February 1, 2020

АҚША

Алғы сөз

Бір жыл үздіксіз даму барысындағы ең маңызды ай, маңызды тақырыптар 3 айда қамтылған десек, бекер болмас. Себебі физиология тұрғысынан, эмоционалды интеллект жағынан барлығын үйрендік. Енді іске көшетін уақыт келді.


3 ай тақырыптары ақша, сату, "отказдан" қорықпау және т.б. Осы тақырыптарды толықтыратын электронды журналмен де танысуға шақырамыз.

Ақшаның мақсат емес, құрал екендігін есте сақтау не себепті маңызды?

Біз кей кездері ақшаны өмірімізді күрделендіретін әрі бізге қарсы дүние немесе мақсат түрінде қабылдаймыз. Шын мәнінде

ақша — бұл жай ғана құрал

және мұны түсіну Сізге өз қаржыңызды бақылауға көмектеседі.

Мұндай әдістің қандай пайдасы бар?

Ол жоспарлауды жеңілдетеді

"Ақша" деген сөздің өзі Сіздің бойыңызда қорқыныш немесе үрей тудыратын болса, өз шығындарыңызды есептеу және бюджетіңізді жоспарлау оңай болмайды. Егер айдың со��ында цифрлар бір-біріне жуықтамаса, онда Сіз өз шығындарыңыз бен табыстарыңызды бақылауды тоқтатасыз. Ал ақшаны құрал ретінде қарастыратын болсақ, онда Сіз эмоцияларға емес, мәселені шешуге көңіл бөле аласыз.

Барлық нәрсе Сіз үшін маңызды болатын мақсаттан басталады. Ақшаның өзі — мақсат емес. Сіз оны не үшін жұмсайтыныңызды білуіңіз керек. Отбасыңызды асырау үшін бе? Қарызыңызды өтеу немесе медициналық шығындарды жабу үшін бе? Саяхаттау? Сіз өз мақсатыңызды білген кезде оны жүзеге асыруға қажетті шығындарды да жоспарлай аласыз.

Ол сатып алынған нәрсе үшін өзіңді кінәлау сезімінен құтқарады

Арзан заттарды қайта-қайта сатып ала бергенше сапалы дүниеге бір рет шығындалған дұрыс.

Әрине, егер Сіз бір айлықтан екінші айлыққа зорға жететін болсаңыз, онда сапа Сізді аса қатты алаңдатпайды. Бірақ көпшілік адамдар төлеуге шамалары келіп тұрса да, қымбатқа сатып алғылары келмейді. Біз өзімізде ақша қалмай қалады деп қорыққандықтан оны онша жұмсағымыз келмейді, қажетінен артық шығындалған кезде өзімізді кінәлі сезінеміз.

Бірақ құралдар оларды пайдалануымыз үшін жаралған емес пе? Олар сөрелерде шаң басып жатпауы керек. Ақшаны қалай жинап, жұмсау керектігі емес, оны қалай пайдалану керектігі жайлы ойлаңыз. Біз ақшаны жай ғана оны келешекте пайдалану үшін жинаймыз. Ал сатып алу — бұл қандай да бір іске жарамды құралды пайдалану. Ал қымбат әрі сапалы дүние кейде оны пайдаланудың ең тиімді тәсілі болып табылады.

Сондай-ақ, мұндай пайдалы тәсіл ойда жоқ шығындардан бас тартуға көмектеседі. Біз бұл құралды бір салада дұрыс пайдаланбасақ, оны басқа салада да қолдана алмайтынымызды түсіне бастаймыз.

Өзіңнің ақшаға деген көзқарасыңызды қалай өзгертуге болады

Бастысы — құралды өзіңіз армандағандай өмір сүру үшін жұмсауды үйрену. Төменде бірнеше пайдалы кеңес келтірілген.

Сіз үшін ненің маңызды екенін шешіңіз

Ақша — бұл мақсат болмағандықтан, өз мақсаттарыңыздың не екендігін білуіңіз керек. Қаржылық жоспарлау саласындағы көптеген мамандардың клиентпен жұмыс істеуді бір ғана "неліктен?" деген сұрақтан бастауының себебі де осында. Сіз жауапты білген кезде барлық қаржылық шешімдеріңіз қойылған мақсатқа сәйкес қабылданады.

Өз басымдылықтарыңызды анықтаңыз

Сонымен қатар, Сізге ең көп қуаныш сыйлайтын шығындарыңыздың тізімін құрастыру да пайдалы болып табылады. Бұл да шығындарды бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, Сізге мейрамханада түскі ас ішу және басқа қалада тұратын отбасыңызға немесе достарыңызға қыдырып бару ұнауы мүмкін. Басымдылықтарды реттеу арқылы Сіз оларды қалай азайтуға болатынын шеше аласыз.

Әрдайым қозғалыста болыңыз

Табысыңыз өте төмен болған жағдайда ақшаға деген көзқарасыңызды өзгерту тіпті қиын болады. Кез келген мақсат табыспен салыстырғанда қол жетпестей көрінеді. Сондықтан өз мақсатыңызды бірнеше кішігірім қадамдарға бөліңіз. Мысалы, егер Сізге несие төлеу керек болса, онда барлық сома емес, ай сайынғы немесе тіпті апта сайынғы төлемдер жайлы ойлаңыз. Осылай істейтін болсаңыз, жиынтық сома тым үлкен болып көрінбейтін болады. Сізге оны төлеу және жағдайды бақылай алатындығыңызды сезіну оңайға соғады.

Көпшілігіміз үшін ақшаның маңызы зор. Ол бізге өзімізге ненің жетіспейтінін, не нәрсеге ерік бере алмайтынымызды еске салып отырады. Бірақ шын мәніде ақша — бұл жай ғана құрал. Оған құрал ретінде қарауға тырысыңыз. Әрине, бұл Сіздің материалдық жағдайыңызды бір күнде өзгерте алмайды, бірақ өз қаржыңызды тек осылай ғана бақылауға ала аласыз.

Қалай жылдам ақша табуға болады?

Сізге ақша дәл қазір керек және қолыңызда еш нәрсе болмаса: жұмыс жоқ немесе несиелік карта жөнделместей болып зақымдалса, не істеуге болады?

Сіздің мұндай жағдайға қалай жеткеніңіз маңызды емес. Бәлкім, Сіз жұмыс істейтін фирма күтпеген жерден банкротқа ұшырады, үлкен көлемде қарыз алған досыңыз аяқ астынан жоқ болып кетті, екінші жартыңызбен келіспей қалдыңыз да, әмияныңыздың бос екендігін аңғардыңыз. Ал ертең пәтерақыны немесе ипотеканы төлеу керек. Абыржымаңыз. Кез келген нәрсенің шешімі бар.

1. Керексіз затты сатыңыз

Өзіңіз жиі пайдаланбайтын киім-кешектен, сөмкелерден, аксессуарлардан, техникадан құтылыңыз. Дағдарыс жағдайында өзіңізге ең қажеттісін ғана қалдыруға болады. Заттарды төмен бағамен интернет-базарға шығаруға тура келеді, әйтпесе олар тез сатылмайды. Бірақ басқа амал жоқ.

Сонымен қатар, комиссиялық дүкенге немесе ломбардқа баруыңызға болады. Бұл заттарыңыздан құтылудың аса табысты болмаса, ең жылдам жолы. Ломбардта Сіздің ноутбугыңызды ескіргеніне байланысты өте төмен бағалауы мүмкін. Ал кейін қайта алғыңыз келсе, ол үшін қымбат баға төлеуге тура келеді.

Бірақ кез келген жағдайда бұл ақылға қонымсыз пайызбен микроқарыз алғаннан жақсы.

2. Заттарды жалға беріңіз

Хабарландырулардан басқалардың нені жалға беретінін және ненің сұранысқа ие екенін қарап көріңіз. Егер Сіз туристер жиі келетін мекенде тұратын болсаңыз, пәтеріңіздің бір немесе барлық бөлмесін ұсынып көріңіз (уақытша достарыңыздың немесе туыстарыңыздың үйінде тұра тұрыңыз).

