі жақтың киімдері: юбка, шалбар, джинсы т.с.с.
o Киімілгіште ілініп тұратын киімдер
o Носки мен колготкилер
o Іш киімдер
o Аяқ киімдер
Кітаптар мен құжаттар:
o Оқитын кітаптар
o Гарантиялық талондар
o Үй тұрмыс техникаларының инструкциялары
o Чектер
o Газет-журналдар
Басқа дүниелер:
o Дисктер мен кассеталар
o Косметика
o Әшекейлер
o Дисконттық карталар, жеңілдік карталары, купондар мен сертификаттар
o Зарядка мен шнурлар
o Канцтоварлар, тігін заттары
o Ас үйдегі ыдыстар
o Дәрі дәрмектер
o Фото альбомдар, суреттер
o Сувенирлер мен қабырғадағы суреттер
o Үй интерьер әшекейлері, қабырға сағаттары тсс
o Кілемшелер, шаруашылық затт


Марафонның алғашқы күнінен өткен ханымдарды құттықтаймын🌹🌹🌹