ЖИЫРМА БЕСІНШІ ТАПСЫРМА
Жиырма бесінші тапсырма
🕌Дұға жасау
Бұл жалғанда адамзат баласы әркез екі қолын жайып аспан есіктерін қағып дұға етіп тұруға мұқтаж. Ал дұға мұсылман өмірінен ойып тұрып орын алатын маңызды құлшылық. Қажеттерді өтеушінің жанына жақындаудың бірден-бір жолы. Қаншалықты көп дұға-тілекте болсаң соншалықты Аллаға деген иманың нұрланып, тәуекелің артады.
Құранда Алла Тағала:
«Раббыларың: “Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын. Расында Маған құлшылық қылудан паңсынғандар, олар қор болып, тозаққа кіреді” дейді.
Ислам ғұламалары бұл аяттағы «құлшылық» сөзін мақсат «Дұға» деген. Себебі Алла Тағала бірінші дұғаны айтып оны қабыл ететіндігін уәде етті. Сосын дұғаны құлшылық деп атап, оны тәрк қылғанды тәкаппар деп, тозақы болатындығын ескертті.
🕌Истиғфар айту
«Ризыққа қауышқан адам көп “әлхамдулилләһ” десін.
Ризығы азайған адам көп истиғфар (әстағфируллаһ) айтсын.
Ренжіп көңілі түскен адам “Лә хаулә уә лә қууәта иллә биллаһ” десін.» (Бәйһақи, Хатиб)
«Қиыншылыққа түскен немесе қарызданған адам мың рет “Лә хаулә уә лә қууәта иллә билләһил алиил азыйм” десе Аллаһу та’ала ісін жеңілдетеді.» (Шира)
«Ясин сүресін оқыған адамның қиыншылығы кетеді.»(Дәйләми)
🕌Алланың 3 көркем есімін жаттау
•Ас-Самад есімінің мағынасы (Мұңсыз, Мұқтажсыз)
Кімде-кім бұл есімді күн сайын 134 қайталаса,Алладан басқа ешкімге мұқтаж болмайды.
•Әс-Сәләм есімінің мағынасы (Бейбітшіл)
Кімде-кім осы көркем есімді күнде 131 рет қайталаса, аман-сау болады және қорқыныштарынан құтылады.
Кімде-кім ауру адамға "Я, Сәләм" деп 161 рет оқып дем салса,Алла қаласа, оған шипа береді.
•Әс-Сәмиғ есімінің мағынасы (Бәрін естуші)
Кімде-кім осы есімді күнде 180 рет қайталаса,Алла Тағала барлық дұғаларын қабыл алады.
🕌Салауат айту
Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис
соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту. Бұл жөнінде Имам Науаи: Пайғамбарға дұға салауат пен сәлем қоса айтылып жасалады. Бұл «Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер[6]»,-аятынан алынған[7],деген.
Риуаятта сахабалар пайғамбарымыздан ﷺ: уа, Алла елшісі! Сізге қалай
салауат айтамыз?,-дегенде пайғамбар ﷺ: «Аллоһумма солли ала Мұхаммадин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә солләйтә ала әли Ибраһимә, уә бәрик ала Мұхаммәдин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә бәрактә ала әли Ибраһимә, иннәкә Хамидум Мажид»,деп айтыңдар[8],-деген екен. Мағынасы: Аллаһым, Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына салауат еткендей рақымет ет.
🕌Кітап оқу
Біз ұсынатын кітап - "Пайғамбарлар тарихы" кітабы. Кітап жоғарыда көрсетілген.
🕌Шүкіршілік жазу
Күніне кем дегенде 20-дан астам шүкіршілік жазыңыз!!!
Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:
«Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар» (2:152).
«Сол уақытта Раббыларың: “Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады» (14:7).
Хадисте былай айтылған: «Ақиқатында, әрбір желінген тілім мен әрбір жұтым үшін Алла Тағалаға шүкірлік ететін пендесіне Ол міндетті түрде разы болады»