Петроглифтерді қалпына келтіру. “Қырым аралы”
Біз Қазақстанның петроглифтік мұрасының мәселелері туралы бірнеше рет жазғанбыз. Бірегей суреттер шоғыры табиғи түрде, шаруашылық кесірінен және вандалдар қолынан жойылу үстінде. Өкінішке орай, біздің замандастарымыз үшін петроглифтердің жанына немесе үстіне жазып-сызу үйреншікті құбылысқа айналды. 🤷♀️
Елімізде ата-бабаларымыздың мұрасын қалпына келтірумен “Қырым аралы” ғылыми-реставрациялық зертханасы айналысады. Оның негізін қалаушы әрі жетекшісі Қырым Алтынбеков – аты аңызға айналған тұлға, Эрмитаж реставраторларының мектебінен өткен адам. Археологиялық жәдігерлерді қайта жасап, қалпына келтірумен айналысатын реставратор.🙏
2023 жылы зертхана қызметкерлері “Таңбалы” мұражай қорығының петроглифтерін қалпына келтірді. Реставраторлар ерекше авторлық идеяларын пайдалана отырып, ежелгі суреттерге толы плиталарды заманауи вандалдар “ізінен” тазартты. Боялып, сызылған іздерді кетіру үшін арнайы еріткіштер, щеткалар жиынтығы және ағаш шпательдер пайдаланылды.
Металл заттармен бедерленген жазулар үлкен қиындықтар туғызады. Шындығында, Таңбалыдағы тастардың беті табиғи процестерге байланысты күңгірттенгенімен, тастардың іші ашық, сондықтан бедерленіп сызылған суреттер айқын көрінеді. Заманауи вандалдық суреттерді жасыру үшін тас ұнтағы мен композит қоспасы қолданылады. Олар химиялық жолмен түсі бірдей, суретсіз тасты үгітіп пайдаланады. Тас ұнтақтарының соңғы түсі химиялық реагент пен өңдеу әдісін таңдауға байланысты.
Содан кейін үгінділер жанындағы зақымданбаған патинаның түсіне байланысты таңдалады (тастар алуан түсті), ал вандалдық сызбалар дайын қоспамен жабылып, беті қажетті заттармен көмкеріледі.👍 Қырым Алтынбеков петроглифтерді өз бетімен тазалаудан сақтандырады: “Ескерткіштерді вандалдық жазудан тазартуға көмектескісі келетін көптеген жігіттерді көрдім. Бірақ, өкінішке орай, олар мұны қалай жасау керектігін білмейді. Біреулер құм себуді қолданады, кейбіреулері агрессивті еріткіштерді пайдаланады, сөйтіп қазіргі заманғы жазулармен бірге ежелгі петроглифтер де жойылуы мүмкін. Мұны тек кәсіби мамандар жасау керек екеніне сенімдімін. Жұмыстағы басты қағидамыз – зиян келтірмеу”. 👌
Алдағы уақытта біз “Қырым аралы” ғылыми-реставрациялау зертханасының еліміздің петроглифтік мұрасын сақтаудағы бірегей жұмысы туралы әңгімелейтін боламыз. 🫶
Фото “Қырым аралы” ғылыми-реставрациялық зертханасының мұрағатынан алынды.