May 30, 2024

Баянжүрек бақсыларының сыры

Ғалымдар бақсылықты палеолит дәуірінен бастау алатын діни ғұрыптардың ең көне көріністерінің біріне жатқызады. Дәл осы кезде адамдар әлемі мен рухтар әлемі арасындағы таңдаулы, ерекше қабілеті бар делдалдар, яғни жол көрсетушілер пайда бола бастады. Бұл көне наным-сенімдер Қазақстанның петроглифтік мұраларынан да көрініс береді.🤔
Қазақстандағы ірі петроглиф шоғырларының барлығында дерлік жануар кейпіндегі адамдардың бейнелері бар. ☝️
Олардың ішінде ежелгі адамдар үшін киелі саналатын қасқырдың немесе өгіздің бейнелері көп кездеседі. Десек те Жетісу өңіріндегі Баянжүрек шоғырынан табылған жеке тұрған бақсылардың бейнелері де бар. Бұлардың Қазақстандағы осыған ұқсас басқа петроглифтерден ерекшелігі неде, қола дәуірі сызбаларындағы әрбір деталь нені білдіреді және олардың өзге әлеммен байланысы бар ма? 🤷‍♀️
Осы және басқа да сұрақтардың жауабын «Петроглиф ізшілері» Қоғамдық қорының үйлестірушісі Ольга Гумированың QALAM Global порталындағы мақаласынан таба аласыздар. 👍

Баянжүрек шоғырынан табылған петроглифтердің кескіндері – Ольга Гумирова.❤️