May 8, 2021

ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ ТАПСЫРМА

Жиырма жетінші тапсырма.

🕌Дұға жасау

Бүгінгі Қадір түнінде барлық дұғаларыңызды тілеп,РАББЫМЫЗДАН кешірім сұрап үлгеріңіздер!!!

Дұға тілектеріңіз қабыл болсын!!!

🕌Истиғфар айту

Алладан кешірім сұраудың ең жеңіл әрі қарапайым дұғасы – Истиғфар айту, яғни, «Астағфируллаһ!»деп айту. Мағынасы: «Аллаһ мені кешірсін!». Истиғфар – Алланың құлына деген үлкен мейірімі. Алла Тағала құлынан ешқашан бетбұрмайды, Оның кешірім есіктері үнемі ашық. Алла – Кешіруші, кешіргенді жақсы көреді. Сондықтан, тәубе етуді кейінге қалдырмай, дәл қазірден бастап Алланың кешіріміне ұмтылуымыз керек.

🕌Алланың 3 көркем есімін жаттау

🔹Әл-Уәжид есімінің мағынасы (Бай,Табушы)

Кімде кім күн сайын "Я, Уәжид"деп 14 мәрте қайталаса іздеген және жоғалтқан нәрсесін табады.

🔹Әл-Уәкил есімінің мағынасы (Басқарушы)

Бұл есім Ризық есігінің кілті іспетті.Бұл есімді көп қайталаған адамдарға Алла Тағала күтпеген уақытта көптеген мөлшердегі ризық береді.

🔹Әл-Уәли есімінің мағынасы (Қамқоршы)

Бұл есімді көп қайталаған жанды Алла Тағала қамқорлығына алады.Кез-келген істе Алланың жәрдемін алу үшін күн сайын осы есімді 56 мәрте қайталауы керек)

🕌 Салауат айту

Салауат қысқаша: “АЛЛАҺУММӘ САЛЛИ АЛА МУХАММӘД УӘ АЛА АЛИ МУХАММӘД” деп айту. Пайғамбарымыздың есімі аталғанда “алейһиссалам”, “алейһиссалату уәссәләм” немесе ”саллаллаһу алейһи уәсәлләм” деп айтумен де пайғамбарымызға дұға етілген, яғни салауат айтылған болады.

Құран кәрімде былай делінеді:

«Аллаһ және періштелері расулуллаһқа салат етеді. Ей иман келтіргендер! Сендер де оған салат етіңдер, салауат айтыңдар.» (Ахзаб 56)

Аллаһтың салат етуі рахмет етуі, періштелердікі дұға етуі, мұсылмандардікі болса оның шапағатын сұрауы деген сөз.

🕌 Кітап оқу

Біз ұсынатын кітап - "Пайғамбарлар тарихы " кітабы. Кітап жоғарыда көрсетілген.

🕌Шүкіршілік жазу

Рамазанда бөлек шүкіршілік дәптерін жазып, әр шүкіріңізді жазып отырыңыз. Сіз шүкір еткен сайын Алла ризығын аямайды🤲