Фототехникаларды, кешкі көйлектерді және аксессуарларды, тіпті өзіңіздің суретке жақсы түсетін асыл тұқымды итіңізді де фотосессия үшін жалға беруге болады.

3. Әлеуметтік желі арқылы жылдам қызмет түрлерін ұсыныңыз

Өзіңізден нені жақсы істей алатыңызды сұраңыз. Ұзынқұлақ немесе OLX бойынша көптеген қызмет түрлеріне тапсырыс берушілерді табуға болады:

Такси
Бала қарау
Репетиторлық
Саяжайды немесе үйді қарау
Санитарлық техниканы жөндеу, үйдегі кішігірім жөндеу жұмыстары
Маникюр, шаш сәндеу және басқа да бьюти-қызметтер
Компьютерлерді баптау және жөндеу
Заңи кеңес берулер (әсіресе тұтынушы құқығын қорғауға қатысты сатып алу жөніндегі кеңестер)
Фотосессиялар. Егер кәсіби маман болмасаңыз, шыныңызды айтыңыз, өзіңізге портфолио жасап жатқаныңызды, сол себепті де төмен баға орнатқаныңызды айтыңыз.
Шаршаған жүргізушіні мейрамханадан үйіне жеткізіп салу. Автокөлігі бар адамдар ресми (такси қызметіне қосылу арқылы) немесе бейресми (ішімдік жасайтын мекемелерді күзету арқылы) түрде тойлатушы азаматтарды тасу арқылы ақша таба алады. Бірақ барлық шығындарды есептеп, қателерді ескеріңіз.
Құттықтаулар жазу, мәтіндерді түсіндіру, түзету.
Сіз алты қол алысу теориясының шынымен жұмыс істейтіндігін өзіңіз тексере аласыз. Жақындарыңыздың арасында Сізді уақытша жұмысқа алуға дайын адамдар да табылып қалар.

4. Интернетте ақша табыңыз

Желіде пікірлер арқылы ақша табуға болады: кейбір белгілі сайттар олар үшін ақша төлейді. Сонымен қатар, лайктар мен дизлайктар қоюға, қаралым сандарын көбейтуге, топтарға кіруге, жазбаларды қайта жариялауға, әлеуметтік желілерде комментарий қалдыруға болады. Төлемі аса жоғары емес: орта есеппен бір тапсырмаға 5 теңгеге дейін төленеді.

5. Қолөнермен айналысыңыз

Зімбір печеньесі, скрапбукинг, тоқылған заттар мен ойыншықтар — мұның барлығы әлеуметтік желі арқылы, әсіресе мереке күндері жылдам өтіп кетеді. Әрине, Сіз миға қонымды баға қоюыңыз керек. Желіден эксклюзивті дүниелер дайындау мен қолдан жасалған өнімдерді жандандыруға қатысты көптеген нұсқаулықтар табуға болады.

6. Қосымша жұмысқа орналасыңыз

Кейде уақытша жұмыстар шығып жатады.

Хабарландыруларды жиі қарап отырыңыз: бәлкім, біреу шұғыл түрде дәл Сіз сияқты маманды іздеп жүруі мүмкін.

Алаяқтардың қолына түспеудің жолы бар ма?

Бірінші және ең басты ереже: өз ақшаңызды бермеңіз. Егер жұмыс іздеу барысында нәтижесінде Сізге өз ақшаңызды беретін төлем жасауды, сатып алуды немесе қандай да бір үлгіні ұсынса, бұл "компаниямен" араласуды бірден тоқтатыңыз және ол жайлы мүлдем ұмытыңыз.

Сіз ақша беру үшін емес, оны табу үшін жұмыс іздеп жүрсіз. Бұл - алаяқтықтың бірінші белгісі. Иә, түйіндемені сауатты құрастыру, оны бір тілден екінші тілге аудару, оқыту немесе мансап бойынша кеңес беру үшін ақша төлеуге болады. Бірақ бұл қызметтер әрдайым ашық ұсынылады және нақты сомалар айтылатын болады.

Жұмыс берушінің қандай талаптар қоятындығына назар аударыңыз. Жұмыс тәжірибесі жоқ адамға жарты миллион берілмейді. Аңқау болмаңыз! Жалақы жоғары болған сайын жұмыс берушінің талабы да көбірек болады. Ол өз бизнесінің жүріп, табыс әкелгендігі үшін ақша төлейді.

Интернетте фрилансерлерді алдауға арналған сұлбалар жиі кездеседі. Алаяқтар ақшаға қызықтырудың келесідей жолын біледі: жұмыс іздеушілерге шынымен де алдап кетпейтініне және тапсырылған жұмысты орындайтынына кепілдік ретінде үлкен көлемде ақша қалдыруды ұсынады немесе келешекте еңбекақы аударылатын "электронды әмиянды ашу үшін" белгілі бір соманы аударуды сұрайды. Содан кейін жоқ болып кетеді. Бұл негізгі ережеге қарсы: өз ақшаңызды бермеңіз.

Сондай-ақ, жұмыс берушімен байланысу жолдары көрсетілмеген өте тартымды бос жұмыс орындарын да кезіктіруге болады. Мысалы, эйчар маманмен байланысу үшін түйіндеме қалдырмай, қоңырау шалу немесе СМС-хабарлама жіберу ұсынылады, содан кейін Сіздің ұялы телефоныңыздың шотынан белгілі бір сома ұсталатын болады.

Тағы бір нұсқа: Сіз ірі және тәжірибелі ұйымнан өз кандидатураңыздың штатқа қабылдау конкурсынан өткендігі жөнінде хат аласыз. Әрине, барлық ресмилікті сақтау үшін сайтқа тіркел�� керек. Тіркелу үшін СМС жіберу керек, ал ол ақылы.

Сондықтан, сенімді ақпарат көздерін пайдаланыңыз және жұмыс берушілердің ұсыныстарын дұрыс бағалаңыз.

7. Қаржы тірегін құрыңыз

Әрине, бұл - ақша табу жолы емес, форс-мажор жағдайлардан құтылу әдісі. Қаржы шұңқырынан шыға салысымен қор жинауды бастаңыз.

Ақша Сіздің әдеттегі өміріңіздің кем дегенде үш айына, дұрысы - жарты жылына жетуі тиіс.

Неден бастау керек? Ең жеңілі: жігер таныту және келесі жалақыдан ақша жинауды бастау. Қайтадан шұңқырға түсіп кетпеуге тырысу керек.

Бақыт, ақша және мораль қалай байланысады?

Ғалымдар бақытты сатып алуға болатынын не болмайтынын, оның біздің әрекеттеріміздің өнегелі болуына қаншалықты тәуелді екендігін және қандай жағдайларда пайда табу үшін өз ұстанымдарымыздан бас тартанымызды түсіндіреді.

Бақыт пен мораль қалай байланысады?

Жақында Гарвард, Йель және Колорадо университеттерінің бір топ ғалымдары бірқатар психологиялық тәжірибелер жүргізген, тәжірибеге қатысушыларға ойдан құрастырылған Сара есімді медбикенің бақыт деңгейін бағалау ұсынылған.

Бірінші жағдайда қатысушыларға келесідей оқиға айтылған. Сара бірнеше жыл білім алғаннан кейін балалар ауруханасына жұмысқа орналасады. Бұл - оның арманындағы жұмыс. Сара өзін күн сайын жақсы сезінеді және көптеген жағымды эмоцияларды бастан кешіреді. Мұның себебі - ол пайдалы дәрумендер беру арқылы науқас балаларға көмектеседі. Сара өзінің қанша балаға көмектескенін білмейді, бірақ ол ұйықтар алдында балалар жайлы ойлағанды ұнатады.

Тәжірибеге қатысушылар Сараның бақыт деңгейін (мұны «№1 Сара» деп атайық) өте жоғары деп бағалаған.

Ғалымдар №2 Сара жайлы тағы бір оқиға айтады. Ол да бірнеше жыл білім алғаннан кейін балалар ауруханасына жұмысқа орналасады. Ол да өзін күн сайын жақсы сезінеді және көптеген жағымды эмоцияларды бастан кешіреді. Бірақ №2 Сараның қуанышының себебі - ол балаларға уланған дәрумендер береді. №2 Сара өзінің кесіренен неше баланың көз жұмғанын білмейді, бірақ ұйықтар алдында солар жайлы ойлағанды ұнатады.

№2 Сараның бақыт деңгейі №1 Сараға қарағанда төмен бағаланған.

Екі медбикенің айырмашылығы неде? Ғалымдар бақытты анықтау үшін жақсы көңіл-күй мен жағымды эмоциялар жеткіліксіз деп есептейді. Бұл жерде адамдар үшін моральдық құндылықтар маңызды. Басқаша айтатын болсақ, көпшілігіміз бақыт адамгершілікті қамтиды деп ойлаймыз.

Мораль мен ақша қалай байланысады?

Егер бақыт тек біздің игі істерімізге ғана тәуелді болса, онда тұтас әлем альтруистерден ғана құралар еді, бірақ олай емес.

Бонн университетінің экономистері нарықтық қатынастардың адамдардың тышқан өлтіру қабілетіне қалай әсер ететіндігін анықтау үшін бірқатар тәжірибелер жүргізген.

Бірінші жағдайда олар әр қатысушыға таңдау берген. Ол 10 евро алса, тышқан газбен уландырылады, ал ақшадан бас тартса, тышқан тірі қалады. Қатысушылардың жартысынан азы — 46%-ы ақшаны алған.

Зерттеушілер екінші тәжірибеге нарықтық қатынас элементтерін қосқан. Ендігі кезекте бір қатысушыға тышқанның өміріне жауапкершілік жүктеп, екіншісіне 20 евро берген. Егер олар ақшаны қалай бөлісуге келіссе, яғни екеуі де өтемақы алатын болса, тышқан өлтіріледі. Ал егер олар келісімге келмесе (яғни олардың біреуі немесе екеуі бірдей саудаласудан бас тартса), тышқан тірі қалады. Бұл жағдайда қатысушылардың 72%-ы келісімге келген.

Үшінші тәжірибеде нағыз нарық құрылды. Тышқанға жауап беретін бірнеше "сатушы" және ақшасы бар бірнеше "сатып алушы" болған. Бұл жағдайларда келісімдердің саны 76%-ға дейін өскен.

Нәтижелер көпшілігіміздің моральдық тұрғыда күмәнді істі орындамау үшін ақшадан бас тартатындығымызды көрсетеді. Бірақ біздің адамгершілік стандарттарымыз нарықтық ортада әлсірейді, сондықтан біз пайда табу үшін кей ұстанымдарымыздан бас тартуға дайын тұрамыз.

Ақша мен бақыт қалай байланысады?

Егер осыншалықты көп адам өздерінің моральдық ұстанымдарын ақшаға айырбастауға дайын болса, онда "Бақытты сатып ала алмайсың" және "Бақыт ақшада емес пе?" тәрізді пікірлер жайлы не айтуға болады?

2010 жылғы "High income improves evaluation of life but not emotional well-being" зерттеуі табыс деңгейінің өмірді бағалау мен адамдардың эмоционалдық саулығына қалай әсер ететіндігін анықтауы тиіс еді. Бірінші түсінік адамдардың өз өмірлері мен неге иелік ететіндіктері жайлы ойларын сипаттайды. Ал екіншісі әртүрлі сезімдерді: қуанышты, жақындықты, қайғыны, ашуды бастан кешіруіне байланысты орын алады.

Ғалымдар табыстың артуы өмір сүру құнының өсуімен тікелей байланысты екендігін анықтады.

Сонымен қатар, эмоциона��дық саулық та, бірақ белгілі бір шекке - айына 300 000 теңгеге дейін өседі. Адам осы нүктеден өткен соң табысының артуына байланысты қосымша жағымды эмоцияларды сезінбейді.

Әрине, айына 300 000 теңге - жап-жақсы сома. Сонда да бұл зерттеудің теңге курсы екі өсе төмен болған 2010 жылы жүргізілгендігін айта кету керек. Қайта есептеген күнде де бұл қомақты сома болып табылады. Бірақ оны орындалмас арман деуге келмейді.

Ақша эмоционалдық емес, материалдық саулықты анықтайды. Сондай-ақ, бұл өмірде барлық нәрсені сатып ала беруге болмайды.

Гарвардтық зерттеуші Майкл Сэндел өзінің "Ақшаға нені сатып алуға болмайды? Еркін нарықтың моральды шектеулері" атты кітабында дәл осы тақырыпты қозғайды. Ол адамдар ерекше билбордтарға айналатын: компанияларға өз денесінің белгілі бір бөліктерін олар жарнамалық хабарландырулар жазатын дене әшекейін (татуировка) салу үшін жалға беретін қоғам жайлы ойлауды ұсынады. Сэндел адамдар ақша алса да, бақытты болмайды деп есептейді.

Қорытынды.

Біз бақыт жайлы айтқан кезде жақсы өмір жайлы ойлаймыз. Ал жақсы өмір өз кезегінде Сіздің өзіңізді беделді адам ретінде сезінуіңізді білдіреді. Егер бұл сезім сатылмайтын болса, онда бақытты да сатып алуға болмайды. Әрине, ақшаның көмегімен басқа да көптеген жағымды жетістіктерге қол жеткізуге болатындығы даусыз.

Бай адамдардың әдеттері кедей адамдардың әдеттерінен несімен ерекшеленеді?

Бай адамдарды кедейлерден ақша мөлшерінен басқа не нәрсе арқылы ажыратуға болады? Бірінші кезекте олар әдеттерімен ерекшеленеді! Барлығы өте қарапайым және мидан басталады. Неліктен кедей адамдар сол күйінше кедей болып қалады да, байлар өз капиталдарын арттыруды жалғастыра береді?

Ертеректе, басыбайлылық құқық болған кезде адамдар кедей күйінде қала берген, себебі олардың туабітті құқықтары болмайтын. Бір ғана нұсқа - айлакерлік және алдау. Үндістанда да касталық жүйеге байланысты дәл осындай жағдай болатын.

Ал қазіргі таңда демократиялық елдердегі кедейлердің көпшілігі оларды біреудің қанайтындығынан емес, өз ақыл ресурстарының жеткіліксіздігінен не болмаса жалқаулық пен солай өмір сүрудің ыңғайлылығына байланысты кедей өмір сүруді жалғастыруда.

Неліктен байлардың дәулеті арта береді, ал кедейлер қолында барымен өмір сүруін жалғастырады? Әзірге алын��ан тәрбие мен білімді қоя тұрып, кез келген адамның өзгерте алатын - әдеттері жайлы сөз қозғайық.

Әркімнің өзінің баю жолы бар, бірақ бай адамдардың әдеттерін салыстыратын болсақ, олардың барлығына ортақ қасиеттер бар. 2013 жылы Forbes дүние жүзіндегі ең бай адамдардың кезекті тізімін жариялады. Олардың ішінде:

Карлос Слим, араб ұлтынан шыққан, мексикалық кәсіпкер, әлемдегі ең бай адам — 73 млрд. доллар.

Билл Гейтс — 67 млрд. доллар.

Ортега Амансио (Zara) — 57 млрд. доллар.

Уоррен Баффет — 53,5 млрд. доллар.

Ларри Эллисон (Oracle) — 43 млрд. доллар.

Томас Корли 233 бай және 128 кедей адамның күнделікті әдеттеріне зерттеу жүргізген.

Іс-әрекеттердің белгілі бір тәртібін ұстану

Шаруалар тізімін құру: байлар — 81%, кедейлер — 9%.

Жұмысқа дейін 3 және одан көп сағат бұрын ояну: байлар — 44%, кедейлер — 3%.


Жұмыс арасында уақыт болғанда аудиокітаптар тыңдау: байлар — 63%, кедейлер — 5%.


Байланыстарды дұрыстау мен қарым-қатынастарды реттеуге айына 5 сағаттан артық уақыт жұмсайды: байлар — 79%, кедейлер — 16%.


Күніне жарты сағат және одан көп уақыт кітап оқиды: байлар — 88%, кедейлер — 2%.


Кітап оқығанды ұнатады: байлар — 86%, кедейлер — 26%.

Денсаулық

Аптасына 4 рет дене шынықтырумен айналысады: байлар — 76%, кедейлер — 23%.


Тұтынылатын фастфудтың калорияға шаққандағы мөлшері: байлар - күніне 300 ккал-дан кем, 75%-дан артық емес, кедейлер - күніне 300 ккал-дан көп, шамамен 100%.

Теледидар қарау

Күніне 1 сағаттан кем уақыт теледидар қарау: байлар — шамамен 60%, кедейлер —25%-дан кем.


Реалити-шоу көру: байлар —5%-дан аспайды, кедейлер —75%-дан көп.

Бала тәрбиесі

Жетістікке жетелейтін жақсы, әрі дұрыс әдеттерге үйретеді: байлар — 74%, кедейлер — 1%.


Балалар аптасына 10 және одан көп сағат уақыттарын ерікті ретінде жұмыс істеуге жұмсайды: байлар — 70%, кедейлер — 3%.


Балаларын айына екі және одан да көп көркем әдебиет кітаптарын оқуға ынталандырады: байлар — 63%, кедейлер — 3%.

Мақсат қою

Өз мақсаттарын қағазға жазады: байлар — 67%, кедейлер — 17%.


Нақты мақсаттарға қол жеткізуге көңіл бөледі: байлар — 80%, кедейлер — 12%.


Әрдайым білім алу керектігіне сенеді: байлар — 86%, кедейлер — 5%.


Дұрыс әдеттердің мүмкіндіктер қалыптастыратынына сенеді: байлар — 84%, кедейлер — 4%.


Жаман әдеттердің теріс әсер ететіндігіне сенеді: байлар — 76%, кедейлер — 9%.

Демография

Нью-Йокте 389 000 миллионер, Лондонда — 281 000 миллионер, Парижде — 219 000 миллионер, Франкфуртта — 217 000 миллионер, Пекинде — 213 000 миллионер, Шанхайда — 166 000 миллионер, Гонконгта — 187 000 миллионер, Токиода — 461 000 миллионер, Осакода — 190 000 миллионер тұрады.


Forbes мәліметтеріне сәйкес, әлемнің ең бай адамдарының тізіміне енген 400 американдықтың 68%-ы дәулеттке мирасқор ретінде емес, өз еңбектерінің арқасында жеткен.


Джон Пол Деджория (4 млрд. доллар) өз көлігінде тұрып, Пол Митчелдің өнімдерін сатқан. Опра Уинфри (2,9 млрд. доллар) тұрмысы нашар отбасында өсіп, жасөспірім шағында зорлық-зомбылық көрген соң үйінен қашып кеткен. Говард Шульц (2 млрд. доллар, Starbucks)

Есіңізде болсын, жоғарыда келті��ілген әдеттерді берік ұстану міндетті түрде Сізді байытады деген сөз емес... Бірақ олар орындауға тұрарлық.


Қазіргі Интернет үстем болып тұрған заманда әлемнің ең керемет университеттерінің көптеген тегін онлайн курстары мен қол жетімді кітап қорлары бола тұра сапалы білім ала алмаймын деу - ақылға сыймайды.

Ақшаны қалай табуға және жұмсауға болады: бұл істе тәжірибесі бар адамдардың кеңестері

Генри Форд, Роберт Кийосаки, Бодо Шефер және жетістікке жеткен басқа да адамдар — байлыққа қол жеткізу жолдары жайында сөз қозғайды.

1. Генри Форд, американдық өнеркәсіп иесі, өнертапқыш

Белгілі өнеркәсіп қожасы, автокөлік құрастыру зауыттарының иесі және өнертапқыш оптимист болған. Ол жасыңа қарамастан әрдайым білім алу керек деп есептеген, әрқашан жаңа әдістерді іздену үстінде болған және қиындықтардан қорықпаған.


Генри Форд үшін ақша жаңа білім мен тәжірибелер көзі болған. Дәл осы себепті ол өзіңе инвестициялауға кеңес берген — тек осылай істеу арқылы ғана жетістікке жетуге болады.

Генри Фордтың кеңестері

Егер ақша - Сіздің тәуелсіздікке деген үмітіңіз болса, онда ешқашан тәуелсіз бола алмайсыз. Адамның бұл өмірде алатын жалғыз кепілдігі - бұл оның білімдерінің, тәжірибесі мен мүмкіндіктерінің қоры болып табылады.

Жетістік пен байлықтың құпиясы - өзіңді де, басқа адамдарды да түсіне білу қабілетінде. Әрбір іске өзіңнің және өзгелердің көзқарасымен қарай білу маңызды. Әртүрлі бірнеше көзқарас жаңа дұрыс көзқарас қалыптастырады.

Қарттар бізге ақшаны үнемдеуге, жарқын болашақ үшін ақша жинауға үйретеді. Бұл - құлақ асуға тұрмайтын нашар кеңес. Ақшаңызды шыны құтыға жинамаңыз. Өзіңіздің дамуыңызға салыңыз. Мен қырық бес жасыма дейін бір де бір доллар үнемдеген жоқпын, барлығын өзімнің әрі қарай дамуыма инвестицияладым.
2. Уоррен Баффетт, американдық кәсіпкер, инвестор

Уоррен Баффетт тарихтағы ең ірі инвестор болып саналады. Оның қаржылық олимпқа салтанатты өрлеуі 10 мың доллардан және өткен ғасырдың 60-жылдары инвестициялық компанияның негізін қалаудан басталды.


Бүгінгі таңда Баффетт — әлемдегі ең бай адамдардың бірі (оның байлығы 77,3 миллиард доллар деп бағаланады) және қайырымдылықты ең көп жасайтын адам. Оны Омахадан - өз туған қаласынан шыққан көріпкел және сәуегей деп атайды.


Баффеттің ой�� бойынша ұзақ мерзімді табысқа жетудің негізгі құпиясы келесідей: белгілі бір қағидаларды ұстанып, төзім мен сақтық таныту керек.

Уоррен Баффеттің кеңестері

Нарық он жылдан кейін жабылған жағдайда өзіңіз рахаттанып қолданатын дүниені ғана сатып алыңыз.

Бұл шұлық, не акция болса да маған бәрібір: маған сапалы дүниелерді төмендетілген бағамен алған ұнайды.

Жақсы жұмыс іздеу мен өзіңді жабырқататын жұмыста отыра беру - бұл жыныстық қатынасты зейнет жасына дейін кейінге қалдырумен бірдей.

Егер Сізде таңдау болса, "иә" деген жауапқа қарағанда "жоқ" деп жауап беру маңыздырақ.

Мен өзімнің бай болатынымды әрдайым білетінмін, оған бір минут болса да күмәнданған емеспін.
3. Роберт Кийосаки, американдық кәсіпкер, жазушы

Роберт Кийосаки әрдайым табысты болған жоқ. Ол сауда агенті ретінде жұмыс істеген, кейін жеке кәсібін ашқан. Алайда 80-жылдары барлығынан айырылған, өзінің айтуы бойынша " өзін сәтсіздікке ұшыраған адам ретінде сезіне бастаған". Дәл осы себепті оның кеңестерінде келесі ой жиі қайталанады: табысқа жету үшін өзіңе сенуің керек.


15 жылдан кейін ол әріптесімен бірге бизнес пен инвестициялауды үйрететін Rich Dad`s Organization атты халықаралық білім беру компаниясының негізін қалаған. Кийосаки 47 жасында "Бай әке, кедей әке" атты бестселлерін жазған. Қазіргі таңда ол шамамен отызға жуық кітаптың авторы. Кәсіпкер активтерінің таза бағасы 80 миллион доллар деп бағалануда.

Роберт Кийосакидің кеңестері

Бірінші кезекте бағаға емес, құндылыққа қарау керек.

Егер Сіз өзіңізді бай етіп көре алмасаңыз, ешқашан оған қол жеткізе алмайсыз.

"Мүмкін емес" тіркесі біздің әлеуетімізді шектейді, ал "Мен мұны қалай жасай аламын?" деген сұрақ миыңызды толықтай жұмыс істеуге итермелейді.

Ақша жинау - кедей және орта тап адамына арналған жақсы кеңес. Ал байлық қалыптастыру үшін бұл нашар кеңес болып табылады.

Байлыққа апаратын кілт - барлық қиын нәрсені жеңілге айналдыра білу қабілеті. Бизнестің мақсаты - өмірді қиындату емес, керісінше оны жеңілдету ғой. Өмірді барынша жеңілдетуге мүмкіндік беретін бизнес қана үлкен ақша әкеледі.

Ең құнды актив - уақыт. Адамдардың көбісі оны дұрыс пайдалана алмайды. Олар байларды әрі қарай байыту үшін көп еңбек етеді, ал өздерін байытуға күш жұмсамайды.
4. Бодо Шефер, қаржы кеңесшісі, жазушы

Бодо Шеферді қаржы саласының Моцарты деп атайды: ол тайм-менеджмент және қаржыны басқарудағы ең мықты практик болып есептеледі. Шефер бала кезінде 30 жаста алғашқы миллионын табатынына өзіне серт берген.


Ол 16 жасында АҚШ-ты бағындыруға аттанады, содан кейін Мексикаға қоныс аударады. 26 жасында толық банкротқа ұшырайды, бірақ бұл жағдай оның сағын сындыра алмады.


Шефер өзінің қаржылық сауаттылығын дамытуға көмектескен тәлімгерді тауып, табысқа жеткен. 30-ға келген шағында ол шынында да өзінің алғашқы миллионын тауып, жинақталған қаражаттың пайызына өмір сүре алатын жағдайға жетті. Қазіргі таңда Шефер - қаржы және тайм-менеджмент жөніндегі көптеген кітаптардың авторы.


Ол ақшаға өте жеңіл көзқараспен қарайды: бұл - аясы тар мақсат емес (самоцель), еркіндікке, тәуелсіздік пен өмірлік бақытқа жетуге қажет уақытты сатып алуға көмектесетін құрал.

Бодо Шефердің кеңестері

Байлықты Сіздің жұмыс істеп табатын емес, жинайтын ақшаларыңыз әкеледі.

Бақытты болудың екі жолы бар: өз қажеттіліктеріңді шектеу, өз мүмкіндіктеріңді арттыру. Дана адам екеуін бір уақытта орындайды.

Ақша оған дайын адамда ғана қалады.

Тырысудың қажеті жоқ, орындау керек. Тырысқысы келетін адам сәтсіздікке дайын келеді. Ақырында оның қолынан түк келмейді. Тырысу - өзіңнің сәтсіздіктеріңді алдын ала ақтау, оларды алдын ала кешіру. Ешқандай талпыныс жоқ. Сен не орындайсың, не орындамайсың.

Мен көп жаттыққан сайын жолым болғыш келеді.

Өзіне сенбейтін адам ешнәрсе жасамайды, оның ештеңесі жоқ және ол ешкім емес.
5. Марк Кьюбан, американдық кәсіпкер, миллиардер

Марк Кьюбанның оқиғасы таңқаларлық. Ол қарапайым отбасында өскен, өзінің алғашқы іскерлік келісімшартын 12 жасында жасаған. Марк баскетболға арналған кроссовка сатып алу үшін қоқысқа арналған дорбалар сатқан.


Кьюбан мектеп кезінің өзінде кеш ұйымдастырушысы, бармен және би жаттықтырушысы болып табыс тапқан. Колледждегі оқу ақысын төлеу үшін пошта маркаларын жинап сатқан. Мансап жолын бармен мен сатушыдан бастап, бағдарламалық өнімдерді сатумен айналысатын жеке компаниясын құрған.


Қазіргі таңда Кьюбанның байлығы 2,3 миллиард доллар деп бағалануда. Оны мақсатқа талпынушылық пен еңбектің еселеніп қайтатынына сенетін, өте ақылды және қырағы адам деп атайды.

Марк Кьюбанның кеңестері

Егер қаласаңыз, ең дұрысы жеке бас шығындарына жұмсалатын ақшаны үнемдеу екендігіне жылдам көз жеткізе аласыз. Ақылды сатып алушы болу - бай болудың алғашқы қадамы.

Сіздің қалай өмір сүретініңіз маңызды емес. Сіздің қандай көлікпен жүретініңіз маңызды емес. Сіздің қалай киінетініңіз маңызды емес. Ақша жайлы көп ойлаған сайын мақсаттарға талпынуыңыз қиындай түседі. Арзан өмір сүрген сайын Сіздің нұсқаларыңыз көбейе береді.

Негізгісі ақша мен байланыс емес. Бастысы - Сіздің басқаларға қарағанда жақсы жұмыс істеуге және көп оқуға дайын болуыңыз. Егер бұл жолы табысқа жетпесеңіз, мұнан сабақ аласыз да, келесі жолы жақсы жұмыс істейтін боласыз.
6. Говард Шульц, американдық кәсіпкер, Starbucks басшысы

Говард Шульц Бруклиндегі қарапайым отбасында дүниеге келген. Колледжді бітіріп, бірнеше жерде жұмыс істегеннен кейін Starbucks-қа орналасады. Говард керемет жетістікке жететініне сенімді болғандықтан компания басшыларын компанияның бас директорының орнын азғандай еңбекақыға беруге көндірген деседі.


Ол мақсатына жетті. Қазіргі таңда Starbucks - әлемдегі ең танымал кофехана желілерінің бірі. Шульцтің байлығы 2,9 миллиард долларға бағалануда.


Ол бизнеске маңызды тапсырма ретінде қарайды. Миллиардердің пікірі бойынша оның орындалуы жайлы армандау керек.

Говард Шульцтің кеңестері

Кішкентай нәрселерді армандау арқылы Сіз үлкен жетістіктерге жете алмайсыз. Қол созым жердегі арман кімге керек?

Ешқашан мүмкіндігім болмады десеңіз, бәлкім, Сіз жай ғана оны пайдаланбаған боларсыз.

Сәтсіздік аяқ астынан келуі мүмкін, ал жетістік тек өзін жоспарлағандарға ғана келеді.

Ұлы жеңістердің кездейсоқ болуы мүмкін емес.
7. Томас Стэнли, Уильям Данко, «Сіздің көршіңіз — миллионер» кітабының авторлары

Бестселлерге арналған кітаптың авторлары 20 жыл бұрын адамдардың қалай байитынын зерттеумен айналысқан. Стэнли мен Данко Американы тұтастай шарлап, келесідей күтпеген қорытындыға келген: қымбат үйлерде тұратын және өте жақсы автокөлік мінетіндердің көбі аса бай емес. Байлық өте сирек жағдайда ғана сәттілік, мирас, ғылыми дәреже және зейіннің арқасында келеді. Көп жағдайда байлық - қажырлы еңбектің, жоспарлау мен өзіндік тәртіптің нәтижесі.

Томас Стэнли мен Уильям Данконың кеңестері

Байлық пен табыс - екі түрлі нәрсе. Егер Сіз жақсы табыс тапсаңыз және тапқаныңыздың барлығын жұмсайтын болсаңыз, Сіз байымайсыз, жай ғана кеңшілікте өмір сүресіз. Байлық - Сіздің жарататыныңыз емес, жинақтайтыныңыз.

Байларды қандай үш сөзбен сипаттауға болады? Үнемділік, үнемділік және тағы да үнемділік.
Жетістікке жетудің жалғыз жолы - бас тартуға (отказ) көну

Джоан Роулингтен бастап, Джеймс Дайсонға дейінгі барлық белгілі жасампаздар (творец) бас тартудың не екендігін біледі. Алайда егер Сіз одан қалай сабақ алу керектігін білсеңіз, онда бас тартулар мен сәтсіздіктер табыстың алауын тұтатушы рөлін атқарады.


