May 3, 2021

ЖИЫРМА ЕКІНШІ ТАПСЫРМА

Жиырма екінші тапсырма

✨Дұға жасау

Құранда: «Аллаға шынайы ықыласпен дұға етіңдер» деген аят бар. Ал, Алла елшісі (с.ғ.с): «Біліп қойыңдар! Алла тағала құлықсыз жүрекпен жасалған дұғаны қабыл етпейді» , – дейді. Яғни, әр дұғаңыз шын ниетіңізден шықсын!!!

✨Истиғфар айту

Сүйікті Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мына дұғаны шынайы сеніммен таңертең оқып, сол күні кешке жетпей дүниеден озса, жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен кешке оқып, таңға жетпей көз жұмса, ол да жұмақтық болады», − деп, осы дұғаны аузынан тастамай оқып жүретіндерді сүйіншілеген болатын.

Ә‘уузу билләһи минәш-шәйтаанир-ражиим! Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим

Аллаһуммә әнтә Рабби лә иләәһә иллә әнтә Халәқтәни уә әнә ‘абдукә уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уа‘дикә мә-стәта‘ту ә‘уузу бикә мин шәрри Мә сана‘ту әбуу'у ләкә бини‘мәтикә ‘аләйя уә әбуу'у ләкә бизәнби фәғфир ли фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә әнтә. (3 рет)

✨Алланың 3 көркем есімін жаттау

•Ар-Раззәқ есімі

Бұл есімді күніне 315 рет қайталаса,ризық несібесі мол болады.

Кімде-кім күнде таңғы намаздан соң 315 рет қайтпласа, Алла Тағала оған жеткілікті ризық-несібе береді.

•Ар-Рақиб есімі

Құпиясы мол және керемет қасиеті бар көркем есім.Бұл есімді әдетке айналдырып үзбей оқып жүргендер Алланың қорғауында болады.

•Әл-Мусаууир есімі

Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап(Әл-Мусаууир, Әл-Бәри,Әл-Халиқ) деп 21 рет айтып суға дем салып ауызды сол сумен ашып,шынайы ықыласпен жалғыз Алла Тағалаға дұға етсе,Инша Алла оған Жаратушы осы есімдерінің құрметіне перзент сыйлайды.

✨ Салауат айту

Салауат айтпау – сараңдық. Пайғамбарымыз ﷺ: «Әрбір дұға-тілек аспан астында бүркеліп тұрады. Егер маған айтылған салауат келсе дұға көкке көтеріледі[9]», – деген. Салауат айту – дұға-тілектің қабыл болуына үлкен себепкер.

Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы - Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту.

✨ Кітап оқу

Біз ұсынатын кітап - "Пайғамбарлар тарихы" кітабы. Кітап төменде көрсетілген.

✨ Шүкіршілік жазу

Шүкіршілік ету – көп қырлы амалдардың бірі болып табылады. Ол үш түрге бөлінеді:

  1. Жүрекпен шүкіршілік ету, 2. Тілмен шүкіршілік ету, 3. Дене мүшелерімен шүкіршілік ету.

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:

«Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар»

«Сол уақытта Раббыларың: “Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады»

Марафон тапсырмаларын орындасаңыз, біздің @tegin.marafon парақшасын белгілеп кетуді ұмытпаңыз😊🤝