Аққайнар
Біз еліміздегі ірі петроглифтік кешендер туралы айтуды жалғастырамыз. Солардың бірі – Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан Аққайнар.👍
Ол Алматы мен Жамбыл облыстарының шекарасында орналасқан. Аққайнар Қазақстанның республикалық маңызы бар киелі ескерткіштер тізіміне енгізілген. Алғашқы суреттер қола дәуіріне (б.з.б. XVIII-XII ғғ.) жатады.
Кешенді 2008 жылы Алексей Николаевич Марьяшев басқарған Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының экспедициясы ашқан. Қазіргі уақытта киелі орынның зерттелуі толық аяқталған жоқ. Мұнда қола дәуірінің, ерте темір дәуірінің және түркі дәуірінің көптеген көне қоныстары мен қорымдары тіркелген.👌
Алдын ала есептеулер бойынша кешенде 4 мыңнан 5 мыңға дейін сызба бар. Олар біздің дәуірімізге дейінгі XVIII ғасырдан бастап біздің дәуіріміздегі XIX ғасырды қоса алғанда, барлығы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды.
Бұл шоғыр бірнеше дәуірлер бойы - ХХ ғасырдың ортасына дейін қасиетті аймақ болып саналды. Аққайнардың кейбір петроглифтері, атап айтқанда, биіктігі 2 метрден 4 метрге дейін жететін өгіздердің бейнелері әлемдік маңызы бар көне өнердің жауһарлары болып табылады.☝️
Осыған дейін Аққайнардың аянышты халін бірнеше мәрте көтердік. Бұған вандализм актілері, техногендік әсерлер және басқа да бірқатар себептер ықпал етеді. Өкініштісі, ескерткіштің қирауы мемлекет тарапынан тиісті қорғаудың болмауынан орын алуда.
Аққайнар кешенінің киелі мұрасын жою кеңестік жылдардан басталды. Ескерткіш әскери полигонға іргелес орналасқан және әскери қызметкерлер өз есімдерін көне бейнелердің жанына, кейде тіпті үстіне сызып қалдырып отырған. 😕
«Петроглиф ізшілері» ҚҚ еріктілері Аққайнар кешенінің жағдайын үнемі бақылауда ұстайды.❤️