June 24, 2025

Біз бірге бола аламыз ба

Жүрегімді өртеген махаббат оты,
Әр таңымда қайғы толып, мұң туды.
Көңілімде қалған жараның ізі,
Арман мен сүйіспеншілік ~ азаптың ізі.

Сенімен өткен әр сәт бақытты еді,
Енді жүрегімде тек жаралы сөздер қалды.
Сені күткенімде үміт сәуле шашты,
Сені жоғалтқанда ~ тек қайғы, тек ашты.

Көзімде жас, сөзімде шер,
Сүйе тұрып жете алмасам ~ жүректі кімдер терер?
Бір кезде сүйген, қазір тек мұң сезген,
Махаббат пен азапты бірге алып жүрген.

~~~

Теңіз... Бұл жерде бәрі басқаша. Бәрі баяулап қалғандай.
Судың шуылы, желдің бетімді жеңіл сипауы ~ бұлар жүрегімді тыныштандырады.
Әр жолы теңізге қарасам, ішімдегі ауыртпалық үнсіз қалады.
Маған теңіз ұнайды. Себебі ол мені сол күнмен байланыстырады...

Абу дәл осы жерде, осы орында маған махаббатын білдірген еді.
Оның сөздері, жылы жанары, ерініндегі қарапайым күлкісі... әлі есімде.
Бәрі кеше ғана болғандай сезіледі.

Сол күні... өзімді әлемдегі ең бақытты адамдай сезінген едім.
Жүрегім жеңіл, жаным үмітке толы болатын.
Иығыма аспан құласа да, күліп қарсы алатындай күйде едім.

Бірақ қазір... бәрі өзгерді.
Бүгін ол маған суық көзқараспен қарады.
Жүрегімді дір еткізген үнмен жай ғана айтты:
«Әғам төменде күтіп тұр. Түс... көңілдесіңмен бірге.»

Бұл сөздер жүрегімді жұлқып алды.
Дем алу қиындап кетті.
Жердің астына түсіп кеткендей болдым.
Көзіме жас толды, бірақ жылай алмадым.
Мен үнсіз қалдым.
Себебі ол шындықты айтты.
Мен расында оның ағасының көңілдесі едім...

Осы ойлармен отырғанымда,
Дарк жаныма келіп, сол таныс, қорқынышты дауыс естілді.
Ішімде бәрі қирап түскендей болды:
~ «Саған теңіз ұнайды, иә?»

Ол жақындады.
Тынысы бетімде сезілді.
Даусы бәсең, бірақ жүрегімді тоңдыратындай салқын еді:
~ «Мен саған не дедім, сүйіктім? Хмм? Мен сөзбен жауап бер деб едим?»

Дарк белімнен қатты ұстап алды.
Қолдарының күштілігі ауырып кетті.
Бейсаналықтан ыңырсып жібердім:
~ «Иә... айтқаныңыз рас...» ~ дедім, даусым дірілдеп, тұншығып жатқандай шықты.

Ол мені еш ескертусіз тізесіне отырғызып алды.
Иегімнен ұстап, бетімді көтеріп, көзіме тік қарады.
Көздерінде... нәпсіге толы жабайы от жанып тұрды.
Көзімді жұмдым. Жүрегім үрейден жарылап кетердей соқты.

~ «Менің кішкентай сүйіктім... Ескертулерімді ұмытып кеткен жоқ шығар? Ұмытқан болса, қандай жаза күтіп тұрғанын біледі, солай ма?» ~ деді Дарк.

Қорықтым. Шын қорықтым.
Себебі Дарктың ашуына тию мен үшін өте қауіпті еді.
Мен ол азаптарды дәл қазір көтере алмас едім.
Оның ашуын басу үшін көзімді ашпай, басымды оның кеудесіне қойдым.
Қолдарымды мойнына орап, сыбырлап сұрадым:

~ «Дарк... мені бұл жерден алып кетші.
Мен бұл жерде қалғым келмейді...» ~ деп жылап жібердім.

Ол шаштарымды жаймен сипады.
Сосын маңдайымнан сүйіп, сыбырлады:
~ «Жақсы. Алып кетем. Тек... тойдан кейін. Болды ма?»

Мен жай, бірақ естілердей үнмен жауап бердім:
~ «Жақсы...» — дедім, даусымда жас пен қиналыстың ізі анық сезілді.

Флешбэк
Кешкі сағат 23:40.
Аурухананың суық дәлізінде жаңбырдан малмандай су болған, қалшылдап тұрған 16 жастағы Мая ары-бері жүріп жүрді.
Көздерінен тоқтаусыз жас ағып жатты.
Жүрегі біреу ішінен қысып жатқандай ауырып тұрды.
Себебі, ата-анасы ауруханаға түсіп қалған еді...

Кенеттен, біреу оның алдына орамал ұсынды.
Мая селк етіп, басын көтерді.
Қарсы алдында бойы ұзын, қара шашты, жүзінде сабырлы жымиысы бар жігіт тұр еді.

жұмсақ, сенімді үнмен сөйледі.
Абу:
~ «Қорықпа, қарындас. Мен жай ғана орамал ұсынып тұрмын, болды», ~ деді көздеріндегі жылулықпен.

