Астың адалдығы – өмірдің тазалығы
Кеш жарық, жақсылықта жарысушы ханымдар!
Адам баласының тамақсыз өмір сүруі мүмкін емес. Әсіресе, біз оның адалдығына баса мән беруіміз керек. Күнделікті өмір салтымызда астың адалдығына қаншалықты мән беріп жүрміз? Марафонымыздың үшінші күнінде осы тақырыпқа арнайы тоқталып, адал астың түрлерін, тамақтану әдебін, пайда-зияндылығын тарқатып айтамыз.
Алла Тағала Муминун сүресі, 51-аятында: «Әй, пайғамбарлар! Таза нәрселерден жеңдер әрі салиқалы іс істеңдер», - деген.
Сол сияқты, Бақара сүресінің, 172-аятында да мұсылмандарға қарата: «Әй, мүміндер! Берген ризықтарымыздың жақсысынан жеңдер. Әрі Аллаға шүкір етіңдер...», деп бұйырады.
Пайғамбарымыз (с.а.у): «40 күн адал азықпен қоректенген адамның көңілін Алла Тағала нұрмен толтырады. Көңіліне хикметтерді (даналықты) өзендей етіп ағызады. Дүние махаббатын көңілінен шығарады»,- деген. Тағы бір хадистерде, керісінше: 1 күн арам ас жеген адамның 40 күн құлшылық-дұғалары, тілегі қабыл болмайтындығы ескертілген.
Ислам – тазалық діні. Ал әрбір мұсылманның өмірі әдемі, таза, адал, берекелі болуы тиіс. Оған әрдайым ниетімізді бұрып, әрекет жасау – сіз бен біздің қолымызда!
ТАПСЫРМАЛАР:
- Үйіңіздегі барлық азық-түлікке ревизия жасаңыз!
- Үйіңізді, бөлмеңізді спирттік ішімдіктерден тазартыңыз! (Эфирде түсіндіріледі).
- Балалардың көзінше ішімдік құймаңыз, қонаққа ұсынбаңыз, ішпеңіз!!!
- Адал сертификаты бар тауарларды (маркілерді) біліңіз;
- Пайғамбарымыздың (с.а.у) тамақтану әдебінен кемінде 5 дерек келтіріңіз;
- Су ішу әдебін отбасыңызға үйретіңіз және осы туралы пост жазыңыз; Постыңызда @almaty.aielder.ortalygy және #ИсламменАмалЕту хештегін белгілеңіз.
- Адал және арам асты (ризықты) ажырата біліңіз. (Бұл туралы да эфирде толығырақ айтылады)
- Дастархан дұғасын жазып, көзге көрінетін жерге іліп, не жапсырып жаттаңыз;
Тамақтанған соң айтылатын дұға:
«Мен өзім ешқандай күш-қуатқа ие болмасам да, мені тамақтандырып, ризықтандырған Аллаға мақтаулар болсын»
ЕСКЕРТУ: Мына амалдарды күнделікті жасауды әдетке айналдырыңыз.
- Әрбір амалды бастар кезде НИЕТІҢІЗДІ жаңалауды есте сақтаңыз;
- Дәретпен жүру;
- Электронды тәспімен "Аллаға шүкір" және "Астағфируллаһ" сөзін үнемі айтып жүріңіз. Көбірек айтқан абзал.
- 21 күн тілге фильтр жасау
Ханымдар, тапсырмадағы түсінбеген ақпараттар тікелей эфирде толық айтылады, сондықтан, эфирді міндетті түрде көріңіздер.
Эфир Астана уақытымен сағат 10:00-де.
Вчера337
Садақа - берекенің кілті
Қайырлы кеш, ханымдар!
Бүгінгі тақырып бәріміз білетін, бірақ көп мәне бере бермейтін амалдардың бірі - САДАҚА туралы.
Садақа - адалдық, шыншылдық, құдайшылдық деген мағыналарды қамтиды. Садақа жасау арқылы пенде Алла алдындағы сенімінің шынайылығын дәлелдейді. Пайдасы көл-көсір болғандықтан асыл дініміз Исламда үздіксіз ізгі амалдар жасап тұруға үндейді. Себебі, оның сауабы бұл дүниемен ғана шектеліп қоймай, ақіретке де ұласады.
Хадисте: "Адам өлген соң үш амалынан басқасы тоқтатылады: (олар) жүріп тұратын садақасы, пайдалы білім және өзіне дұға ететін перзенті". Жүріп тұратын садақаға адамның қайтыс болмай тұрып, көзі тірі кезінде берген садақалары жатады. Мәселен: мешіт соғу, мектеп салу, жол төсеу, ағаш отырғызу, т.б.
Садақаның пайдасы: Аллаға жақындатады, иманды күшейтеді, дүние-ақіретте сауабы жүреді, ақіретте көлеңке болады, күнәлар кешіріледі, бәлекеттің алдын алады, дертке шипа болады, сараңдықты жояды, кедейді байытады, мал-мүліктің берекесін, ризықты арттырады, жүрекке жылулық ұялатады, садақа беруші мен алушының арасына махаббат орнатады т.б.
