Бірінші күн. Иман байлығы. Ниет.
Бірінші күн. Иман байлығы. Ниет.
Қайырлы күн, қыздар! Сіздерге Алланың сәлемі мен берекеті болсын!
Біздің алғашқы ислами марафонымызға қош келдіңіздер!
Алла Тағала - күллі жаратылыс Иесі! Сіз бен біздің жаратылуымызда мән бар, ешқайсымыз өмірге жа й келген жоқпыз. Себебі, Аса Мейірімді Раббымыз баршамызды махаббатпен жаратты! Жаратып қана қоймай, әдемі өмір сүруімізді жеңілдету үшін Өзінің асыл діні Исламды сый етті.
Сіз бен біздің мақсатымыз: осы марафонда Алла берген шексіз мүмкіндіктерді үйлесімді, көркем түрде пайдамызға жарата білу.
Алғашқы күнімізді ең әуелі НИЕТ ЕТУДЕН бастауды жөн көрдік. Себебі, хадисте: "Амалдар ниетке байланысты",- деген. Ниет шынайы болғанда, ол міндетті түрде нәтижесін береді.
Біздің бар қуат-күшіміз (энергия) - Иманда. Сол берік болғанда ғана біз кез келген тығырықтан оңай шыға аламыз. Тек күнделікті тіршілігімізде телефонымызды қуаттап отыратынымыз сияқты, иманымызды да қуаттап отыруымыз керек. Біз соның жеңіл жолдарын көрсетсек дейміз.
ТАПСЫРМА:
1) Міндетті түрде арнайы дәптер, блокнот арнап, тікелей эфирдегі ақпараттарды конспектілеңіз;
2) Электронды тәспі немесе зікірматигыңыз міндетті түрде болсын! Өзін сатып ала алмасаңыз PlayMarket немесе AppStore -дан zikirmatik деп іздеп, жүктеп алыңыз.
3) БҮГІННЕН БАСТАП марафон бойы үздіксіз дәретпен жүріңіз;
4) Белгілі бір мақсат-мүддені, ниет-тілекті көздеп келу (бұл жайында тікелей эфирде айтылады), сол үшін эфирді міндетті түрде көріңіз;
5) Эфирге ҮЛКЕН ДАЙЫНДЫҚПЕН келіңіз (мәселен: эфирді наушникпен тыңдаңыз, қазандағы тамаққа, жылаған балаға, телефон қоңырауына алаңдау сияқты кедергілерді алдын ала шешу);
ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
1. Берілген тапсырмаларға амал етуді әдетке айналдырыңыз; Тапсырмаларға бөлек чат ашылады.
2. Жүрекпен айтылған білімді жүрекпен қабылдау үшін тікелей эфирді онлайн-режимде көріңіз. Ертеңгі алғашқы эфиріміз - 12:00-де.
3. Әйел кісінің дауысы әурет саналатындықтан марафондағы айтылған жазба-дыбыстар аманат деп біліңіз, яғни әсіресе ер адамдардың тыңдауына рұқсат жоқ.
4. Күнделікті есепті тек мәтін түрінде өткізесіз. Есепке арнайы чат ашылады.
5. Барлық сұрақтар мен қосымша ақпараттар "Көркем әңгіме" чатында талқыланады. ЧАТ ЕРЕЖЕСІН МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ.