April 15

Келу

Келу фильмі бұл тіл, уақыт және жақсы көретін жандармен қарым-қатынас жайлы ғылыми фильм. әсіресе тілге қатысты мәліметтер фильмдегі оқиғалар тізбегін құруға көмектеседі.

Өзіміз сөйлейтін тіл арқылы біз шындықты қабылдау сезімін әртүрлі түсінеміз. мысалы қазақтардың жуылған киімді кір деп атайтыны, 7 санының символдық мәні, немесе біздің жасыл, күлгін түсті көк дей беретініміз адамның бала кезінен бастап бойына сіңіретін өзіндік құндылықтары.

*** ТІЛ

лингвистикалық салыстырмалылық гипотезасы...

(((фильмде айтылған сепир-уорф гипотезасы..

Бұл этнолингвистикалық болжам бойынша сыртқы дүниені танып білу тәсілдері мен ой жүйесі тіл құрылымы арқылы анықталады; ойдың логикалық кұрылымын тіл анықтайды; шындықтын танылу сипаты оны танып білуші субъектінің ойлайтын тіліне байланысты)))

Егер біз лингвистикалық салыстырмалылық гипотезасын негізге алсақ, онда біз шындықты өзіміз сөйлейтін тілмен ғана жеткіземіз. бір тілден екінші тілге дәл аударма жасау мүмкін емес екенін және басқа тілдермен қатынаста миымызда пайда болған ассоциациялар адамның өзі ойлайтын тілдің шындық формасымен сәйкес келе бермейді. этнолингвистика ойлау, ұлттық мәдениет және осы әсерде қалыптасқан тіл арасындағы байланысты зерттейді.

Жапонияның мысалын алайық. жапония көшелері біздің көшелер туралы түсінігімізді шатастыруы мүмкін. ол жақта үйлердің орналысу тәртібі ретсіз және көше атаулары жоқ. біз ойлайтын көше түсінігін кварталдар алып жатыр. жер-су, тұлғалар есімінің атаулары емес сандық 1 ші, 2 ші кварталдар және әр кварталдың сандық 1 ші 2 ші үйлері ғана бар. бірақ 1 және 2 ші кварталдар мүлде арасы алшақ ортасын 5 ші немесе 8 ші квартал бөліп тастауы мүмкін. үйлердің орналасу реті де солай әр жеке кварталдың 1 ші және 2 ші үйі бір бірінен алшақ жатуы мүмкін. өйткені жапонияда белгілі бір аймақтағы құрылыс нысаны тез аяқталса оған алғашқы 1-2 лі сандарды ал оның жанындағы нысан кеш аяқталса оған соңғы 8-9 дық сандар берілуі мүмкін. біздің шындықты қабылдау туралы түсінігімізді қазір толық коментарий ге сілтемесін қоямын.

Тілдер неғұрлым көп болса, адамдардың шындықты қабылдауындағы айырмашылық соғұрлым жоғары болады. басқа тіл жүйесіне кіргенде біз физикалық құбылыстарды өз ана тілімізде сөйлейтін адам сияқты түсіндіруге тырысамыз.

Фильмдегі жатмекендік гектаподтардың потенциалдық күші шексіз. олар болашақты болжап, адамдардың түсінігін меңгере алады. олар адамдардың өздерін түсіну үшін дөңгелек шеңбер түрімен байланыса отырып, өздерінің тілдік ерекшеліктерінің аз ғана бөлігін пайдаланды. олардың тілі уақыт пен кеңістікте басқаша, қабылдаумен, естумен, айтумен емес тікелей түсінумен байланысты. айтпақшы уақыттың өзі де біздің өзіміздің тіліміз бен ойлауымыздың ұғымы!

*** УАҚЫТ

уақыт – әлеуметтік ұғым. бұрын ежелгі қоғамдар циклі өзгермейтін "мәңгілік әлемде" өмір сүрді, өйткені прогресс өте баяу жүрді. ежелгі халықтардың кейбірі уақытты өлшесе, басқалары бұған қызығушылық танытпады: шығыс халықтары жұлдыздарға көңіл бөліп мезгілдерді топшылады, ал солтүстікте халықтар тіпті жұлдыз түгіл айдың цикліне де қызығушылық танытпады. тек суықтың қашан басталатынын ғана болжай алды. ал еуропалық қоғамда адамдардың шіркеуге қарсы тәуелсіз уақытты өлшеуінің өзі үлкен қылмыс болды. уақыт кімге тиесілі? құдай. демек, бұл тек шіркеу қоңырауының сағатты дарылдата соғуы ғана.

ал адам шет тілінің ұғымдарын қалай меңгере алады? бала кезінен орысша-қазақша гибритті оқыған орыстілді қазақ, қазақстандық орыс болуы мүмкін бе? иә мүмкін. сепир-уорф гипотезасы бойынша біз өз ұлтымызды таңдай аламыз.

*** ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

фильмде доктор Луиза Бэнкстің(Эми Адамс) гектаподтар тілін түсініп өзіде де жатмекендіктер секілді болып кетуі адамның басқа нәсілге ассимиляциялануы.

белгілі бір ұлтқа жататын тілді, мысалы ағылшын тілін алайық. сол тілде сөйлеп, ойланғанда. бұл этностық өзгерудің басты белгісі болатын тіл бірлігі. ағылшын тілі дегенде біз сөздер мен грамматиканы білуді ғана емес, мағыналар жүйесіндегі құндылықтарды түсінуіміз. мысалы, идея, мәдениет, өнер және мораль салаларын ағылшын әлемінде қалай ойлайтының түсінеміз.

бұл сол тілдің кеңістігінінен тұратын рухани әлемге, ортаға кіру. ал адам нәсіліне қарамай өзін қазақ санап, қазақша сөйлеп, қазақша ойласа, жалпы қазақ мәдениетімен араласса қазақ болады(кеңес одағы кезінде қазақ ауылдарында тұрған, кейін тарихи отанына көшкен немістердің мысалындай).

фильмде де басты кейіпкер бөтен жатмекендіктердің тілін үйреніп, соларды түсіну үшін гектаподтар секілді ойлануға тырысудың арқасында тура солар секілді уақыттың сыртынан болашақты көруді үйренеді. қазір дельфиндермен байланыс орнатуға тырысатын ғалымдар бар. олармен ортақ тілді қалай табуға болатыны және одан әрі диалогты қалай өрбітуге болатыны тура
фильмде көрсетілгендей жұмыс.

фильм уақыттың маңызды емес екенін, өткен деп санайтын нәрсе болашақ болуы мүмкін екенін түсіндіретіндей.

егер адам бірнәрсені алдымен өзі түсіне алмаса, басқаларға сол бірнәрсені мүлде түсіндіре алмайды.

(((деп нүкте қоюға болады. кинопоисктың эсселері сияқты аяқтайын деп едім ғо)))