May 5, 2021

ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ТАПСЫРМА

Жиырма төртінші тапсырма

🌙Дұға

Қатты қиналғанда оқылатын дұға

لاَ اِلَهَ اِلاَّ اَنْتَ سُبْحَانَكَ اِنِّى كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ

Оқылуы: "Лә иләһә иллә әнтә. Субханәкә, инни кунту миназ-залимин".

Мағынасы: "Сенен басқа Тәңір жоқ. Сені кемшілік атаулыдан пәктеймін. Расында, мен өз-өзіме зұлымдық етушілерден болдым".


🌙 Истиғфар айту

Күнә істеген адам өкініп, дәрет алып намаз оқыса және күнәсының кешірілуі үшін истиғфар айтса, Алла Тағала ол күнәны әлбетте кешіреді.

Алладан кешірім сұраудың ең жеңіл әрі қарапайым дұғасы – Истиғфар айту, яғни, «Астағфируллаһ!»деп айту. Мағынасы: «Аллаһ мені кешірсін!».
Истиғфар – Алланың құлына деген үлкен мейірімі. Алла Тағала құлынан ешқашан бетбұрмайды, Оның кешірім есіктері үнемі ашық. Алла – Кешіруші, кешіргенді жақсы көреді. Сондықтан, тәубе етуді кейінге қалдырмай, дәл қазірден бастап Алланың кешіріміне ұмтылуымыз керек.

🌙Алланың 3 көркем есімін жаттау.

•Ар-Рафиғ есімі

Кімде-кім осы есімді күнде 351 рет айтып қайталаса,адамдардың арасында және жұмысында дәрежесі жоғары болады.

Осы есімді үзбей қайталап жүретін адам,алуан түрлі игі істерге себепші болады.Сонымен қоса ризық-несібесі артады.

•Ар-Рашид есімі

"Я Рашид"есімін күнде айтуды әдетке айналдырғандардың амалдары қабыл болады.

Кейін өкінетін істер жасамайды және барлық істері жеңілдейді.

•Ас-Сабур есімі

Кімде-кім осы есімді күн сайын 298 рет қайталаса бастаған ісін оңай бітіреді және ашу-ызасын жеңіп,сабырлы болады.


🌙Салауат айту

Мұсылманның ең үлкен тілегі, қалауы – Қиямет күнінде Мұхаммед Пайғамбармен бірге болу. Оның қасынан артық әрі лайықты орын жоқ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Салауатты көп айтқан адам Қиямет күнінде маған ең жақын адам болады»-деген.

Біз Алланың елшісіне салауат айтқан кезде Алла Тағала бізге он есе мейірімін төгеді, жарылқайды екен.Ендеше сол сауаптан құр қалмайық!!!


🌙Кітап оқу

Біз ұсынатын кітап - "Пайғамбарлар тарихы " кітабы. Кітап жоғарыда көрсетілген.


🌙 Шүкіршілік жазу

Әр атқан таңыңызды,шүкіршілікпен бастауды ұмытпаңыз!

Кем дегенде күніне 20 шүкіршіліктен жоғары жазыңыз!!!