Мая: ~ «Керегі жоқ... маған қажет емес», ~ деді жылаудан тұншығып, дірілдеген дауыспен.

Осылайша біз Абу екеуміз ата-анам ауырғанда танысып қалдық.
Ол түрлі сылтаулармен мені көруге жиі келіп тұратын.
Ата-анамның жағдайы біртіндеп жақсара бастаған, ал мен мектептен кейін асханада жұмыс істей бастадым.
Абу күн сайын сол жерге келетін.
Арамызда біртіндеп жақындық пайда бола бастады.
Біз енді досқа айналып келе жатқан едік.
Жұмыстан кейін ол мені ауруханаға апаратын.
Әр жолы жүрегім ауырлап, өзімді жайсыз сезінетінмін.

~ «Абу, келмей-ақ қойыңыз. Өзім-ақ бара аламын. Сізді күнде әуре қылып жүргеніме өзімді кінәлі сезініп жүрмін», ~ дедім бір күні ұялып.

~ «Бұл не дегенің? Біз дос емеспіз бе? Әлде мен саған бөтен болып қалдым ба?» ~ деді ол, жүзін сәл бұрып, көңілі қалғандай.

~ «Жоқ, мен ондай айтқым келмеген. Тек сізді мазалап жүргенім ұят сияқты...» ~ дедім жерге қарап.

Осылайша айлар өтті, біз одан әрі жақындай түстік.
Бір күні Абу маған жұмыс ұсынды.
Таңырқап, оған қарадым:

~ «Мен мектеп оқушысымын, Абу. Сіздің компанияңызда қалай жұмыс істеймін? Тағы да хатшыңыз болып па?»

~ «Несі бар? Мен қаласам ~ жұмыс істей аласың. Компьютерді жақсы меңгересің, құжаттармен жұмыс істеуді де білесің. Бұл жақсы болады», ~ деді ол сеніммен.

Осылайша мен мектептен кейін компанияға барып жұмыс істейтін болдым.
Жақсы жалақы алып жүрдім.
Компаниядағы басқа қызметкерлер маған құрметпен қарайтын ~ себебі менің Абумен жақын екенімді білетін.

Бір күні жұмыс аяқталған соң, үйге кетіп бара жатқанымда, қасымда бір көлік тоқтады.
Терезесі түсіп, ішінен Абу жымиып маған қарап тұр екен.
~ «Үйіңе жеткізіп тастайын, отыр», ~ деді.

Мен көлікке отырдым. Жолда келе жатып ол айтты:
~ «Жағажайда бір затымды ұмытып кетіппін. Бірге барып, тауып бересің бе?»
Келістім. Біз жағажайға бардық, іздедік.

Ақырында, бір кішкентай қорапша таптық.
Ішінде жүзік бар екен.
Үстінде:
«Сүйікті Майам үшін. Абудан.» ~ деген жазу бар еді.

Мен таңғалып, үнсіз Абуға қарадым.
Жағажай... жел, толқын, күн батуы ~ бәрі романтикалық бір сәтке айналып кеткен еді.
Абу бұл сәтті алдын ала дайындап қойғаны анық еді...

Абу ақырын тізерлеп отырды:
~ «Мая, мен сені сүйемін. Маған тұрмысқа шықшы», ~ деді.

Оның бұл сөздерінен біраз уақыт үнсіз қалдым ~ не айтарымды білмей.
Абу жайлап орнынан тұрды да, көзіме қарап былай деді:
~ «Білем, сен әлі 17 жастасың. Қазір сені мәжбүрлемеймін. Бірақ біл, мен сенен басқа ешкімді қаламаймын.»

Көзімнен жас ақты.
Ол бетімді алақандарымен сипап, мейіріммен сыбырлады:
~ «Мен әрдайым жаныңда болғым келеді. Сенің тірегің болғым келеді.»

Мен жылап тұрдым.
Ақырында өзімді оның құшағына тастадым да, қатты қысып құшақтадым:
~ «Мен де сізді сүйемін, Абу», ~ дедім дірілдеп.

Сол сәттен бастап біз нағыз жұпқа айналдық.
Уақытты бірге өткізетін болдық.
Абу мені "кішкентай қыз" деп еркелететін. Бұл маған қатты ұнайтын.
Бес ай ішінде бір-бірімізге одан сайын жақындай түстік.
Бірақ ол ешқашан маған шектен тыс тимейтін.
Мен де ондай қарым-қатынасқа дайын еместігімді білдіретінмін. Ол болса, түсінетін.

Бір күні ол мені өз бөлмесіне шақырды.
Ішке кіргенімде, қолымды ұстап былай деді:
~ «4-5 айдан кейін сапарға шығамын, қарындасым. Сол уақытқа дейін өзіңе жақсы қара, жарай ма?»

Мен басымды изедім.

Ол жымия күлді де:
~ «Мүмкін... бір сүйісуге рұқсат берерсің?»

Мен арқамды бұрып, күлімдедім:
~ «Жоқ, Абу. Қайтып келгенде ғана аласың», ~ дедім де, жүгіріп шығып кетіп бара жатқанымда...

Біреуге соғылып кеттім.
Басымды көтердім ~ Дарк.