Садақа - берекенің кілті
Садақа - берекенің кілті
Қайырлы кеш, ханымдар!
Бүгінгі тақырып бәріміз білетін, бірақ көп мәне бере бермейтін амалдардың бірі - САДАҚА туралы.
Садақа - адалдық, шыншылдық, құдайшылдық деген мағыналарды қамтиды. Садақа жасау арқылы пенде Алла алдындағы сенімінің шынайылығын дәлелдейді. Пайдасы көл-көсір болғандықтан асыл дініміз Исламда үздіксіз ізгі амалдар жасап тұруға үндейді. Себебі, оның сауабы бұл дүниемен ғана шектеліп қоймай, ақіретке де ұласады.
Хадисте: "Адам өлген соң үш амалынан басқасы тоқтатылады: (олар) жүріп тұратын садақасы, пайдалы білім және өзіне дұға ететін перзенті". Жүріп тұратын садақаға адамның қайтыс болмай тұрып, көзі тірі кезінде берген садақалары жатады. Мәселен: мешіт соғу, мектеп салу, жол төсеу, ағаш отырғызу, т.б.
Садақаның пайдасы: Аллаға жақындатады, иманды күшейтеді, дүние-ақіретте сауабы жүреді, ақіретте көлеңке болады, күнәлар кешіріледі, бәлекеттің алдын алады, дертке шипа болады, сараңдықты жояды, кедейді байытады, мал-мүліктің берекесін, ризықты арттырады, жүрекке жылулық ұялатады, садақа беруші мен алушының арасына махаббат орнатады т.б.
ТАПСЫРМА:
- "Раббым, Сенің разылығыңа бөлейтін тоқтаусыз садақа жасаушылардан болуымызды нәсіп ет" деген дұғаны жаттап, үздіксіз айтып жүру
- Өзіңіз сүйетін (қатты жақсы көретін) затыңыздан садақа беру;
- Марқұм жақындарыңыздың атынан садақа жасау;
- Үздіксіз садақаға әрекет ету (мектеп, мешіт, медресе, жол, көпір салуға, жеміс ағаштарын отырғызуға)
- Кешіре алмай жүрген жақыныңыздан Өзіңіз бірінші болып кешірім сұраңыз;
- Садақа жасағаннан соң (эфирде айтылған) МАҢЫЗДЫ ТІЛЕГІҢІЗДІ міндетті түрде тілеңіз;
- Зекет берушіге жатасыз ба, жоқ па, есептеңіз;
- Үйіңізге "САДАҚА ҚҰТЫСЫН" жасап қойыңыз (бұл туралы эфирде толық түсіндіріледі)
- Тақырыпқа байланысты инстаграмда пост жазыңыз. Постыңызда @almaty.aielder.ortalygy және #ИсламменАмалЕту хештегін белгілеңіз.
ЕСКЕРТУ: Мына амалдарды күнделікті жасауды әдетке айналдырыңыз.
- Әр бір амалды бастар кезде НИЕТІҢІЗДІ жаңалауды есте сақтаңыз;
- Дәретпен жүру;
- Электронды тәспімен "Аллаға шүкір" және "Астағфируллаһ" сөзін үнемі айтып жүріңіз. Көбірек айтқан абзал.
- 21 күн тілге фильтр жасау
Ханымдар, тапсырмадағы түсінбеген ақпараттар тікелей эфирде толық айтылады, сондықтан, эфирді міндетті түрде көріңіздер.
Эфир Астана уақытымен сағат 10:00-де.