Ешкім де бетінің қайтарылғанын, сондай-ақ нәтижесінде кері қайтарылу үшін тәуекел етуді, тырысуды қаламайды. Бірақ егер Сіз өмірдің белгілі бір саласында жетістікке жетуді қаласаңыз, онда бетіңіздің қайтарылуы мүмкін екендігін қабылдауыңыз керек.

Сізде таңдау жоқ: не кез келген мүмкіндікті пайдаланасыз, не өз арманыңызға ешқашан қол жеткізбейтіндігіңізге толықтай сенімді күйде өмір сүресіз.

Сіз пайдаланбайтын мүмкіндіктеріңіздің 100%-ын жоғалтасыз

Жазушылар үшін бас тарту - таңқаларлық емес, әдеттегі дүние. Мысалы, Джоан Роулинг (Joanne Rowling) Твиттерге өз қолжазбаларына Роберт Гэлбрейттің (Robert Galbraith) қолы қойылған екі бас тарту хатын жариялаған.


Бестселлерлер авторы Джоан Харрис (Joanne Harris) "Шоколадты" жариялауға қатысты көп бас тартулар алғаным соншалық, мен олардан мүсін жасадым" деп еске алады.


Басқа да көптеген белгілі авторлар, соның ішінде Джеймс Джойс (James Joyce), Джордж Оруэлл (George Orwell) және Джон ле Карре (John le Carré) өз кітаптары басылып шыққанға дейін көптеген теріс жауаптар алған. Олардың жұмысы бас тарту тауқыметі мен кері қайтқан жазбаларды қайта жазуға қарамастан нәтижесінде тек жақсара түскен.

Неге соншалықты қиын?

Бас тарту бізді неге сонша қынжылтады? Сайып келгенде бас тарту өмірге ешқандай қауіп төндірмейді. Бастысы - біздің өзара тәуелділігімізде жатыр.


Адамның өсуі үшін қоғам қажет. Адам басқа адамдарсыз дамып, жандана алмайды: егер балаға ешкім қамқорлық танытпаса, оған өз махаббатын төкпесе, ол өмір сүре алмайды. Дәл осы себепті бізге басқалармен қарым-қатынас жасауда қолдау, махаббат пен келісім қажет. Кей жағдайда біз үшін бұл - өмір сүрудің қажетті шарты болып табылады.


Сіз өз еңбегіңізді бағалайтын қасыңыздағы адамдардың қолдауы мен пікіріне тәуелді болған сайын бас тарту кезінде өзіңізді соғұрлым нашар сезінетін боласыз. Сондай-ақ, бұл жұмысыңыз жеке кәсіп - өзіңізді немесе кім болғыңыз келетіндігін көрсету болған жағдайда бас тартудың не себепті қатты қынжылтатынын түсіндіреді.


Өзіңіз ұнатпайтын мектеп пәнінің тапсырмасын орындамағаныңыз үшін екілік алу немесе жұмыста нашар орындалған тапсырма үшін сөгіс алу жағымсыз болса да, аса қынжылта қоймайды. Ал жобаға барыңды салып, жақсы болуы үшін барлығын жасап, шын мәнінде де жақсы шыққанын көре тұрып, соңында теріс жауап алу - бұл шынымен де ауыр.


Бұл - кері жауап алғандағы теріс эмоциялар жайлы түсінілуі тиіс алғашқы нәрсе. Егер күйзеліск�� түсіп, өзіңіздің керексіз екендігіңізді сезінудің орнына қоғамнан физиологиялық тәуелділігіңізді еске алсаңыз жеңілдірек болады.


Бірақ тоқтаудың не қажеті бар? Неге әрі қарай жүрмеске? Бас тартуды қандай да бір жаман нәрсе деп қабылдаудың, одан барыңды салып қашудың орнына неліктен оны өзіңізге жұмыс істетпеске? Мұндай жағдайда бас тарту Сізге кері қайтқан дүниеден де жақсысын құруға мүмкіндік береді. Мұны қалай жасау керектігі төменде көрсетілген.

Қателіктерден сабақ аламыз. "Отказ" дамуға қалай көмектеседі?

"Отказ" бізді жақсы нәрсе жасауға мәжбүрлеуі мүмкін. Бірақ оны дұрыс қабылдап үйрену керек. "Отказды" Сіздің кесіріңізден болды деп қабылдамаудан бастаңыз. "Мен нені дұрыс істемедім? деудің орнына кері қайтқан жұмысқа қараңыз.


Мұқият қараңыз. Мүмкін ненің жетіспей тұрғанын байқарсыз. Бәлкім, өз арманыңызға жеткізетін әдіс бұл іс үшін жарамсыз шығар.


Суретші Декстер Далвуд (Dexter Dalwood) өзінің студенттерге арнаған сөзінде келесілерді айтқан: "Егер Сіздер өз идеяларыңыздың жетістікке жетуін қаласаңыздар,"отказға" дайын болыңыздар. Олар бірге жүреді".


"Отказ" - өндірістік үдерістің (процесс) бөлігі және өнердің ажырамас құрауышы. Керемет мысал - заманауи қол кептіргіштер мен циклондық G-Force шаңсорғышының пайда болуына еңбек еткен, британдық өнертапқыш Джеймс Дайсонның шығармашылық жолы.


Дайсон бас тартуды пайдалы нәрсе деп есептейді. Оның дорбасыз шаңсорғыш құрастыру жөніндегі жобасы 5127 түрлендіруден өтіп, бөлшек сауда ұйымдар��нан өте көп теріс жауаптар алған.


Джеймс Дайсон өзінің соңғы туындысы - араластырғышқа (смеситель) орнатылған Airblade Tap атты қол кептіргішін шығарған соң ВВС-ге берген сұхбатында "Сәтсіздіктер - жаңа нәрсені үйрену барысында қажет болатын ең жақсы дәрі" деген.

Сіз сәтсіздікке ұшыраған соң бас тартулардың дәл осылайша көмектесетінін түсінесіз. Бұл Сізді тағы да, одан да жақсысын жасауға итермелейді.


Колорадо университетінің профессоры Андреас Эрикссон (Andreas Eriksson) бес жастан кәмелет жасқа дейінгі скрипкада ойнауды үйреніп жүрген балалардың әдеттеріне зерттеу жасаған. Ғалым олардың жетістігін анықтайтын маңызды фактор - жас скрипкашының музыкаға тәжірибеге қанша уақыт жұмсайтыны, оның өз ойынын қаншалықты жақсартқысы келетіні екендігін анықтаған.


Жазушы Малкольм Гладуэлл (Malcolm Gladwell) бұл идеяны "10 000 сағат ережесі" деген атпен көпшілікке таратқан. Бұл өз ісіңде жетістікке жетіп, биікке өрлеу үшін шамамен 10 000 сағат жұмыс, сын және оған конструктивті жауап берудің қажет екендігін білдіреді.


Бас тартуға тап болған кей адамдар талпынуды қашан тоқтату керектігі жөнінде ойланады. Жауап - ешқашан. Егер Сіздің арманыңыз, өзіңіз сенетін және қол жеткізгіңіз келетін нәрсеңіз болса, өз мақсатыңызға қарай жүруді жалғастыра беріңіз.


"Отказ" - Сіздің сәтсіздікке ұшырғаныңызды емес, талпынғандығыңызды білдіреді. Мұны қайта жасаңыз.

"Отказ" қорқынышын жеңуге арналған

60 кеңес

Барлық адамдар кері қайтарылудан қорқады, бірақ барлығы бірдей аталған қорқынышты жеңуге тырыса бермейді. Кәсіпкер Джиа Джианг 100 күн бойы бейтаныс жандарға ерсі өтініштер жасап, оны камераға түсірген. Содан кейін ол оған бас тарту терапиясы деген атау береді. Біз оның араласу, өз қорқыныштарыңды жеңу және бизнес жүргізуге қатысты ең қызықты қорытындыларын жинақтадық.

1. Барлығы бірдей Сіздің жағдайыңызды түсіне бермейді. Ұсынысыңыз қабылданбаған жағдайда себебін сұрап, оны болдырмауға тырысыңыз.


