May 7, 2021

ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ТАПСЫРМА

Жиырма алтыншы тапсырма.


🔹Дұға жасау

🔹Истиғфар айту

Истиғфар дегеніміз – жасаған күнә мен қателіктері үшін Алла Тағаладан кешірім сұрау.

Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) “сәййдил истиғфар” (истиғфарлардың ең көркемі) деп атаған дұғасы мынандай:
“Алла Тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын; күш қуатымның жеткенінше Сенің уәдеңе ұстануға тырысамын. Жасаған жамандықтарымның сорынан Саған сиынамын. Бойымдағы бар нығметтеріңді мойындаймын: күнәмді де мойындаймын. Мені кешір; себебі Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмас”. [Бухари, Дәават, 2].

🔹Алланың 3 көркем есімін жаттау

-Әт-Тәууәб есімінің мағынасы (Тәубені тез қабыл алушы)

«..Расында Ол – тәубені тез қабыл алушы әрі ерекше мейірімді» (Бақара, 37)


Осы көркем есімді көп мәрте қайталау арқылы, иншалла, алға қойған мақсаттар орындалады. Ал кімде-кім өзін жәбірлеген адамның қасында тұрып осы есімді ішінен 10 мәрте қайталаса, иншалла, жәбірлеушінің жәбірінен аман болады.

Сондай-ақ, осы көркем есімді күніне дұха намазынан кейін 360 мәрте қайталап жүрген жанды Алла Тағала шынай тәубенің жолына салады

-Әл-Уаали есімінің мағынасы(Әмірші)

Кімде-кім осы көркем есімді күн сайын 47 мәрте қайталаса,сөзі әсерлі және адамдардың сүйікті адамы болады.

-Әл-Уәдуд есімінің мағынасы(Ізгі құлдарын жақсы көруші)

Кімде-кім осы есімді күн сайын 20 рет қайталаса,адамдардың сүйіспеншілігіне бөленіп, барлық жерде құрметті болады және басқалардың дұшпандығы кетіп,арада достық сезімі орнайды.

🔹Салауат айту

Салауат айтпау – сараңдық.


- Аллоһуммә солли. «Аллоһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

🔹Кітап оқу

Біз ұсынатын кітап - "Пайғамбарлар тарихы" кітабы. Кітап жоғарыда көрсетілген.

🔹Шүкіршілік жазу

Рамазанда бөлек шүкіршілік дәптерін жазып, әр шүкіріңізді жазып отырыңыз.

Сіз шүкір еткен сайын Алла ризығын аямайды🤲