ТАПСЫРМА:
- "Раббым, Сенің разылығыңа бөлейтін тоқтаусыз садақа жасаушылардан болуымызды нәсіп ет" деген дұғаны жаттап, үздіксіз айтып жүру
- Өзіңіз сүйетін (қатты жақсы көретін) затыңыздан садақа беру;
- Марқұм жақындарыңыздың атынан садақа жасау;
- Үздіксіз садақаға әрекет ету (мектеп, мешіт, медресе, жол, көпір салуға, жеміс ағаштарын отырғызуға)
- Кешіре алмай жүрген жақыныңыздан Өзіңіз бірінші болып кешірім сұраңыз;
- Садақа жасағаннан соң (эфирде айтылған) МАҢЫЗДЫ ТІЛЕГІҢІЗДІ міндетті түрде тілеңіз;
- Зекет берушіге жатасыз ба, жоқ па, есептеңіз;
- Үйіңізге "САДАҚА ҚҰТЫСЫН" жасап қойыңыз (бұл туралы эфирде толық түсіндіріледі)
- Тақырыпқа байланысты инстаграмда пост жазыңыз. Постыңызда @almaty.aielder.ortalygy және #ИсламменАмалЕту хештегін белгілеңіз.
ЕСКЕРТУ: Мына амалдарды күнделікті жасауды әдетке айналдырыңыз.
- Әр бір амалды бастар кезде НИЕТІҢІЗДІ жаңалауды есте сақтаңыз;
- Дәретпен жүру;
- Электронды тәспімен "Аллаға шүкір" және "Астағфируллаһ" сөзін үнемі айтып жүріңіз. Көбірек айтқан абзал.
- 21 күн тілге фильтр жасау
Ханымдар, тапсырмадағы түсінбеген ақпараттар тікелей эфирде толық айтылады, сондықтан, эфирді міндетті түрде көріңіздер.
Эфир Астана уақытымен сағат 10:00-де.
25 сентября 2018523
Бірінші күн. Иман байлығы. Ниет.
Қайырлы күн, қыздар! Сіздерге Алланың сәлемі мен берекеті болсын!
Біздің алғашқы ислами марафонымызға қош келдіңіздер!
Алла Тағала - күллі жаратылыс Иесі! Сіз бен біздің жаратылуымызда мән бар, ешқайсымыз өмірге жа й келген жоқпыз. Себебі, Аса Мейірімді Раббымыз баршамызды махаббатпен жаратты! Жаратып қана қоймай, әдемі өмір сүруімізді жеңілдету үшін Өзінің асыл діні Исламды сый етті.
Сіз бен біздің мақсатымыз: осы марафонда Алла берген шексіз мүмкіндіктерді үйлесімді, көркем түрде пайдамызға жарата білу.
Алғашқы күнімізді ең әуелі НИЕТ ЕТУДЕН бастауды жөн көрдік. Себебі, хадисте: "Амалдар ниетке байланысты",- деген. Ниет шынайы болғанда, ол міндетті түрде нәтижесін береді.
Біздің бар қуат-күшіміз (энергия) - Иманда. Сол берік болғанда ғана біз кез келген тығырықтан оңай шыға аламыз. Тек күнделікті тіршілігімізде телефонымызды қуаттап отыратынымыз сияқты, иманымызды да қуаттап отыруымыз керек. Біз соның жеңіл жолдарын көрсетсек дейміз.
ТАПСЫРМА:
1) Міндетті түрде арнайы дәптер, блокнот арнап, тікелей эфирдегі ақпараттарды конспектілеңіз;
2) Электронды тәспі немесе зікірматигыңыз міндетті түрде болсын! Өзін сатып ала алмасаңыз PlayMarket немесе AppStore -дан zikirmatik деп іздеп, жүктеп алыңыз.
3) БҮГІННЕН БАСТАП марафон бойы үздіксіз дәретпен жүріңіз;
4) Белгілі бір мақсат-мүддені, ниет-тілекті көздеп келу (бұл жайында тікелей эфирде айтылады), сол үшін эфирді міндетті түрде көріңіз;
5) Эфирге ҮЛКЕН ДАЙЫНДЫҚПЕН келіңіз (мәселен: эфирді наушникпен тыңдаңыз, қазандағы тамаққа, жылаған балаға, телефон қоңырауына алаңдау сияқты кедергілерді алдын ала шешу);
ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
1. Берілген тапсырмаларға амал етуді әдетке айналдырыңыз; Тапсырмаларға бөлек чат ашылады.
2. Жүрекпен айтылған білімді жүрекпен қабылдау үшін тікелей эфирді онлайн-режимде көріңіз. Ертеңгі алғашқы эфиріміз - 12:00-де.
3. Әйел кісінің дауысы әурет саналатындықтан марафондағы айтылған жазба-дыбыстар аманат деп біліңіз, яғни әсіресе ер адамдардың тыңдауына рұқсат жоқ.
4. Күнделікті есепті тек мәтін түрінде өткізесіз. Есепке арнайы чат ашылады.
5. Барлық сұрақтар мен қосымша ақпараттар "Көркем әңгіме" чатында талқыланады. ЧАТ ЕРЕЖЕСІН МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ.