30 мың тг салып, 1 млн шығаруға көмектескен құрал
Мықты маманның сапалы курсы болса да, курсын сата алмай жатады. Неге?
Себебі:
1) Аудитория жинауды білмейді
2) Сторис, вебинар арқылы сатуды
3) Өнімін дұрыс упаковкалап, өзгелерді нәтижеге жеткізуді
4) Жалпы жеке брендті дамытуды білмейді.
Осының әсерінен күткен нәтиже болмай жатады.
Дұрыс запуск технологиясы – клиент аватарынан басталады. Сіздің клиенттеріңіз жайлы барлығын білген сәттен бастап, сізге сату оңай болады.
Аватарды дәл анықтау үшін анкета жасап, кемі 100 адамға толтқызамыз.
Анкетаны кемі 100 адамға толтыртқызу үшін:
1) Толтырған адамдарға арнайы сыйлық дайындаңыз (чек-лист, кітапша, мини-курс, подкаст, видеосабақ т.б)
2) 3 күн бойы сторис, телеграм каналға сол жасалған сыйлығыңыздың идеясын және маңыздылығын сатыңыз. Стористі көріп лтырған адам сол сыйлықты алғысы келетіндей болу керек.
3) Анкетаны толтырған жандарға сол материалды тегін беретініңізді жариялаңыз.
Бұл этаптар анкетаны максимум көп адам толтыруға мүмкіндік береді.
Алған анкета нәтижені: сайт, сторис, пост, телеграм канал, реклама материалдарына және т.б курс сату мақсатында қолдана аласыз.
Мысалы: Олх курсына жасалған материал
Мақсатты аудиторияны зерттеуге арналған анкета мысалы:
https://forms.gle/A8MfSmhXzf8jZZyq5
Бұл маркетинг, бизнес нишасына жасалынғандықтан басқа нишаларда сұрақтарды өзгертіп, анкета алу қажет.
Өз клиентіңіз жайлы нені білу керексіз?
- Қазіргі деңгейін - точка А. Сіздің курсыңызға дейін қандай деңгейде болады?
- Жеткісі келетін деңгейін - точка Б.
- Сіздің өніміңіз қандай адамдарға арналады? Қанша түрлері бар?
- Клиентіңіздің арманы қандай?
- Неден құтылғысы келеді?
- Неден қорқады?
- Сол проблемасын шешу үшін қандай құралдар бар?
- Клиентіңіздің жиі кездесетін күмәндары
- Қандай материалды және рухани нақты нәтижені қалайды?
- Өз проблемасын шешу үшін кімнің көмегіне жүгінеді? Кімдерді қарайды?
- Сол проблемасын шешу үшін неше төлеуге дайын?
- Төлем жасауға кім шешім қабылдайды?
Егер клиентіңізге дәл тигізіп барып өнімді упаковакалап сататын болсаңыз, курсыңызға жазылуға "очередь" пайда болатын болады.
Ақпарат пайдалы болса, жекеме жазып, пікір қалдырыңыз @jibek_nargu