2. Бір адамға қарағанда бірнеше адаммен келіссөз жүргізу әлдеқайда қиын. Бір нәрсе жайлы сұрайтын болсаңыз, адаммен бетпе-бет сөйлескеніңіз дұрыс.


3. Әңгімелесушіні күлдіруге тырысыңыз, сонда араларыңызда дауыс көтеру болмайды.


4. Бір нәрсе жайлы сұраған кезде өзіңізге сенімді көріну аса маңызды.


Егер өзіңізді білімді адам ретінде көрсете алсаңыз, оң жауап алу ықтималдығыңыз артады.


5. Егер Сізден бір нәрсе жайлы өтінсе, ал Сіздің оны орындайтын уақытыңыз болмаса, мәселені шешуге болатын басқа да жолдар ұсынып көріңіз. Мысалы, "Өкінішке орай, мен қазір мұны орындай алмаймын, себебі... Бірақ мен Сізге көмектесе алатын бірнеше жақсы маманды білемін" деңіз.


6. Теріс жауап алған кезде сыпайы әрі ақкөңіл болсаңыз, Сізге ашулану мүмкін емес.


7. Әңгімелесушінің не себепті келісуі керектігі жайлы нақты себепті атамасаңыз, тіпті ұсынысыңыз өте тартымды болса да, кері жауап алуыңыз мүмкін. Келесі жолы ұсыныс жасар алдында міндетті түрде "себебі" сөзін пайдаланыңыз.


8. "Жоқ" деген сөзден кейін әрдайым не себепті екенін сұрауды ұмытпаңыз.

Тіпті әңгімелесушінің ойын өзгерту мүмкін болмаса да, бас тартудың себебін білу әрдайым пайдалы болады.


9. Әлем біз өзіміздің әрдайым асығып жүруіміздің кесірінен байқамайтын керемет әсерлер мен адамдарға толы.


10. Егер қандай да бір өтінішті айту алдында қобалжысаңыз, тоқтап, терең тыныс алыңыз. Сіз әр сөзіңізді асықпай, мұқият айтқан кезде өзіңізді әлдеқайда сенімді сезінетін боласыз.

11. Адамдар басқалар жайлы жақсы сөз айтуға бейім. Біреуден өзіңізді қошеметтеуін сұраудан ұялмаңыз және өзіңіз де мақтау сөздер айтып жүріңіз. Өзіңіздің де, қасыңыздағы адамның да бақытты бола түскенін байқайсыз.


12. Іскерлік келіссөздердегі бірінші "жоқ" талқылаудың соңы болмауы керек. Көп жағдайда Сіз екінші тараппен бірге баламалы шешім таб�� аласыз. Әрдайым байсалды қалпыңызда қалуға тырысыңыз және бір нұсқаны ғана ұстана бермеңіз.


13. Егер Сізде дұрыс қолжетімділік арнасы болмаса, маркетингтік тәсілдер мен қайсарлық көмектесе алмайды.


Кей кезде нені немесе қалай айтқаныңыз үшін емес, кімге айтқаныңыз үшін теріс жауап алуыңыз мүмкін.


14. Егер адамның Сізбен сөйлесуді жалғастырғысы келмейтінін сезсеңіз, оны көндіруге тырыспаңыз және мұны өзіңізге қаратылып айтылуда деп ойламаңыз.


15. Егер ұсынатын дүниеңіз болса, одан қорықпаңыз. Біреу дәл қазір тура сол нәрсені іздеп жүруі мүмкін.


16. Сіз клиенттерге өз өніміңізді ұсынсаңыз да, қайырымдылыққа ақша сұрасаңыз да, қаражаттың неге жұмсалатынын нақты түсіндіріңіз.


17. Әзіл — бұл жақсы, бірақ шектен шықпаңыз. Орынсыз немесе ерсі қалжың қиындыққа әкелуі мүмкін.


18. Біреуге теріс жауап берудің ең тиімді әдістерінің бірі - тақырыпты басқа арнаға ауыстыру.


Адамдар өздері мен қызығушылықтары жайлы сөйлескенді өте қатты жақсы көреді.


Егер қасыңыздағы адамды әңгімеге тарта алсаңыз, келеңсіз жағдайдан құтыла аласыз.


19. Сауда үшін өз клиенттеріңіз бен олардың қажеттіліктерін білу маңызды. Клиент өзіне ненің қажет, ненің қажетсіз екендігін анық түсіндірген соң оған өз ойыңызды міндеттеудің қажеті жоқ.


20. Әрине, клиентпен жұмыс істейтін қызмет саласы өкілдерінің келіспестен бұрын ерекше өтініштерден бас тартуға немесе кідіріс жасауға құқы бар. Бірақ тек жалтақтамай айтылған "иә" жауабы мен қосымша күш салу клиентті қайран қалдырып, оны қайт��п келуге мәжбүрлейді.

21. Бір нәрсе сұрамас бұрын адамға ізет білдіріңіз. Бірақ жағымпазданбаңыз және айла жасауға тырыспаңыз, шынайы қалпыңызда қалуға тырысыңыз.


22. Адамға өзі көрсететін қызметті ұсынудан қорықпаңыз. Біреу күн сайын басқалар үшін тамақ әзірлейтін болса, ол түскі астан бас тартады дегенді білдірмейді ғой.


23. Кез келген келіссөз барысында әрдайым тек басты ғана емес, қосалқы мақсатты да ойыңызда ұстаңыз.


Адамдар екі рет қатарынан "жоқ" деп жауап беруді ұнатпайды. Сондықтан, егер бірінші ұсынысыңызға кері жауап алсаңыз, мүмкін екіншісі қабылданып қалар.


24. Адамдар тікелей емес, делдалдар арқылы бас тартуды дұрыс көреді. Сондықтан келіссөзді қол астындағы қызметкерлермен емес, басшының тікелей өзімен жүргізуге тырысыңыз.


25. Неге қол жеткізуді қаласаңыз да, табандылық - бұл жетістікке жеткізетін кілт.


26. Есіңізде болсын, сіздің өтінішіңіз басқа адам үшін тәуекел немесе қандай да бір кедергілермен байланысты болуы мүмкін. Тәуекелді төмендететін немесе кедергіні жоятын нәрсе ұсыныңыз. Мысалы, егер тауар сатқыңыз келсе, клиентке алғашқы 10 күнде өнімді тегін пайдалануды ұсынып көріңіз.


27. Қызмет көрсету жайлы өтінішті сайысқа(вызов) айналдырып көріңіз. Мысалы, "Көпшілік мұны істей қоймайды, бірақ егер Сіз бізге көмектесе алсаңыз, өте қуанышты боламыз" деңіз. Бұл алаяқтық болып көрінбеуі үшін нақты қызмет жайлы өтініп тұрғаныңызды түсіндіріңіз.


28. Өз уәдеңізді орындайтыныңызға сенімсіз болсаңыз, келіспеңіз.

Клиенттермен жұмыс істеудегі алтын ереже: "Аз уәде беріп, көп әрекет ет".


29. Әрекетсіздік әрекеттен де қатты қорқытады. Егер біз бір нәрсеге ұмтылып, теріс жауап алсақ, оны одан да жақсырақ етіп істейтініміз шындық қой.


30. Жақтырмау — бас тартудың бір түрі. Егер Сіз біреуге жақтырмай қарайтын болсаңыз, соңында сол адамның бас тартқанына таң қалмаңыз.

31. Бір нәрсе жайлы сұрамас бұрын адаммен байланыс орнатып, өзара түсіністік табуға тырысыңыз. Бұл - қарым-қатынастың ең алғашқы және тиімді әдістерінің бірі.


32. Қолында билігі барлардың ең алдымен адам екендігін ұмытпаңыз. Олар да басқалар ұстанатын ережелерді ұстанады. Олармен араласқанда өзіңізді шынайы ұстаңыз, кері жағдайда тек теріс жауап қана емес, одан да зорын алуыңыз мүмкін.


33. Сіз тұлғааралық өзара байланыстың, соның ішінде мәміле мен келісімшарт жасаудың көптеген жағдайларында сұхбаттасыңыздың өз жағыңызда екенін білген кезде уайымдамайтын боласыз. Сенімділік қалауыңыздағы дүниеге жетуге көмектеседі.


