May 10, 2021

ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ КҮН

Жиырма тоғызыншы күн

🛑  Дұға жасау

Тамақтанар алдында оқылатын дұға

Ей, Алла! Бізге бұл тамаққа береке бер және бізге одан жақсысын нәсіп ет.

«Аллаһуммә бәрик ләнә фиһи уә атъимнә хайрам-минһ».

Немесе, «Бисмилләһ» (Алланың атымен ) деп айтуларыңызға болады.

🛑Истиғфар айту

Истиғфар дұғасы мынадай: Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ.

🛑Алланың 3 көркем есімін жаттау

•Әл-Уәһһаб есімінің мағынасы (Сый беруші)


Адамдарды Өз нығметтерімен ризықтандырады. Берем деген нәрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды.

•Әл-Фаттах есімінің мағынасы (Жеңуші, Ашушы).

Асқан мейірімінен құлдарына төгіп беріп, жақсылық істейді. Шындықты әшкерелеп, өтірікті өрге асырмайды. Кімде-кім өзінің оң қолын кеудесіне қойып Алла Тағаланың бұл әдемі есімін таң намазынан кейін 70 рет қайталаса, жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жәй табады.

•Әл-Хабир есімінің мағынасы (Бәрінен хабардар)

Барлық істер оның қалауымен жасалады. Ол ешқашан хабарсыз қалмайды. Жаратушының бұл көркем есімін қайталаған адамды Алла Тағала қанағатты етеді.

🛑Салауат айту

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Сендер Мені еске алсаңдар, Мен де сендерді еске аламын. Маған шүкір етіңдер, күпір етпеңдер» («Бақара» сүресі, 152-аят) деп, Өзін еске алғандарды еске алып жарылқайтынын айтып, шүкір етуге бұйырған. Ал шүкір етпеу Аллаға күпір еткені екенін аңғартуда. Олай болса Раббымызға сансыз шүкірімізді арттырайық. Бүкіл әлемге рахым-мейірім етіп жіберілген Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болғай.

🛑 Кітап оқу

Біз ұсынатын кітап - "Пайғамбарлар тарихы" кітабы.

🛑Шүкіршілік жазу

Әрбір кішкене болсын шүкір - Алланы еске алуыңыз. Ал Алла Тағала өзін еске алғандарды, әсте, біледі. Ендеше Алланы жиі еске алып, шүкіршілік дәптерін толтыруды жалғастыра түсіңіз.

Марафон тапсырмаларын орындасаңыз, біздің @tegin.marafon парақшасын белгілеп кетуді ұмытпаңыз😊🤝