May 5, 2021

ЖИЫРМА ҮШІНШІ ТАПСЫРМА

Жиырма үшінші тапсырма

🌸Дұға

Алла Тағала «Бақара» сүресінің 186-аятында: «Егер де сенен (Мұхаммед) құлдарым Мен туралы сұраса, Мен оларға жақынмын. Менен сұраушының сұрағанын беремін. Ендеше Менің әмірімді орындасын және Маған сенсін. Мүмкін олар дұрыс жолға түсер» деген.

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала Ұялшақ

әрі Жомарт. Ол құлының созған қолдарын құр қай таруға ұялады», – деп айтқан (Әбу Дауд, Тирмизи). Келесі бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір мұсылман Алладан

күнәсіз күйде және ағайынмен араздаспастан дұға тілесе, Аллаһ оған үш нәрсенің бірін береді: сұрағанын береді немесе оны Қиямет күніне қалдырып қояды немесе сұрағанына тең келетін жамандықтан сақтайды», – деген.

1. «Я, Алла! Мені кешіре гөр, маған рақым ете гөр, мені тура жолға бастай гөр, мені Өзің оңдап, маған есендік бер. Маған ризық-несібе бер, әрі мені жоғары (дәрежеге) көтер».

«Аллаһуммә-ғфир ли, уәрхамни, уәһдини, уәжбурни, уа’афини, уәрзуқни, уәрфә-’ни».

🌸Истиғфар айту

Истиғфар – Алланың құлына деген үлкен мейірімі. Алла Тағала құлынан ешқашан бетбұрмайды, Оның кешірім есіктері үнемі ашық. Алла – Кешіруші, кешіргенді жақсы көреді. Сондықтан, тәубе етуді кейінге қалдырмай, дәл қазірден бастап Алланың кешіріміне ұмтылуымыз керек.

🌸 Алланың 3 көркем есімін жаттау

•Ар-Раууф есімі

Бұл есімді зікір етіп жүрген адамның жүрегі мейірімге толып,рухы жеңілдей түседі.


•Ар-Рахман есімі

Кімде-кім осы көркем есімді 298 рет айтып қайталаса,дүниеде және ақыретте Алланың сүйген құлы болады.

•Ар-Рахим есімі

Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді болады.

Бұл есімді рухани және материалдық ризық үшін күнде 258 рет оқуға кеңес беріледі.

🌸Салауат айту

Құран кәрімде былай делінеді:

«Аллаһ және періштелері расулуллаһқа салат етеді. Ей иман келтіргендер! Сендер де оған салат етіңдер, салауат айтыңдар.» (Ахзаб 56)

Аллаһтың салат етуі рахмет етуі, періштелердікі дұға етуі, мұсылмандардікі болса оның шапағатын сұрауы деген сөз.


Салауат қысқаша: “АЛЛАҺУММӘ САЛЛИ АЛА МУХАММӘД УӘ АЛА АЛИ МУХАММӘД” деп айту.


🌸Кітап оқу

Біз ұсынатын кітап - "Пайғамбарлар тарихы" кітабы. Кітап төменде көрсетілген.

🌸Шүкіршілік жазу

Шынайы шүкіршілік – Алла Тағаланың адам пешенесіне жазған кез-келген несібесі үшін разы болу. Иман Алла Тағала нәсіп еткен кез-келген нәтиже, кез-келген жағдай үшін Оған шүкіршілік етуден тұрады. Алла Тағалаға шүкіршілік етудің себептері көп, төменде солардың бірнешеуін келтірдік:

1. Алланың нығметі шексіз.

«...Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар...» .

«Жаратушы біреу, жарата алмайтын біреумен тең бе? Енді де түсінбейсіңдер ме? Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Рас, Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. Алла (Т.) жасырын және көрнеу не істегендеріңді біледі».

Шүкіршілік білдірмеу – шайтанның жетегінде кету.