"Бала тәрбиесі - басты байлығың" (Абай)
"Бала тәрбиесі - басты байлығың" (Абай)
Қайырлы кеш, аналар және болашақ аналар!
"Бала тәрбиесі басты байлығың, Кешіксең көретінің қайғы-мұң" деген Абайдың сөзімен басталған тақырыбымыз, ата-ананың қуанышы, Жаратушының берген сыйы, өміріміздің сәні - балалар туралы.
Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген.
«Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Әрбіріміз бала болдық, сөзсіз, балалық шақ – адам баласы үшін ерекше өмір кезеңі.
Психологтардың пікірінше 0-ден 5 жасқа дейінгі уақыт баланың интеллектілік қабілетінің қалыптасуында, физикалық, рухани және эмоционалдық дамуының өте маңызды шешуші кезеңі болып табылады.
Асыл дініміз Исламда бала тәрбиесіне өте көп мән беріледі. Біле білсеңіз, "тәрбие" сөзінің түпкі мағынасы - көктету, өсіру, жетілдіру дегенді білдіреді.
Исламда бала тәрбиесі - жігіттің өзіне қалыңдық таңдаған кезінен-ақ басталады, өйткені болашақ ананың ақылы, ары, иманы және мінезі ұрпақ тәрбиесіне өз септігін тигізбей қоймайды. Қазақтың "Баланың жақсы болуы нағашыдан" деуі де осыны меңзегені болар.
Баланы қоғамға пайдалы азамат етіп қалыптастыру және дұрыс тәрбие беру - үлкен сауапты іс. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Балаға бір мәрте көңіл бөліп, тәрбие беру - бір сағат көлемінде садақа бергеннен де жақсы ". "Кімде-кім жылаған баланы жұбатса, Алла Тағала жаннатта оған қалағанынша сый-сияпат береді" - деп, балаға көңіл бөлуді сауап жағынан да артықшылығын ұқтырған.
Ертеңгі лекцияны арнайы Сіздер үшін Исламтанушы, мешіт ұстазы - Анар Қанатқызы өткізеді және бүгінгі тапсырма да осы шақырылған спикерімізіден:
ТАПСЫРМАЛАР:
1) Балаңызды күніне 8 рет құшақтап, сүю.
2) Күніне кемінде 15 минут отырып сырласу (әр баламен бөлек).
3) Отырып қағаз бетіне балаңызды болашақта қандай етіп елестететініңізді жазып шығу. 20-30 қасиетті жазып алған соң оны үнемі Алладан дұға етіп сұрауды әдетке айналдыру.
4) Күніне 5 түрлі мотивациялық атпен атау (мысалы: батырым, ақылдым, нәзігім, гүлім, ханшайымым, патшам, мырзам т.б.).
5) Баламен бірге кез-келген тақырыпта бір кітап алып оқып талқылау.
6) Балаңызбен бірге садақа беру. Садақа беретін адамды ақылдаса отырып таңдау. Оның жағдайы жайында сырласу.
7) Үй шаруасына байланысты бір жағдай жайында балаңыздың ойын білу, кеңесу, ақылдасу.
8) Әзірге баласы жоқ xанымдар, бала тәрбиесіне байланысты кітап сатып алып оқу.
9) Әр дұға қабыл болатын уақытты пайдаланып, перзент сұрайтын дұғаны жаттап алып, дұға ету.
10) Баламен бірге көршіге жақсылық жасау, сыйлық сыйлау.
11) Осы тақырыпта ерікті түрде пост жазу. Постыңызда @almaty.aielder.ortalygy және #ИсламменАмалЕту хештегін белгілеңіз.
ЕСКЕРТУ: Мына амалдарды күнделікті жасауды әдетке айналдырыңыз.
- Әрбір амалды бастар кезде НИЕТІҢІЗДІ жаңалауды есте сақтаңыз;
- Дәретпен жүру;
- Электронды тәспімен "Аллаға шүкір" және "Астағфируллаһ" сөзін үнемі айтып жүріңіз. Көбірек айтқан абзал.
- 21 күн тілге фильтр жасау
- Күніне 3 Алланың көркем есімдерін сипатымен жаттап жүріңіз.
Ханымдар, тапсырмадағы түсінбеген ақпараттар тікелей эфирде толық айтылады, сондықтан, эфирді міндетті түрде көріңіздер. Эфир 10:00-де.