Балалық шақтағы негативті жағдайлардың әсерін анықтауға арналған сұрақтар
Балалық шақтағы негативті жағдайлардың әсерін анықтауға арналған сұрақтар
Сұрақтарға тыныш жерде отырып, ойыңызды жинақтап, шығарма түрінде жауап беруіңіз керек. Яғни, ИЯ/ЖОҚ/БІЛМЕЙМІН деп емес, ойыңызға түскен әр бір оқиғаны бүге-шігесіне дейін мектепте шығарма жазғандай етіп жазып шығыңыз.
18 жасқа толғанға дейінгі оқиғаларды есіңізге түсіруіңіз қажет
1 сұрақ: Ата-анаңыздың біреуі (мүмкін екеуі де) немесе сіздермен бірге тұрған сізден үлкен ересек адам (взрослый человек) сіздің намысыңызға тиіп, унижать етіп, кемсітіп, зәбірлеп жиі ұрсқан жағдайлар болды ма? Болса, есіңізде қалған 1-2 жағдайды детально жазыңыз.
2 сұрақ: Ата-анаңыздың біреуі (мүмкін екеуі де) немесе сіздермен бірге тұрған сізден үлкен ересек адам (взрослый человек) сізді түртіп, итеріп, шапалақпен ұрған немесе сізге бірнәрсені атып ұрып қалған кездер болды ма? Мүмкін сізді қатты ұрып, соққының ізі қалған жағдайлар болды ма? Болса, есіңізде қалған 1-2 жағдайды детально жазыңыз.
3 сұрақ: Ата-анаңыздың біреуі (мүмкін екеуі де) немесе сіздермен бірге тұрған сізден үлкен ересек адам (сізден кемінде 5 жасқа үлкен болу керек) сіздің денеңізді, жыныстық мүшеңізді сипалап, жыныстық қатынасқа тұспалаған кезі болды ма? Немесе сізді зорлаған кез болды ма? Есіңізде қалған 1-2 жағдайды детально жазыңыз.
4 сұрақ: Сізді отбасыңызда ешкім жақсы көрмейтіндей, ешкімнің сізде шаруасы жоқтай сезімдер сезінген кезіңіз болды ма? Мүмкін сіздің отбасыңызда бір-біріне мейірім көрсету деген нәрсе болмаған шығар. Бір-біріңізге демеу, жақындық сезінетін ба едіңіздер? Детально жазыңыз.
5 сұрақ: Балалық шағыңызда тамақтың аздығын сезіндіңіз бе? Жеткілікті мөлшерде киіміңіз болды ма? Мүмкін ата-анаңыз сіздің денсаулығыңызды жеп-ішіміңізді қадағалауға уақыт таппаған болар? Сізді ешкім қорғамайтын сияқты сезімдер сезіндіңіз бе?
6 сұрақ: Сіз туған ата-анаңыздан ажырап қалған жағдай бастан кешірдіңіз ба? мүмкін ажырасудың салдарынан немесе басқа да себептермен?
7 сұрақ: Сіздің анаңызды немесе сіздің жақын адамыңызды біреу зәбірлеп, ұрып-соққан, итеріп жіберген, күш көрсеткен жағдайлардың куәгері болған жағдай болды ма? Мүмкін пышақ, қару кезенген жағдайлардың куәсі болдыңыз? Есіңізге түсіріңіз. Жазыңыз.
8 сұрақ. Алкогольді ішімдіктерге, есірткіге құмар адаммен бірге тұрдыңыз ба?
9 сұрақ: Сізбен бірге тұрған адамдардың біреуі психикалық ауруға шалдыққан, немесе суицид (өзіне өзі қол жұмсаған) жасаған жағдайлар болды ма?
10 сұрақ: Сізбен бірге тұрған адамдардың біреуі түрмеде отырды ма?
11 сұрақ: Ата-анаңыздың немесе жақындарыңыздың жыныстық қатынасының куәгері болдыңыз ба?
12 сұрақ: Жасыңызға мүмкіндіңізге қарамай үлкендердің сізге тым ауыр жауапкершілік артып қойған кезі болды ма? Бала қарау, ақша табу тсс.
Қанша ауыр болса да сұрақтарға барынша шынайы өзіңізден ештеңе жасырмай жазыңыз. Әр сұраққа бөлек бөлек жауап беріңіз.
Егер жоғарыда айтылған жағдайлар басыңыздан кешірсеңіз балалық шақтағы сезімдеріңізді есіңізге түсіріп, қағазға жазыңыз.