December 10, 2018
ТҮПКІ САНАДАҒЫ ШЕКТЕУЛІ ПІКІРЛЕРДІ АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН СҰРАҚТАР
ТҮПКІ САНАДАҒЫ ШЕКТЕУЛІ ПІКІРЛЕРДІ АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН СҰРАҚТАР
Сұрақтарға бөлек-бөлек шығарма түрінде жауап беріңіз.
- Сіздің балалық шағыңызда отбасыңыздың қаржылық жағдайы қандай болды? Бірнеше моменттерді есіңізге түсіріңіз (тамағыңыз, киіміңіз болды ма, ақшаны кім тапты, жанұялық саяхаттар болды ма? түгел есіңізге түсіріңіз)
- Отбасыңызда ақшаны кім ұстады? Қалай ұстады? Оның ақша туралы ең көп айтатын сөзі қандай болды?
- Отбасыңызда ақшаны ұстамайтын адамның ақшамен қарым-қатынасы қандай болды? Оның ақша туралы ойлары, сөздері қандай болды?
- Отбасыңызда ақшаның темасы қандай болды? Ақша үшін ұрыс-керістер болды ма? Ата-анаңыз ақша туралы мәселелерді қалай шешті?
- Бала кезіңізде сіздерге жақын, сіздерден әлдеқайда бай адам болды ма? Оның ақша туралы сөздері, ойлары, ақшаға қарым-қатынасы қандай болды? Сіздің отбасыңыздың ол адамға қарым-қатынасы қандай болды?
- Сіздің отбасыңызда молшылық болды ма? Отбасыңыз жоқшылық көрді ма? Отбасыңыздағы ақша көбіне қай жаққа жұмсалды?
- Өміріңізде бірінші рет ақшаны сезінген кезіңізді есіңізге түсіріңіз. Ақша туралы алғашқы пікіріңіз қандай болды?
- Сізге бала кезіңізде қалтаңызға ақша берді ма? (карманные расходы) Сіз ол ақшаны қалай жараттыңыз? Жараттыңыз ба сақтадыңыз ба? Кімге жараттыңыз? Өзіңізге ма басқаларға ма?
- Сіздің әке-шешеңіз ақшаны қалай тапты? Олар қандай жұмысты таңдады? Неге таңдау солай болды?
- Бірінші тапқан ақшаңызды қалай жараттыңыз? Сақтап қойдыңыз ба? Түгенл жаратып жібердіңіз ба? Не нәрсеге жараттыңыз? Өзіңізге ма басқаларға жараттыңыз ба?
- Сіз өз бетіңізбен ақша таба бастағанда адамдарға деген қарым-қатынасыңыз қалай өзгерді?
- Балалық шағыңызда ақшаға деген жеке сіздің қарым-қатынасыңыз қандай болды?
- Есіңізде балалық шағыңыздан ақшаға деген қандай пікірлер мен ойлар сақталды?
- Өміріңізде ақшаға қатысты жаман оқиғалар болды ма? Қандай? Қорқыныш пен ренішіңізді жазыңыз.