May 9, 2021

Жиырма сегізінші тапсырма.

Жиырма сегізінші тапсырма

🌹Дұға жасаңыз

🌹Истиғфар айту

Алладан кешірім сұраудың ең жеңіл әрі қарапайым дұғасы – Истиғфар айту, яғни, «Астағфируллаһ!»деп айту. Мағынасы: «Аллаһ мені кешірсін!». Истиғфар – Алланың құлына деген үлкен мейірімі. Алла Тағала құлынан ешқашан бетбұрмайды, Оның кешірім есіктері үнемі ашық. Алла – Кешіруші, кешіргенді жақсы көреді. Сондықтан, тәубе етуді кейінге қалдырмай, дәл қазірден бастап Алланың кешіріміне ұмтылуымыз керек.

🌹Алланың 3 көркем есімін жаттау

🔹Әл-Уәрис есімінің мағынасы(Мұра Иесі)

Барлық мұра Алла Тағалада.

Кімде-кім осы есімді 700 рет қайталаса, бай дәулетті болады.

🔹Әл-Уәсиғ есімінің мағынасы (Қорғаушы)

Ол тақуаларды (әулиелерді) жақсы көреді және оларға мықты қуат береді. Кәпірлердің беделін бұл дүниеде де, о дүниеде де түсіреді.

Бұл есімді көп қайталаған адамға Алла Тағала ризық-несібесін,білімін арттырып,ажалын кешіктіреді.

🔹Әл-Уахид есімінің мағынасы(Жалғыз)

Барлық Құдайлық сипаттар Оған тән. Одан басқа Құдай жоқ. Алла Тағала расында жалғыз, сондықтан Аллаға ғибадат етіледі.

✅ Салауат айту

Рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай гөр деп, Алладан пана тілеймін! Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен! Уа, Алла Тағалам! Сен − менің Раббымсың! Сенен басқа Тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен − Сенің құлыңмын, қолымнан келгенше Өзіңе берген уәдеме берік боламын. Істеген істерімнің кесір-кесапатынан бір Өзің сақтай гөр! Берген нығметтеріңнің бәріне шүкіршілік етемін һәм жасаған күнәларымды толық мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шынында, күнәларды Өзіңнен басқа ешкім кешіре алмайды.


Олай болса Раббымызға сансыз шүкірімізді арттырайық. Бүкіл әлемге рахым-мейірім етіп жіберілген Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болғай.

✅Кітап оқу

Біз ұсынатын кітап - "Пайғамбарлар тарихы" кітабы. Кітап жоғары көрсетілген.

✅ Шүкіршілік жазу

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Сендер Мені еске алсаңдар, Мен де сендерді еске аламын. Маған шүкір етіңдер, күпір етпеңдер» («Бақара» сүресі, 152-аят) деп, Өзін еске алғандарды еске алып жарылқайтынын айтып, шүкір етуге бұйырған. Ал шүкір етпеу Аллаға күпір еткені екенін аңғартуда.