Таңбалы мұражай қорығының өгіздері
Таңбалы петроглифтері туралы сөз болғанда бірден көзге «күн басы» адамдар бейнелері оралады. Расында да, олар тек осы шоғырдың ғана емес, жалпы еліміздің басты белгісіне айналды. Бұл киелі орынмен тығыз байланысты тағы бір жартас өнерінің кейіпкері бар, ол - өгіз.☝️
Таңбалы киелі жерінде бұл жануардың жүздеген суреттері бар. Олардың көпшілігі қола дәуіріне жатады. Өгіз – ата-бабаларымыз тасқа түсіре бастаған алғашқы бейнелердің бірі. Алғашқы суреттер жануарлар жабайы болған кезеңнен басталады.🤔
Таңбалыдан адамдар мен иттердің бақылауында жайылып жүрген өгіздер мен үлкен табынның бейнелерін кездестіруге болады. Сондай-ақ бұқа мінген «күн басты» ерекше бейнелер бар. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтардағы ежелгі шумерлердің «Гильгамеш эпосында» көрініс тапқан Көктегі өгіздің ежелгі мифпен қандай байланысы болуы мүмкін.
Сондай-ақ құрсағындағы бұзауы көрініп тұрған буаз сиырдың ерекше бейнесі де кездеседі.👌
Өгіз – Таңбалы мен Қазақстандағы басқа да киелі жерлердің ғана емес, сонымен қатар шетелдегі петроглиф өнерінің ортақ кейіпкерлерінің бірі. Оның бейнесінде зерттелмеген көптеген құпиялар бар. Десе де, бұл жануарды ежелгі суретшілер асқан шеберлікпен бейнелегені таңғалдырады. Кейбір суреттер әлі күнге дейін бедерлеу техникасының филигранымен тәнті етеді. Уақыттың өзі оларға әсер етпегендей. 🫶
Суретті түсірген Анель Айбасова