May 11, 2021

ОТЫЗЫНШЫ КҮН

отызыншы күн

🔹Дұға жасау

Тамақтанар алдында оқылатын дұға

Ей, Алла! Бізге бұл тамаққа береке бер және бізге одан жақсысын нәсіп ет.

«Аллаһуммә бәрик ләнә фиһи уә атъимнә хайрам-минһ».

Немесе, «Бисмилләһ» (Алланың атымен ) деп айтуларыңызға болады.


🔹Истиғфар айту

Истиғфар дегеніміз – жасаған күнә мен қателіктері үшін Алла Тағаладан кешірім сұрау.

Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) “сәййдил истиғфар” (истиғфарлардың ең көркемі) деп атаған дұғасы мынандай:

“Алла Тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын; күш қуатымның жеткенінше Сенің уәдеңе ұстануға тырысамын. Жасаған жамандықтарымның сорынан Саған сиынамын. Бойымдағы бар нығметтеріңді мойындаймын: күнәмді де мойындаймын. Мені кешір; себебі Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмас”. [Бухари, Дәават, 2].

🔹 Алланың 5 көркем есімін жаттау

-Әл-Хакам есімінің мағынасы (Қазы)

Кімде-кім дәрет алып осы есімді күніне 99 рет зікір етсе ,Алла Тағала сол адамның жүрегін нұрландырады.

-Әл-Хаким есімінің мағынасы (Даналық Иесі, қате жасаудан пәк) Қате жасау Оның даңқына сай келмейді. Ол барлық нәрсені өз орнына қояды.

"Я Хаким" деп көп мәрте қайталауды әдетке айналдырған жанға Алла Тағала білім мен хикметтің есігін ашады.

-Әл-Хаққ есімінің мағынасы (Шындық иесі)

Хақ Тағала әрбір нәрсені өз даналығымен жаратты. Қабірдегілерге есеп беру үшін және жәннат немесе тозаққа жіберу үшін тірілтеді.

Бұл есімді көп қайталаған адамдардың иманы берік,тұрақты болады.

-Әл-Халим есімінің мағынасы (Ерекше Мейірімді, Өте Жұмсақ) Азабын тездетпейді, бірақ малғұн шайтанға еріп, күнәлі іс жасағандарға азабы жақын.

"Я Халим " деп 88 мәрте қайталаған жанды Алла Тағала түрлі апаттардан қорғап табысын көбейтеді.

-Әл-Халиқ есімінің мағынасы (Жаратушы) Мақұлықтарын Өз еркімен жаратады. Ол әр нәрсені көркем түрде жаратады.

Кімде-кім осы есімді түнде қайталаса Алла Тағала бір періште жаратады және сол періштенің қияметке дейінгі құлшылығының сауабы сол адамға жазылады.

📎 Салауат айту

Бүгінгі салауат:

- Аллоһуммә солли.

«Аллоһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

📎 Кітап оқу

Біз ұсынатын кітап - "Пайғамбарлар тарихы"

📎 Шүкіршілік жазу

Рамазанда бөлек шүкіршілік дәптерін жазып, әр шүкіріңізді жазып отырыңыз. Сіз шүкір еткен сайын Алла ризығын аямайды🤲

Марафон тапсырмаларын орындасаңыз, біздің @tegin.marafon парақшасын белгілеп кетуді ұмытпаңыз😊🤝