May 2, 2021

ЖИЫРМА БІРІНШІ ТАПСЫРМА

ЖИЫРМА БІРІНШІ тапсырма

🌹  Дұға жасау

Уайым-қайғыдан құтылу үшін оқылатын дұға

ياَ حَىُّ يَا قَيُّومُ بِرَحْمَتِكَ اَسْتَغِيثُ

Оқылуы: «Я хайю, я қайюуму. Бирахматика әстағису».

Мағынасы: «Уа, мәңгі тірі тұрушы және әр нәрсені толық меңгеруші Раббым! Сенің мейіріміңе сиынып, сенен жәрдем тілеймін».

🌹Истиғфар айту

Истиғфар дұғасы мынадай: Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ.

🌹Алланың 3 көркем есімін жаттау

•Әл-Мухси

Бұл есім-ұлық және ардақты есімдердің бірі.

Кімде-кім күнде 148 рет "Я Мухси" деп қайталайтын болса ақылды,зерек және есте сақтау қабілеті мықты болады.

•Ән-Нафи

Пайда беруші. Өз жаратқан мақұлықтарына пайда береді. Кейбір құлдарының пайдасын көбейтеді.

•Ән-Нур

Кімде-кім осы есімді күніне 256 рет қайталаса,жүрегі нұрланады,дұрыс пен бұрысты ажырата алатын болады.

🌹Салауат айту

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Сендер Мені еске алсаңдар, Мен де сендерді еске аламын. Маған шүкір етіңдер, күпір етпеңдер» («Бақара» сүресі, 152-аят) деп, Өзін еске алғандарды еске алып жарылқайтынын айтып, шүкір етуге бұйырған. Ал шүкір етпеу Аллаға күпір еткені екенін аңғартуда. Олай болса Раббымызға сансыз шүкірімізді арттырайық. Бүкіл әлемге рахым-мейірім етіп жіберілген Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болғай.

🌹 Кітап оқу

Біз ұсынатын кітап - "Пайғамбарлар тарихы" кітабы.

🌹Шүкіршілік жазу

Әрбір кішкене болсын шүкір - Алланы еске алуыңыз. Ал Алла Тағала өзін еске алғандарды, әсте, біледі. Ендеше Алланы жиі еске алып, шүкіршілік дәптерін толтыруды жалғастыра түсіңіз.

Марафон тапсырмаларын орындасаңыз, біздің @tegin.marafon парақшасын белгілеп кетуді ұмытпаңыз😊🤝