34. Егер жеке кәсіпкерлікпен айналысатын болсаңыз, өз идеяларыңызды тәжірибеде сынаудан және клиенттерден теріс жауаптар алудан қорықпаңыз.


Сіз өз өніміңіздің жақсы екендігін ол клиенттің қолына түскен кезде ғана түсінесіз.


35. Кейде өтініштің ақылға қонымсыз болатындығы сонша Сізге автоматты түрде теріс жауап берілуі мүмкін. Сондықтан, сұрамастан бұрын мұның Сізге не үшін қажет екендігін түсіндіріңіз. Ал егер бәрібір "жоқ" деген жауап алсаңыз, не себепті екендігін сұрауды ұмытпаңыз.


36. Әңгіме қаншалықты қиын болса да, теріс эмоцияларға берілмеуге тырысыңыз. Тек сол кезде ғана әңгімелесушіден оң жауап күтуге болады.


37. Біреу бас тартудың себебін үшінші тарапқа, жүйеге немесе ұйымға сілтеме жасау арқылы түсіндіретін болса, оның қызығушылықтарын ұйымнан бөліп қарастыруға тырысыңыз. Бірақ сұхбаттасыңыздың үшінші тараппен болатын қарым-қатынасына қауіп төндірмеңіз.


38. Көп жағдайда қорқыныш бізді басқалар бас тартпастан бұрын өзімізден бас тартуға мәжбүрлейді.


39. Жағдай қаншалықты күрделі, қорқынышты немесе ақылға қонымсыз болса да, тәжірибе әрдайым көмекке келеді. Егер Сізді бас тартудан қорқу тоқтататын болса, теріс жауап алуға машықтаныңыз. Сіз қайта-қайта келеңсіз жағдайға түскен кезде қорқынышыңыз жоғалып кетеді.


40. Брюс Лидің сөзде��ін еске түсіріңіз:


"Егер Сіз әрдайым не істей алатыныңызға, физикалық немесе кез келген басқа шектеулер қоя беретін болсаңыз, дәл сондай табыспен өлік те болуға болады."

Бұл ұстаным жұмыс, мораль және тұтас өмір үшін орындалады.

41. Біздің бас тартулардан қорқатын себебіміз - олардан кейін өзімізге сенбей, көңіліміз қалады. Бұл қорқынышты жеңуге бас тарту терапиясы көмектеседі. Сіз өзіңіз үшін аса маңызды емес өтініштерге теріс жауап алу арқылы өзіңіз үшін шын мәнінде маңызды нәрсе жайлы сұраудан қорықпауды үйренесіз.


42. Біз келіссөздер барысында өз ойларымыз емес, әңгімелесушіні тыңдауымыз керек.


43. Роберт Кеннеди: «Кей адамдар заттардың құрылысына қарап, "Неліктен?" деп ойлайды. Мен ешқашан болмаған нәрсені армандаймын және "Неге олай етпеске?" деп ойлаймын. Әрқайсымыз өзімізден "Неге жоқ?" деп жиі сұрап тұруымыз керек" деген сөздерді айтқан.


44. Күрделі жұмысты жеке емес, топпен атқарған дұрыс. Әріптестеріңіздің қолдауы мен көмегі кейде жеке батылдыққа қарағанда көбірек көмектеседі.


45. Егер Сізге бір жерде теріс жауап берілсе, бұл Сіздің ұсынысыңыз көңіл бөлуге тұрмайды деген сөз емес.


Кейде өтінішті басқа орынға немесе басқа адамға айту жеткілікті болады.


46. Егер Сіздің өтінішіңіз ерекше және батыл болса, алдымен өзіңіз соған ұқсас нәрсе жасап көріңіз. Бұл адаммен байланыс орнатудың және өзара алмасу қағидасын іске қосудың керемет тәсілі.


47. Білімді кітаптан, шеберлік сыныптарынан (мастер-класс) және оқу аудиторияларынан алуға болады. Бірақ алынған білім тек тәжірибеде ғана дағдыға айналады.


48. Сіздің мақсатыңыз қаншалықты ізгі болса да, ең алдымен нәтижелер жайлы емес, өз әрекеттеріңіз жайлы ойланыңыз.


49. Әрқашан өз көмегіңізді ұсыныңыз.


50. Өмірге көңіліңіз толмаған сәттерде оқиғаны өз пайдаңызға шешіп, одан рахаттануға тырысыңыз. Бұл Сізге жаман көңіл-күйді жеңуге көмектеседі.

51.Ұзақ уақыт бойы артықшылықтар мен кемшіліктерді таразылауға, талқылауға және қажетті сәтті күтуге болады, бірақ егер әрекет етуді бастамасаңыз, еш нәрсеге қол жеткізе алмайсыз.


Қорқыныштан құтылудың жалғыз жолы - онымен бетпе-бет келу.


52. Егер Сіз үлкен қалада тұрсаңыз немесе бас тартулармен жиі кездесуге тура келетін шиеленісті салада жұмыс істейтін болсаңыз, мұны кемшілік емес, артықшылық деп қарастырыңыз. Бұл өзіңмен жұмыс істеуге және үлкен мақсаттарға жетуге ынталандырады.


53. Барлық адамдар жаңа нәрсе жайлы білгісі келеді. Егер Сіз өз өтінішіңізде әңгімелесушінің біліміндегі олқылықтарды толықтыруға көмектесетін ақпаратты айтсаңыз, келіссөздің сәтті аяқталу ықтималдығы арта түседі.


54. Біз оқу бітіріп, кәсіби әлемге енер кезде өміріміз алдын ала жоспарланып қойғандай тіршілік ете бастаймыз, сондай-ақ импульсивті әрекеттер жасауды және өмірге қуануды тоқтата бастаймыз. Бірақ бұл дұрыс емес: кенеттік (спонтанность) өмірді жарқын етіп, толықтыра түседі.


55. Әуесқойлық барлық адамға тән қасиет. Егер әңгімелесушіні қызықтырғыңыз келсе, оған жауабын білгісі келетін сұрақты қойыңыз.


56. Ө��іңіз бақылауға ала алмайтын нәтижелерге көп көңіл бөле бермеңіз.

Дұрысы - өзіңіз өзгерте алатын нәрсе, өз әрекеттеріңіз жайлы ойлаңыз.


57. Барлық адамда қорқыныш болады. Өзара түсіністікке келу үшін қорқыныштың бізге тигізетін әсерін азайтуымыз керек. Біз өзіміз қорықпаған жағдайда ғана басқаларға қорқынышты жеңуге көмектесе аламыз.


58. Бас тарту —лотерея сияқты дүние. Егер қайта-қайта талпынсаңыз, жеңіске жетуге болады.


59. Кейде қанша тырыссаңыз да, қанша жаттықсаңыз да, бас тарту қорқынышынан толық құтыла алмауыңыз мүмкін. Өз қорқыныштарыңызға қарамастан әрекет ете беріңіз, өкінбейсіз.


60. Басты кеңес: өзгелердің пікіріне емес, өз ісіңізге көңіл тоқтатыңыз.


Біз прожектор деп аталатын әсердің кесірінен ерекше іс-әрекет жасаудан және тәуекел етуден қорқамыз, себебі қасымыздағы адамдар біздің оғаштықтарымыз бен сәтсіздіктерімізді көріп, сынайды деп ойлаймыз. Бірақ шын мәнінде бізде ешкімнің шаруасы жоқ. Тіпті біреу өз ойын жеткізген күннің өзінде ол не себепті бізді толғандыруы керек?


Бұл өмірде миллиардтаған адам мен миллиардтаған ойлар бар. Біз әрдайым өзгелердің не айтатыны жайлы уайымдау арқылы олардың үмітіне және ең жаманы аталған үміттер жайлы өз түсініктерімізге икемделе бастаймыз және ақырында қарапайым өмір сүретін боламыз.


Сондықтан өзіңізге үңіле бермей, өз ісіңізге назар аударыңыз және басқаларға көмектесіңіз.