November 15, 2023

“Арқалан” Петроглифтер саябағы

Алматының Бас ботаникалық бағында Орталық Азиядағы тұңғыш “Арқалан” Петроглифтер қалалық саябағын құру жұмыстары қызу жүріп жатыр!

Болашақ саябақ аумағына киелі Аққайнар жерінен арнайы іріктеліп алынған тастар әкелінді. Атақты қазақ петроглифшісі Санжар Жұбанов оларды зерттей отырып түркі петроглифтерінің композицияларын жасауда пайдаланады.👌

Кеше бір топ алматылық журналистер мен блогерлер саябақтың қонағы болды. Санжар Жұбанов оларға өз өнерін көрсетіп, тарихта ізін қалдыратын әр шығарманың жасалу тарихы мен идеясына тоқталды. Қонақтар “Қасқыр тас” композициясына көңіл бөліп, арнайы тоқталды.

Саябақтың өзі белгілі ғалым Зира Наурызбаева, “Петроглиф аңшылары” қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ольга Гумирова және сәулетші Светлана Лизунова жасаған тұжырымдаманың негізінде жүзеге асырылуда. 🫶

Саябақ Алматы қаласының Бас ботаникалық бағының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасады. Онда 2500 шаршы метр аумақта Қазақстанның басты киелі жерлеріне тән Қазақстан даласының бірегей өсімдік ландшафты қайта жасалады.

Алматы қаласы Бас ботаникалық бақтың маркетинг және даму бөлімінің директоры Баян Қоспенбетова осы аймақтың өсімдіктерін сақтаудың маңыздылығы туралы айтты. Өйткені ол ата-бабамыздың тарихи мұрасымен бірге мәдени жадты қалыптастырады.

Мұнда Марко Поло жолын қуып келе жатқан Италиядан келген саяхатшы Vienna Camarota Guidance Gae да салынып жатқан саябақтың қонағы болды.

Жиын соңында “Бекен ата” қорының атқарушы директоры Бекбол Нұрмұханбетов ғылыми еріктілер жұмысының маңыздылығы мен олардың ғылымға және “Арқалан” саябағына қосқан үлесіне тоқталды.

Бұған дейін мүсінші Саид Айнековтың саябақ көрмесіне арналған стелалар жасағаны туралы айтқан болатынбыз. Олар петроглифтер мен басқа да бірқатар өнер нысандарының көрмесімен бірге түркі тарихы мен мифологиясынан сусындаған біртұтас көркемдік кеңістікті құрайды.


Саябақ “Петроглифтер аңшылары” бірлестігі мен “Ботаника және фитоинтродукция институты” РММ қызметкерлерінің бастамасымен құрылуда.

Парктің бірегей дендропланын институт қызметкерлері жасады. Ал оған таңдап алынған петроглифтерге ғылыми сараптама Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Александр Горячевтің қатысуымен жүргізілді.

Саябақ қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Жағыпаровтың қаржылық қолдауының арқасында құрылды. 🙏

“Арқалан” Петроглифтер саябағының ресми ашылуы 2024 жылға жоспарланған. Ашылғаннан кейін ол Алматы қаласының Бас ботаникалық бағына тегін беріледі.❤️